Методические рекомендации по психолого-педагогической поддержке семьи



Pdf көрінісі
бет2/94
Дата29.09.2023
өлшемі4.25 Mb.
#479241
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Инклюзия ата-аналар қолдауы

 



Кіріспе 
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру саясатының басым 
бағыттарының бірі мектептерде мектеп қоғамдастығының барлық мүшелерін 
«қамтитын» білім беру ортасын құруға және дамытуға мүмкіндік беретін 
атмосфераны қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан 
халқына Жолдауында: «Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың 
бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. 
Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы 
керек» деп атап өтті [1]. Білім беру ортасының сапасын жетілдіру жалпы білім 
беретін мектептер қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Жаңа
мектеп – бұл барлығына арналған мектеп. Білім беруді және ғылымды 
дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 
инклюзивті білім беру мәселелеріне де көп көңіл бөлінген, онда таяудағы бес 
жылдағы аса маңызды міндеттердің бірі «оқытудың қауіпсіз және жайлы 
ортасын қамтамасыз ету» болып айқындалған [2]. 
Кез келген мектепте барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім берілуіне 
қажеттілігі бар балаларды табысты әлеуметтендіру қамтамасыз етілуі тиіс. 
Мұндай тапсырманы орындай алмайтын дәстүрлі білім беру жүйесі жаңа 
өркениеттік сынақтарға жауап беретіндей өзгерістерді қажет етеді. 
Инклюзивті білім беру инклюзивті білім беру жағдайынан туындайтын 
оның субъектілерінің байланыстарының тұрақты конфигурациясын, ондағы 
әрбір субъектінің мінез-құлық үлгілерін, оны бағалаудың өлшемдері мен 
көрсеткіштерін көрсететін мәдени үлгі болуы тиіс. Күнделікті практика 
деңгейіндегі инклюзивті білім берудің құндылықтары, идеялары, қағидаттары 
мінез-құлықтың, өзара әрекеттестіктің стереотиптік схемасына айналуы тиіс. 
Инклюзивті білім беру кеңістігіндегі мінез-құлық пен өзара әрекеттестіктің 
мәдени үлгілерін құру, қалыптастыру тетіктерінің бірі – мұғалімнің ата-
аналармен өзара әрекеттестігі, олардың білім беру жағдайына ықпал ете 
алатындай қатысу позициясын дамытуы. 
Осылайша, инклюзивті білім беру барлық білім алушылардың әлеуметтенуі 
мен әлеуметтік кірігуін, нәтижесінде қоғамның бірігуін басты міндет ретінде ала 
отырып, бір-біріне құрметпен қарау, айырмашылықтарды түсіну және қабылдау, 
балаларды бірлесіп оқытуға дайын болу негізінде білім алушылардың әртүрлі 
санаттарының ата-аналарын біріктіруді және өзара әрекеттестіруді көздейді. Сол 
себепті инклюзивті білім беруде ата-аналардың рөлі өте маңызды, олардың жаңа 
білім беру жағдайына қатысты ұстанымы, қарым-қатынасы, дайындығы әр 
баланың психологиялық әл-ауқатын, инклюзивті білім беру кеңістігінің барлық 
қатысушыларының жайлылығын анықтайтын жағдайлар болып табылады.
Ата-аналардың санаты әртүрлі келетіндігін және әрдайым сыныптың ата-аналық 
қоғамдастығында қалыптасатын қатынастармен үйлесе бермейтінін есте ұстаған 
жөн. Инклюзивті білім берудегі ата-аналар қауымдастығының әртүрлілігі
ата-аналардың инклюзивті білім беру жағдайында баланы оқытуға 
дайындығында 
ата-аналар 
қауымдастығының 
жекелеген 
санаттарын 



сипаттайтын жалпы мәселелерді де, жеке мәселелерді де ерекшелеуге 
болатындығын көрсетеді [3]. 
Осылайша, жалпы проблемаларға келесілерді жатқызуға болады: барлық 
ата-аналардың инклюзивті білім беру шарттары, білім беру процесін 
ұйымдастырудың ерекшеліктері, барлық балаларды бірлесіп оқытудың 
әлеуметтік және жеке артықшылықтары туралы хабардар болуының төмен 
деңгейі; инклюзивтік білім беру жағдайларынан белгісіздік жағдай ретінде 
қорқу, білім беру сапасының төмендеуінен қорқу; барлық балалардың білім беру 
қажеттіліктерін ескере отырып, инклюзивті білім беру жағдайында тиімді жұмыс 
істей алатын педагогтің кәсіби құзыреттілігіне сенімсіздік білдіру; азаматтық 
қоғам нормаларын ұстануға мәжбүрлейтін әлеуметтік ынталандырушылардың 
әлсіздігі және қоғамды әлеуметтік норма ретінде саралауды қабылдау; баланы 
оқыту міндеттерін және командада жұмыс істеу құзыреттерін келісіп шешу 
қажеттілігінің қалыптаспауы [3]. 
Зерттеулерге және қолданыстағы тәжірибеге шолу ерекше білім берілуіне 
қажеттілігі бар бала ғана емес, сонымен бірге бүкіл отбасы баланың 
қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері туралы нақты идеялары бар баланың 
өміріндегі басты тірек ретінде психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік 
қолдауды қажет ететіндігін көрсетеді. 
Осы аспектіде әзірленген әдістемелік ұсынымдар ерекше білім берілуіне 
қажеттілігі бар білім алушыларға қатысты білім беру жүйесін және әлеуметтік 
процестерді жаңғырту жолдары бойынша ілгерілеу үшін қажетті болып 
табылады. 
Әдістемелік ұсынымдарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың, 
оның ішінде қашықтан оқыту кезінде дамуы үшін жағдай жасауда отбасы мен 
мектептің өзара әрекеттестігінің рөлі сипатталады. Әлемдік тәжірибе негізінде 
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың отбасымен жұмысты 
ұйымдастырудың табысты тәжірибелерінен мысалдар ұсынылды, ерекше білім 
берілуіне қажеттілігі бар баласы бар отбасын психологиялық-педагогикалық 
қолдау бойынша ұсынымдар ұсынылды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет