Методы исследования сердечно-сосудистой системы: расспрос, осмотр и пальпация прекардиальной области, крупных и периферических сосудов. Перкуссия сердца



Дата10.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#498231
лекция №1Физиология каз.

Жүрек физиологиясы

Қан айналымы — организм тіршілігінің маңызды қызметтерін қамтамасыз ететін қанның тұйық жүрек - тамыр жүйесі арқылы үздіксіз қозғалысы. Негізгі қызметтері : - тасымалдау - тыныс алу - трофикалық - реттелу (гуморальдық ) - қорғаныстық - жылу алмасу

Қан айналу жүйесі тұрады:

  • Жүректен
  • қан айналысының үлкен шеңберінен
  • қан айналысының кіші шеңберінен

ЖҮРЕК Бұл жүйенің орталығы – жүрек. Ол насос тәрізді қанды сығымдап кан тамырларына айдайды да, қанның үздіксіз ағуын қамтамасыз етеді. Жүрек - үлкендігі адамның жұдарағындай (250-300 г), қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, жұмыр мүше.

Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері.

  • Автоматиялық.
  • Қозғыштық;
  • ӨткізгіштіК;
  • Жиырылғыштық;
  • Созылғыштық (эластикалық).

Автоматиялық қасиеті

Жүректің ырғақты соғуын, яғни жүрек етінде ешқандай тітіркергіш әсерінсіз өздігінен қозу импульстерінің пайда болуын автоматия деп атайды. Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі: миогендік және нейрогендік теория бар.

Жүрек автоматиясының миогендік теориясы бойынша қозу жүректің атипті еттерінде пайда болады, яғни жүректің автоматиялық касиеті оның ет тіндерінің қозуына байланысты.

Жүректің өткізгіш жүйесі

  • Синоатриалдық түйіні
  • Бахман будасы
  • Атриовентрикулярлық түйіні
  • Гис шоғыры
  • Гис шоғырының аяқшалары
  • Пуркинье талшықтары

Проводящая система сердца человека

Қозғыштық – жүрек етінің қозу үрдісін тудыру қабілеті.

Қозғыштықтың кезеңдері:

1. Абсолюттік рефрактерлік кезең (0,27 с).

2. Салыстырмалы рефрактерлік кезең

(0,03 с).

3. Супернормалдық кезең.

Жүрек етінің қозуды өткізу қабілеті - өткізгіштік.

Қозу жүректің өткізгіш жүйесімен қатар жүрек миоциттері арасында нексус байланыстары арқылы да тарайды. Бірақ қозу серпіні жүректің өткізгіш жүйесі арқылы тез өтеді. Қозу өткізгіш жүйе арқылы қаншама жылдам таралғанымен, жүрекше мен қарынша бір мезетте жиырылмайды: алдымен жүрекшелер содан соң (0,12-0,18 секунд кеш) қарыншалар жиырылады.

Қозудың өту жылдамдығы:

  • Жүрекшелерде (0,8-0,9м/с)
  • Қарыншаларда (1 м/с)
  • Гис шоғыры, Пуркинье талшықтарында (2-4 м/с)
  • Атривентрикульярлық кідіріс (0,02-0,04м/с)

Жиырылғыштық жүрек етінің тітіркендіргіш әсерінен ширығуы (қатаюы) немесе жүрек еті ұзындығының қысқаруы.

Жүрек етінің жауабы тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еті тітіркендіргіштің қозу табалдырығына бар күшімен жауап береді. Бұл заңдылықты Боудич ашқан. Оны «түгелдей не түк емес» («все или ничего») заңы деп атайды.

Тітіркендіргіш күшін біртіндеп одан әрі күшейткенде еттің жиырылу күші өзгермейді. Ал қозу табалдырығынан темен күшке жауап болмайды.


«түгел не түк жоқ» заңы

Экстрасистола – диастола кезінде әсер еткен тітіркендіргішке жүректің кезектен тыс жиырылуы.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет