Методические рекомендации по психолого-педагогической поддержке семьи


Отбасылар белсенді отбасы ретінде



Pdf көрінісі
бет14/94
Дата29.09.2023
өлшемі4.25 Mb.
#479241
түріМетодические рекомендации
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94
Инклюзия ата-аналар қолдауы

Отбасылар белсенді отбасы ретінде: әсіресе желіге немесе 
қауымдастыққа кіретін отбасылар білім беру жүйесін неғұрлым инклюзивті 
тәсілдер мен инклюзивті саясатқа жақындатуда жетекші рөл атқарады. Ата-
аналар топтары әсер етуі мүмкін кейбір іс-шараларды алға жылжуға дайын 
мектептер анықтайды, инклюзивті білім беруді қолдау үшін білім беру 
органдарымен байланыс пен серіктестік орнатады, жаңа ойлау мен жаңа 
тәжірибені енгізу үшін семинарлар мен мастер-кластар ұйымдастырады, 
сонымен қатар мұғалімнің біліктілігін арттыруға қолдау көрсетеді. 
Отбасылар инклюзивті білім беру процесіне қатысушы ретінде: осы 
нұсқа аясында ата-аналардың рөлі отбасына қосылуды және үйде балаларды 
оқыту мен дамытуды қолдауда ерекше атап өтіледі. Негізгі мақсат – отбасылар 
мен қоғамдық ұйымдардың инклюзивті білім беру тәжірибесін нығайтуы. 
Мектептер, отбасылар және қоғамдық ұйымдар серіктес ретінде: 
ақпарат алмасудан бастап, отбасы мүшелерінің үйде оқытуды қолдауға дейін 
өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктер бар. 
Отбасылардың басқа отбасыларды қолдауы: бұл, әсіресе, қоғамнан 
оқшауланған немесе мәдени не лингвистикалық тұрғыдан әртүрлі шығу тегі бар 
қиын өмірлік жағдайда өмір сүретін ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 
балалардың ата-аналары үшін ұсынылады. Бұл жағдайда жақсы әлеуметтік 
немесе білім беру жағдайына ие ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 
балалардың ата-аналарын қолдауы өте құнды болуы мүмкін. 
Отбасының мектептерді басқаруға қатысуы: шешім қабылдау 
процесіне, сондай-ақ білім беру ұйымының қызметін күнделікті басқару 
аспектілерін қолдауға отбасылардың қатысуын қамтиды. 
Соңғы зерттеулер көрсеткендей, отбасылардың құқықтары мен 
өкілеттіктерін кеңейту және оларға шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігін беру 
білім беру контекстіндегі өзгерістер процесіне тиімді үлесін қосады [21]. 
Отбасына нақты тапсырмаларды ұсынудың немесе ата-аналар үшін рөлдерді 
анықтаудың орнына, отбасын тарту идеясы ата-аналардың барлығына білім 
сапасын арттыру процесінің бөлшегі ретінде белсенді қатысуына негізделеді. 
Өзара әрекеттесу сындарлы да, тиімді де болуы керек, бұл барлық тараптар 
осы процесте өздерін ыңғайлы сезінгенде, әртүрлі рөлдер келісілген және 
түсінікті болғанда және ақпарат үнемі ашық және демократиялық түрде 
берілгенде мүмкін болады. 
Сондай-ақ барлық қатысушыларға өз үміттерін түсіндіруге, процестің 
күрделілігін түсінуге (жетістіктер, сондай-ақ түңілу мен кемшіліктер) және өзара 
әрекеттесу процесінің сапасын қалай жақсартуға болатындығын талқылауға 
мүмкіндік беру қажеттілігін ескеру қажет. 
Ата-аналарды қосу үшін активтерді анықтау мақсатында халықаралық 
бағдарламалардың авторлары келесі негізгі ойларды ұсынады: 
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баласы бар отбасымен өзара іс-
әрекет жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде қоғамда не бар екенін түсінуден 
және қабылдаудан бастау керек – бұл қоғамның қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін активтер. 


33 
- әлеуметтік капитал және әлеуметтік активтер секілді ұғымдар жеке 
адамдар мен топтардың өзара әрекеттесуі туралы әдебиеттерден пайда болды. 
Олар әлеуметтік капиталдың құндылығы бар және көбінесе әлеуметтік 
прогрестің тиімді өзгеруінің қалыптастырушы қағидасы болып табылады, теңдік 
пен әділеттілікке ықпал етеді және жеке тұлғалардың, отбасылардың және 
қоғамның қолайлы дамуына ықпал етеді [21]. 
- мүгедектер ұйымдары, ата-аналар ұйымдары, өзара көмек топтары, әртүрлі 
қоғамдық ұйымдар деңгейіндегі оңалту бағдарламалары және тәуелсіз өмір үшін 
қозғалыс инклюзивті стратегияларды жүзеге асыру үшін көптеген ресурстарға 
ие. 
Әлеуметтік капитал жеке және қоғамдық деңгейлерде де, қоғамның бірнеше 
қабатына қолжетімді «капиталдың» басқа нысандары секілді (мысалы, 
экономикалық, саяси немесе мәдени) әрекет етеді. Көптеген анықтамаларға 
қарамастан, әлеуметтік капитал жеке және ұжымдық мүмкіндіктерді таңдауға, 
мүмкіндіктерді арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін 
ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас пен әлеуметтік 
байланыстардың жиынтығы деген консенсус бар. Ол сенім мен өзара түсіністік 
нормаларына негізделген қатынастар мен әлеуметтік құрылымдар жиынтығынан 
түрады, олар өз кезегінде құндылықтармен және/немесе құқықтық нормалармен 
реттеледі [20]. 
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін ынтымақтастық пен 
өзара әрекеттестік бұрыннан бері өмір сүру стратегиясы, кейде әлеуметтік 
оқшаулануды жеңу стратегиясы болып табылады. 
Әрине, бала туралы ең көп білетін – ата-ана. Ата-аналар баласының 
мектептегі тарихын, оның оқу стилін, даралығын түсінеді. Инклюзивті 
мектептер ата-аналарды оқу процесінде серіктес ретінде көрсетеді. Кейде бұл 
серіктестік ата-аналардан еріктілер ретінде кеңес алу түрінде орын алады, бұл 
ЕБҚ бар баланы қатарластарымен бірге оқуын жеңілдетеді немесе үйде қосымша 
оқу іс-әрекетінде қолдау үшін пайдалы болады. 
Өзара ынтымақтастық біздің қоғамның ең құнды әлеуметтік активтерінің 
бірі болып табылады. Отбасылар мен ұйымдардың өзара әрекеттесу, өзара 
қолдау және оң тәжірибе дәстүрлері –дұрыс анықталған және тиімді қосылған 
жағдайда инклюзивті білім беруді қолдау ретінде пайдалануға болатын керемет 
актив. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар арасындағы ұжымдық 
активтердің кейбір мысалдарына келесілерді жатқызуға болады: 
- басқа отбасылардың тәжірибесін қолдана отырып, отбасыларға жиі кеңес 
беретін отбасылық ұйымдар, әсіресе ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 
баланың тәрбиесіне, әлеуметтену функциясының бұзылуының негізгі себебі 
болуы мүмкін ықтимал асқынулардың алдын алуға және мүмкін болатын 
шектеулерді азайтуға байланысты
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың тәрбиесіне, әлеуметтену 
функциясының бұзылуының негізгі себебі болуы мүмкін ықтимал 
асқынулардың алдын алуға және мүмкін болатын шектеулерді азайтуға 
байланысты басқа отбасылардың тәжірибесін қолдана отырып, отбасыларға жиі 
кеңес беретін отбасылық ұйымдар; 


34 
- жалпы білім беретін мектептер бұл балаларды білім беру процесіне 
енгізуден бас тартқандықтан жиі құрылатын, ерекше білім берілуіне 
қажеттіліктері бар балаларды күндізгі күтіммен және білім берумен қамтамасыз 
ету үшін отбасыларды тартатын жеке мектептер мен басқа да 
мамандандырылған оқу орындары; 
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен шеберханалар
олар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жастар үшін олардың дағдыларын 
дамыту мен жетілдіру және өздерінің «мүгедектігі бойынша» зейнетақыларына 
қосымша өз қолөнерінің арқасында табыс алу үшін қауіпсіз қолайлы 
жағдайларды қамтамасыз етеді; 
- әртүрлі мәселелер бойынша құрдастарының консультативтік көмек және 
қолдау көрсету үшін жиі қолданылатын өзара көмек және қолдау топтары; 
- мүмкіндігі шектеулі адамдар басқаратын тәуелсіз өмір орталықтары 
(мысалы: «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ). Олар көбінесе жақын арада 
бұзушылықтарға тап болған адамдарға кеңес береді, сонымен қатар ерекше білім 
берілуіне қажеттілігі бар жастарға өз дағдыларын дамытып, жетілдіруге және өз 
өнімдері арқылы табыс табуға мүмкіндік береді. Олар сондай-ақ ерекше білім 
берілуіне қажеттілігі бар адамдарға бұзушылықтардың түрлері бойынша 
қолдауды ұйымдастыруда, оның ішінде жеке көмекшілерді жалдауда көмек 
көрсете алады. 
Ата-аналармен ынтымақтастық пен өзара іс-әрекетті ұйымдастырудағы 
маңызды сәттер ретінде келесі маңызды тұжырымдарды атауға болады: 
- мектеп – отбасы өзара іс-әрекеті келесі жағдайларда әлдеқайда тиімді 
болып табылады: 
а) белсенді саясат отбасыларды тарту үшін басшылық ретінде ұсынылады
б) мұғалімдер де, отбасылар да бір-бірінің рөлін түсініп, құрметтейді. 
- құрылымдарды құруға және ата-аналарды тартуға және қоғамның 
қатысуына ықпал етуге бағытталған саясат инклюзивті білім беруде жиі 
кездеседі. 
- өзара іс-әрекет және ынтымақтастық қағидаттарына бірлескен қызметті 
ынталандыру және демократиялық шешімдер қабылдау, алдын-ала байланыс 
рәсімдері, жанжалдарды шешу, ұжымдық оқыту және жетістіктерді бірлесіп 
иелену кіреді [20]. 
Мүгедектердің 
құқықтары 
жөніндегі 
конвенцияда 
отбасыларды 
мектептерде де, қауымдастықтарда да инклюзивті процесті қолдауға тартудың 
маңыздылығын көрсететін саясат пен нормативтік құқықтық база бар. Дәл осы 4 
(3) бапта «мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, оның ішінде олардың 
ұйымдарының өкілдері арқылы балаларға кеңес беру және белсенді тарту» 
қажеттілігі атап көрсетілген [22]. Бұл ереже білім беруге нақты қолданылады. 
БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясы «отбасы 
қоғамның табиғи және негізгі ұяшығы болып табылады және қоғам мен 
мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы және мүмкіндігі шектеулі адамдар мен 
олардың отбасы мүшелері мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын толық 
және тең пайдалану ісіне үлес қосуға мүмкіндік беретін қажетті қорғау мен көмек 


35 
алуы тиіс» деп атап көрсете отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың 
құқықтарын қамтамасыз етудегі отбасының рөлін мойындайды [22] . 
ЕБҚ бар баланы оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналар мен қоғамның қатысуы 
үшін саясаттың, құрылымдардың және нақты мүмкіндіктердің болуы да 
маңызды рөл атқарады. Кейде бұл элементтер қазірдің өзінде бар және өзара 
әрекеттесу мәдениеті жылдар бойы дамып келеді, ал мұғалімдер мен отбасылар 
бірлесіп жұмыс істеуге үйреніп, әртүрлі рөлдерде өздерін жайлы сезінеді деуге 
болады. 
Алайда, кейде олай болмайды және өзара іс-қимыл, ынтымақтастық 
мәдениетін барлық мүдделі тараптардың тиімді қатысуын қамтамасыз ету үшін 
саясатпен және тиімді құралдармен бірге дамыту қажет. 
Ынтымақтастық кедергілерінің кейбір типтік мысалдары келесі 
мәлімдемелерді қамтиды: 
- инклюзивті саясат бар, бірақ іс жүзінде ол сақталмайды; 
- адамдар ынтымақтастық жақсы деп айтады, бірақ олар оны іс жүзінде 
қолдануға дайын емес; 
- саясат бар, бірақ оны іске асыруды қолдау үшін ресурстар қолжетімсіз; 
- педагогтер білім беру мәселелері бойынша шешім қабылдауға ата-
аналарды тартқысы келмейді; 
- ата-аналарды баласына байланысты проблемалар туындаған кезде ғана 
мектепке келуге шақырады. Нәтижесінде, мектеп жиналысына шақыру теріс 
коннотацияға ие және ата-аналар жиналысқа барғысы келмейді. 
Есте сақтау қажет тағы бір маңызды компонент – ЕБҚ бар балалардың ата-
аналары балаларын білім беру процесіне қосу үшін күрестің алдыңғы шебінде 
болуы мүмкін (көптеген жағдайларда), ал ата-аналардың кейбіреулері 
физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға теріс көзқараспен қарайды немесе 
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар өз балаларына қарама-қайшы сезімдер 
мен көзқарастарды сезінеді. Инклюзивті білім беру туралы отбасылардың 
көзқарастары аралас болуы мүмкін, әсіресе қарапайым мектептер әлі де сапалы 
инклюзивті білім бере алмаған кезде отбасылар сегрегацияланған ортаны 
таңдаулы балама ретінде қарастырады [22]. 
ЕБҚ бар балаларға инклюзивті білім беру проблемасы – кейбір ата-
аналардың баласына мектепте оқуға көмектесе алмауы. Сол себепті мұғалімнің 
отбасымен жұмысын ұйымдастыру кезінде ата-аналарды балалармен өзара 
әрекеттесу әдістерін үйрету, бірлескен қызметті ұйымдастыру арқылы белсенді 
қатысушылар ретінде білім беру процесіне тарту қажет. Психологиялық-
педагогикалық қолдаудың тиімділігі, ең алдымен, мектеп қызметкерлері мен ата-
аналардың уақытылы, жүйелі көмегіне және бірыңғай тәсіліне байланысты. 
Бұл жағдайда отбасы мен мектептің дұрыс өзара әрекеттесуі келесі 
мәселелерді шешеді: 
- ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесу тәсілдерін үйрету, бірлескен 
практикалық қызметті ұйымдастыру арқылы білім беру процесіне оның белсенді 
қатысушылары ретінде тарту; 

ата-ана ұстанымын өзгертуге жәрдемдесу және ата-аналарды 
коммуникацияның оң тәсілдерімен қаруландыру; 


36 
- ата-аналардың педагогикалық және дефектологиялық білімдері мен 
ұсыныстарының шеңберін кеңейту арқылы олардың тәрбиелік құзыреттілігін 
қалыптастыруға жәрдемдесу; 
- отбасылардың әлеуметтік кеңістігін кеңейтуге ықпал ететін ата-аналарды 
қоғамдастыққа біріктіру үшін жағдай жасау. 
Қазіргі мектепте дәстүрлі түрде ата-аналармен өзара әрекеттесудің келесі 
түрлері қолданылады: 
- ата-аналармен кездесу, танысу; 
- сауалнама; 
- жеке және топтық кеңестер; 
- ақпараттық стендтер; 
- ата-аналарға логопед пен психологтың кеңесі; 
- ата-аналар жиналысы; 
- психологиялық-педагогикалық консилиумдар; 
- «ерекше» балаларға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға 
бағытталған балалар мен ата-аналардың бірлескен мерекелері: сынып сағаттары, 
әңгімелесулер; 
– «қонаққа бару», ата-аналардык сабаққа қатысып, қысқа уақыт ішінде білім 
алушы ретінде не балаларға бірдеңе үйреткен маман ретінде сабақ барысында 
белгілі бір іс-әрекеттің тікелей қатысушысы болуы. Мұндай қабылдау, ЕБҚ бар 
бала мен оның ата-анасын «теңдей» дәрежеде қалай серіктесуге болатынын, 
сонымен қатар ата-аналардың балалармен қатынасында беделін қалай арттыруға 
болатынын түсінуге көмектеседі.
Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың бұл формалары ЕБҚ бар балалары 
бар отбасыларға қажетті білім мен практикалық көмек беруге мүмкіндік береді, 
бұл жұмыста оң нәтиже береді, балалар, ата-аналар мен тәрбиешілер арасында 
сенім, қолдау және өзара түсіністік атмосферасын қалыптастырады [23]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет