Методические указания форма
Ф СО ПГУ 7.18.2/05
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
050503 – психология бакалавр
мамандықтары бойынша оќитын студенттерге
«Жалпы психология 3» пәні бойынша
ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУЛАР
Павлодар
Лист утверждения Форма к методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05
БЕКІТЕМІН
ФЖжµ¤Ф деканы
________ Сарбалаев Ж.Т.
«___» ________ 200 ж.
Құрастырушы: аѓа оќытушы Кударова Н.А.
Психология және педагогика кафедрасы
«Жалпы психология 3»
пәні бойынша
ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУЛАР
050503 – психология бакалавр
мамандығы бойынша оќитыњ студенттер ‰шін
Кафедра мәжілісінде ұсынылды “___ ”_____________ 200 ж.
№ _____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _____________ Кертаева К.М
Филология, журналистика жєне µнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды “ ” . 200 ж. Хаттама №
ӘК Төрайымы ____________ Семенова М.В.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Кіріспе
Интеллектуалды (таным) процестер психологиясы - өзінің ұзақ даму тарихындағы эксперименталдық зерттеулерінде бай дәстүрге және үлкен қолданбалы мәнге ие жалпы психологияның құрамдас бір бөлігі.
Таным процестері сананың эксперименталды психологиясының шеңберінде XIX гасырда жалпы психологияның дербес бөлімі ретінде қалыптаса бастады.
Жалпы психологияның казіргі даму кезеңіндегі өзекті мәселелеріне -бұл оның теориялық- әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту; зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын зерттеу; өмірлік іс- әрекеттерінің субъктісі болып табылатын адамның жеке басынын дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық ғылымдардың көп қырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады.
Пәнді оқу мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттерді психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.
Міндеттері:
- окытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; - әртүрлі психологиялык фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;
-дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру.
Пәнді игеруде студенттер білуге тиісті:
- жалпы психологияның құрылу мен тарихы жайлы білімдер;
- жалпы психологияның қазіргі жаңа мәселелері;
-психологиялық құбылыстар мен процестердің негізгі
заңдылықтары жайлы білімдер.
Пәнді игеруде студенттер істей білуге тиісті:
- теориялық білімдерді практикада адекватты қолдану;
- зерттеу іс-әрекетіне деген дағдылар;
- кәсіби қарым-қатынас дағдылары.
Пререквизиттер:
- философия;
- психология тарихы;
- физиология;
Сабақ түрлері ұжымдық, топтық және жеке дара.
Курс аяқталған соң, меңгерілген білім бойынша студенттер емтихан тапсырады.
Теоретикалық курстың мазмұны
1 тақырып. Ес
Ес өткен тәжірибені сақтау, тану, қайта жаңғырту ретінде. Ес және болашақ. Ес кұбылыстары. Фенеоменді ес жағдайы. Ес және үйрену. Ес және зейін. Ес және жеке адам. Автобиографиялык ес.
Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Бейнелі ес. Эйдетикалық ес. Моторлы ес. Эмоциялық ес. Сөздік логикалық ес, оның сөзбен, ойлаумен байланысы. Естің индивидуалды психологиялық ерекшелігі.
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Адам қоршаған ортадан әсер алады, ал олар әртүрлі іздерді қалдырады, сақтайды, бекітеді, ал керекті кезде қайта жаңғыртады. Рубинштейн айтқандай: «Ес болмаса – біз бір мезетті ағза болу шедік. Біздің өткеніміз болашақ үшін болмау еді. Қазіргі уақытта болып жатқанның бәрі қайтарымысыз түрде өткенде қала беру шеді.»
Ес адам қабілеттерінің негізінде жатыр, және де ол үйретудің, білім алудың, дағды мен икемдерді қалыптастыруының шарты болып табылады. Ессіз жеке тұлға, қоғам дамымау еді.
Бір нәрсені еске сақтау – оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды. Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель болды. Ол ассоциацияларды тікелей елестетумен байланыстырды. Ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген Павлов болды. Ассоциация ми қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуіне байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекітіп отыратын уақытша байланыстар.
2 тақырып. Ес психологиясының негізгі заңдылықтары
Есте сақтаудың психологиялық заңдылығы және негізгі факторлары. Еске қалдыруға, сақтауга материалдың сипаттамасының әсер етуі (көлемнің, біртектілік дәрежесінің, материал ұғынымдылығының рөлі). Жаттығулардың рөлі. Эббингауз заңы. үйрену және ес, жаттығуларды уақыт бойынша бөлу.
Мотивациялық және эмоциялық реакциялар, ішкі дайындалудың рөлі. Мнемикалық тапсырмаға субьектінің қатынасы. Мотивация деңгейінің үйренуге, еске әсері. Іс-әрекеттің үзілісінің еске әсері. Зейгарник эффектісі. Аффективті реакциялардың еске әсері. Субьектінің материалды ұйымдастыруының мәні.
Ритмикалық, конфигурациялық және семантикалық топтау. Стимулды перцептивті ұйымдастыру: Жаттау тәсілінің еске, схемалар рөліне әсері. Ұмыту және реминисценция. Уақыт аралығында естің өзгеруі.
Эббингаузаның ұмыту қисығы және оның модификациясы. Ретроактивті және проактивті тежелу. Ниеттерді ұмыту. ұйымдаспаған ұмыту және ұмыту әрекет ретінде. ұмьггу теориялары.
Адамның ес процесін ұйымдастырудың негізгі принциптері. Адамның есте сақтау процесіндегі ассоциацияның рөлі. Ассоциация түрлері және заңдары. Мнемикалық процестерді өлшеу әдістері: жаттау, антиципация және сақтау. Ассоционистік ықпалды сынау.
Адам өміріндегі дағдыларды қалыптастыру рөлі. Дағдылар және ес. Үйрену заңдары. Бихевиористердің дағдыны кимылдарды қарапайым байластыру нәтижесі ретінде механикалық түсінулері.
3 тақырып. Естің когнитивті психологиясы
Ес информацияларды сақтау, қабылдау, трансформациялау ретінде. Сенсорлық регистр. Иконикалық, эхоистік ес. Қайталаудың рөлі. Қысқа мерзімді ес. Қысқа мерзімді естің құрылымы мен көлемі. Ұзақ мерзімді ес. Сана және қысқа мерзімді ее. Ее процестерін деңгейлі ұйымдастыру.
Құралдарды қолдану ес әрекетін ұйымдастыру принципі ретінде. П.Жаненің есте қалдыру тарихи дамуда адамдар таңдаған ерекше әрекет ретінде айтқан түсініктері. Ф.Бартлеттің ішкі концепциясындағы ішкі схемалардың ролі. Ес және сөз. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясындағы ес мәселесі. Есте қалдырудың жоғарғы функцияларын эксперименталды зерттеу.
Ее және іс-әрекет. Есте қалдырудың пәндік мазмүнына, бағытына, құрылымына, іс- әрекет мотивіне байланыстылығын экспериментті зерттеулер. Естің жеке адамның маңызды өмірлік міндеттерді шешуіне қатысуы, оның мотивациялық сфераның динамикасымен, құлысымен шарттануы.
4 тақырып. Сөйлеу психологиясы
Ұғынымды ойлау мәселесі, ойлау және сөйлеу. Лингивистикалық салыстырмалық болжамы, оның психологиялық аспектілері. Ойлау мен сөйлеудің генетикалық түбірі. Сөздік ойлау ойлау мен сөйлеудің бірлігі ретінде. Ойлау мен сөйлеудің сәйкес келмейтінін бекітетін аргументтер мен фактілер, олардың арасындағы қатынастардың дамуы.
Сөйлеуді психологиялық талдау. Психологияда сөйлеуді зерттеу ерекшелігі. Сөйлеу процестерінің 4 түрі: айту, тыңдау, оқу, хат. Психолингивистиканың әдістері мен негізгі мәселелёрі, сөйлеу іс-әрекет мен сөйлеу әрекет түсінігі.
Сөйлеудің түрі және функциясы. Ауызша, жазбаша, диалогты, монологті сөйлеу, ішкі сөйлеу. Сөйлеудің функциялары: коммуникативті, сигнификативті, экспрессивті, интеллектуадды.
5 тақырып. Сөйлеудің пайда болу теориясы
Грамматикалық деңгейде сөйлеудің пайда болу теориясы. Стохастикалық модель және оны Ч. Осгудтың модификациялауы. Н. Хомскийдің трансформациялық моделі.
Сөйлеуді қабылдау теориясы: акустикалық, моторлық,синтез арқылы талдау және т.б.
6 тақырып. Ойлау және сөйлеудің генетикалық түбірі
Ойлау –сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейлеленуі.
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
7 тақырып. Зейін
Зейін ұғымын анықтау. Зейін теориялары жэне олардың физиологиялық ерекшеліктері (Н.Н.Ланге, В.В.Вундт, И.П.Павлов, А.А.Ухтомский). Зейін анықтамасының көп жақтылығы. Басқа психикалық процестермен, құбылыстармен салыстыруда зейіннің өзіндік ерекшеліктері. Зейіннің психикалық статусы мен табиғаты жайлы пікір-талас. Зейіннің физиологиялық негіздері (бағдарлаушы реакция, доминанта, ми қабығындағы козу, екінші сигналды жүйе).
Зейіннің түрлері. Еріксіз, енжар зейін. Ізденгіш және зерттеуші іс-эрекет еріксіз зейін ретінде. Еріксіз зейінді шарттандыратын факторлер. Зейін алдындағы процестер, объектіні қабылдауға ішкі ыңғайлану.
8 тақырып. Зейін теориясы жэне оның физиологиялық механизмдері
Зейінді аудару және белу: Зейінді әр түрлі әрекетке бөлетін қабілетті анықтайтын факторлар. Еңбек іс-әрекетіндегі зейіннің аударылуы мен бөлінуі.
Зейін және іс әрекет. Іс-әрекеттің құрылымы және зейін. Зейіннің іс-әрекетті ұйымдастыру мен реттеудегі ролі. Зейін әрекетті қадағалаушы ретінде (П.Я.Гальперин). Автоматты және саналы бақыланатын процестер.
Зейіннің дамуы. Зейіннің даму сатылары, оларды анықтайтын фактолар. Зейіннің жоғарғы формаларының дамуы.
Зейінді зерттеудің қолданбалы аспектілері. Зейін барлық іс-әрекеттің маңызды шарты ретінде. Адамның әр түрлі іс әрекетіне қолданылатын зейіннің әр түрлі қасиеттерін бағалау және ескеру. Зейіннің дамуы, жас ерекшелігі факторлары. Шашыранқылық пен көңілдің аударылмауын жеңу.
9 тақырып. Эмоция психологиясы
Эмоция психологиясының күйі. Эмоциядағы психикалық бейнелеу ерекшелігі. Эмоциядагы биологиялык мақсатка сэйкестік. Эмоциянын танымдық процестерге қатынасы. Эмоцияның заттылығы. Эмоциялар және мотивациялық процестер. Эмоциялар іс-әрекеттің ішкі реттеушісі ретінде.
Эмоцияның мәні, құрылымы және функциялары. Эмоцияның сипаттамалары: модаль, интенсивтілік, валентілік, тереңдік. Эмоцияларды интерпретациялау және негізгі тенденциялар, олардың сипаттамалары. В. Вундтың сезімдердің үш өлшемді концепциясы.
Ч. Дарвиннің эмоцияның көрінуі туралы түсінігі. Джемс-Ланге теориясы және оның позитивтік психологиядағы эмоциялар туралы түсініктің дамуындагы ролі. Эмоцияның физиологиялық теориясы. И.П.Павлов эмоция туралы. Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Абульханова К.А. Психология познания и сознания личности. Москва-Воронеж, 1999.- 224 с.
-
Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2-х томах. - М. Педагогика, 1980.
-
Ананьев Б.Г. Психология чувственного познания. - М: Педагогика. • 1960.
-
Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. - СПб.: Питер, 2000.
-
Асмолов А.Г. Психология личности. - М.: Изд-во МГУ, 1 990 -376с.
-
Бодалев А. А. Личность и общение: Избранные труды. - М: Педагогика, 1983. -271с.
-
Веккер Л.М. Психика и реальность: единая теория психических процессов. - М: Смысл, 1998. - 685 с.
-
Вилюнас В. К. Психологические механизмы мотивации человека. - М.: МГУ, 1990.-288 с.
-
Выготский Л.С. Собр. соч.: В 6т. - М.: Педагогика, 1982-1984. -Т.2. -С.5-362. Т.З. -328с. Т.5 -С.34-48,153-168.
10.Ю.Гальперин П.Я. Введение в психологию. - М.: Изд-во МГУ,1999. -130 с.
11.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в психологию. - М.: Изд-во МГУ, 1996. -
336 с. 12.ГодфруаЖ. Что такое психология: В 2-х т. -М.: Мир, 1992. -496с. ІЗ.
12.Джакупов СМ. Психология познавательной деятельности. - Алма-Ата:
Изд-во КазГУ,1992.-195с.
13.Жариқбаев К.Б История казахской психологии (на казахском языке).-
14.Алматы: Изд-во "Казахстан", 1996. 15.Ждан А.Н. История психологии. От античности до наших дней. - М.: Изд-во МГУ, 1996. -367 с.
Қосымша әдебиеттір тізімі:
15.Ұлттық психология. Елікбаев Б.Н. А., Қазақ университеті. 1992
16.Ұлттық психологияныњ сипаты. Жукеш К. А., 1993
17.Қызықты психология. Алдамұратов Ә. А., Қазақ университеті. 1992
18..Курс общей возрастной и пед. психологии. М.В.Гамезо. М., Просвещение, 1982
19.Общая психология. А.В.Петровский. М., Просвещение, 1986
20.Общая психология. В.В.Богословский. т.б. М., Просвещение, 1981
21.Хрестоматия по общей психологии. МГУ, 1979
22.Практикум по общей психологии. М., Просвещение, 1990
23.Практикум по возрастной и пед. психологии. М., Просвещение, 1981
24.Психология. Немов Р.С. М.ѓ, Просвещение, 1996.
25.Жантану негіздері. Сәбет БАП-БАБА. А., Дәнекер 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |