Методические указания Форма
Ф СО ПГУ 7.18.2/05
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайгыров атындағы Павлодар мемдлекеттік университеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарих кафедрасы
Шет елдер Конституциялық құқығы пәні бойынша 050301 Құқықтану маманлығының студенттері үшін Курстық жұмысты жазу және рәсімдеу бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Павлодар
Лист утверждения Ф СО ПГУ 7.18.1/011
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Жұмыс оқу жоспарына сәйкес оқитын студенттер « Шет ел Конституциялық құқығы» пәні бойынша курстық жұмысын жазады.
Курстық жұмысты жазу « Шет ел Конституциялық құқығы» пәнін зерттеумен байланысты студенттердің өзіндік жұмыстарының бір нысаны.
Курстық жұмысының жазудың мақсаты студеннтерді оқу материалдары мен басқада қайнар көздермен өзіндік жұмыс істеуге үйрету, өзіндік ойлау қабілеттілігін тексеру, осы тақырыптар бойынша білімді бекіту және тереңдету болып табылады.
Курстық жұмыс мазмұнына қойылатын негізгі талаптар – оның дербестігі және шығармашылық ситапы. Оқулықтарды,мақалаларды механикалық түрде көшіріп жазуға жол берілмейді. Курстық жұмысының мәтінінде зерттелген қайнар көздерден сөздерді қолдануға болады,бірақ беттің астында оған сілтеме көрсетілуі керек.
2.Курстық жұмыстың құрылымы келесі бөліктерлен тұруы керек:
- алдыңғы бет;
- мазмұны;
-кіріспе;
- негізгі бөлім, тараудан, тармақтан,тармақшадан тұруы мүмкін;
- қорытында;
- қолданылған әдебиеттердің тізімі
2.1 Курстық жұмыстың алдыңғы беті.
Курстық жұмыстың алдыңғы бетінде келесі міліметтер көрсетілуі керек:
-
министрліктің аты;
-
жоғарғы оқу орнының аты;
-
« Курстық жұмысы» атты сөзден. Астында құжаттың әріптік-сандық белгісі көрсетіледі:
-
Оқу жұмысының тақырыбы;
-
Оқытушының аты жөні, ғылыми атағы, лауазымы;
-
Жұмысты орындаған студенттің аты-жөні, мамандығы, тобы;
-
Жазған жылы, жері («жыл» немесе «ж» сөзін көрсетусіз).
2.2 Курстық жұмысының мазмұны
Бақылау жұмысының мазмұны тарау, тармақтардың нөмірімен ахауы, беттің нөмірі көрсетіледі. Атауы «Жоспары» тақырыптың атауы сияқты беттің ортасына жазылады және нөмірленбейді.
2.3 Курстық жұмысының кіріспесі
Кіріспе курстық жұмысының бірінші бөлімі болып табылады. «КІРІСПЕ» сөзі тақыптың атауы сияқты, беттің ортасында жазылады және нөмірленбейді.
Кіріспеде студент келесі мәліметтерді көрсеу керек:
-
жұмыста жазылған ғылыми мәселенің қазіргі кездегі жағдайына сипаттама;
-
жұмыстың тақырыбын таңдаудың себебі практикалық және заң ғылымы үшін актуалділігі және маңыздылығын жазу;
-
жұмыстың мақсаты;
-
тақырып пәнінің шеңберін анықтау;
-
тақырыптың әдебиеттерді сипаттау деңгейі (тақырып бойынша шолу).
2.4 Курстық жұмысының мәтіндік бөлігіне талаптар.
Бақылау жұмысының мәтіні А-4 форматты ақ беттің бір жағына жазылады. (210х297) ГОСТ 1.02-68 бойынша). Мәтіндік бөлктің беттеріне жақша жүргізілмейді.
Әр бетте жақша қалдырылады. Жақшаның көлемдері: сол жағы – 30 мм кем емес; оң жағы – 20мм; жоғарғы жағы – 20мм; төменгі жағы – 20мм болуы керек.
Бақылау жұмыс компьютерде стандартқа сәйкес екі интервалмен басылуы керек, бетте 1800 белгі, шрифтің көлемі -14 болуы керек. Жұмыстың көлемі 15 беттен болмауы керек.
Алдыңғы бет рәсімдеу беті. Кейінгі беттер жұмыстың көлеміне сәйкес нөмірленеді. Беттің нөмірі араб санмен беттің оң жақ бұрышына қойылады. Бірінші және екінші бетке нөмір қойылмайды.
Нөмірлеуде кемшіліктер, қосымшаларды (2а,3а) қосуға жол берілмейді.
Тараулар, тармақтар, тармақшалар араб сандарымен нөмірленеді. Барлық құжаттың көлемінде тарауларды реттік нөмірі болуы керек, олар араб санымен нүктесіз жазылады. Тараулардың атауы бас әріптермен жазылады. Үлкен тақырыптың атауы екі жолға жақылады. Тақырыптың атауында сөздерді буынға бөлу және сызуға тыйым салынады.
2.5 Бақылау жұмысының қорытындысы.
Қорытындыда берілген тапсырма тұрғысынан жұмыстың нәтижелерін бағалаудан тұрады. Қорытындының мәтіндік бөлігінде. Жұмыстың нәтижелеріне заңи, ғылыми, әлеуметтік, танымдық құндылығы беріледі.
Сонымен қатар, қорытындыда студент қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты заңнаманы немесе заңи практиканы жетілдіру бойынша ұсынытардың, сондай-ақ осы салада ары қарай зерттеулерді жүргізудің бағытын көрсетуі керек.
«ҚОРЫТЫНДЫ» сөзі тақырыптың атауы сияқты бас әріптермен жазылып және нөмірленбейді.
2.6 Курстық жұмысындағы сілтемелер мен сноскалар
Сноска сөз орналасқан беттің астында жазылады. Бұл үшін сөздің үстінде сан қойылады да осы беттегі сөздің реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы:
1Голощанов С.А. Еңбек даулары. М., 1994, 10б.
Егер бір бетте бір ғана кітапқа сілтеме жасалса, онда екінші сноскада оның атауын толық атамай, келесідей атаумен шектелуі мүмкін:
Егер кітапқа басқа бетте сілтеме жасалса, онда оның авторы, ал атауының орнына «Көрсетілген шығарма» деп көрсетіледі. Мысалы:
Голощанов С.А. Көр.шығ.,186. Шет тілдегі кітаптар үшін «Көр.шығ.» сөзі «Орыс» сөзімен алмастырылады.
Нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасаудың өзінің ерекшелігі бар. Акт туралы мәтінде айтқан кезде және сілтеме жасаған кезде оның толық атауын, кам және қашан қабылданғаның, сондай-ақ сілтемеде қаәнар көзін көрсетуі керек.
Мысалы: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
Немесе: «Сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
Заңгазеті,1999,15 желтоқсан.
2 ҚР Жоғарғы Сотының жаршысы, 1995, №2,56 бет.
Нормативті құықытық актіні қайталанған кезде сұраққа қатысты бапты немесе тармақты міндетті түрде көрсеткен жөн. Мысалы: әСақстандыру туралыә Заңның 11 бабы негізінде.
2.7 Қолданылған қайнар көздердің тізімі
Қолданылған қайнар көздердің тізімі тақыптың атауы ретінде рәсімделеді де, бас әріптермен жазылады және нөмірленбейді. Қолданылған әдебиеттердің тізімінде құжаттың мәтінінде келтірілген сілтемеге байланысты жазу керек. Қолданылған қайнар көздердің тізімі жасаған кезде нормативті әр қатардың келесі тәртібін сақтау керек: Заңдар, жарлықтар, Үкіметтің қаулылары, басқа да нормативті актілер, кейін ҚР Жоғары Соты Пленумның қаулысы, практикаға шолу.
Қолданылған қайнар көздердің тізімі келесі тәртіппен рәсімделеді. Әр кітапта жазғанда келесі мәліметтер көрсетілуі керек:
А) автордың аты-жөні (авторлардың);
Б) кітаптың толық атауы (үтірден кейін, нүктеден арқылы, қос нүктеден кейін, жақшада тақырыптың атауымен);
В) кейін қисық сызықшадан соң – редактор туралы мәліметтер (егер кітапта авторлар тобы жазса);
Г) том туралы мәліметтер (жарияланған бөліктері жеке көрсетіледі, егер бар болса);
Д) тиреден кейін – кітаптың шыққан қаланың атауы;
Е) қос нүктелен кейін – кітаптың шығарған баспаның атауы;
Ж) үтірден кейін – шыққан жылы.
Мысалы, Козыри А.Н. Налоговое право зарубежных старн. – М.: Изд-во «Манускрипт», 1993 немесе Финансовое право: Учебник/Под ред О.Н.Горбуновой.-М.: «Юристъ», 1996.
Қолданылған қайнар көздердің тізімінде студент курстық жұмысында сілтеме жасаған әдібиеттер, сондай-ақ сілтеме жасамаған, бірақ дайындау барысында қолданған әдебиеттер көрсетіледі.
Мысалы:
-
Бархин А.С. Виндикация в гражданском праве.-М.: «Прагма» баспасы,2000.-124б.
-
Пухов Р.Н. Способы защиты гражданских прав: Оқу құралы.-А.:Жеті – жарғы, 2000.-1706.
Тақырыптың нұсқасын таңдау студенттердің фамилиясының бірінші әріпі бойынша жүреді.
1 – нұсқа А-Б
2 - нұсқа В-Г
3 – нұсқа Д-Ж
4 - нұсқа З-И
5 - нұсқа К-Л
6 – нұсқа М-Н
7 - нұсқа О-П-Р
8 – нұсқа С-Т
9 - нұсқа У-Ф
10 - нұсқа Х-Ц
11 – нұсқа Ч-Ш
12 - нұсқа Щ-Э
13 – нұсқа Ю-Я
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ
1 - тақырып. Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі.
Жоспар:
1 Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде. Конституциялық құқықтың пәні.
2 Шет елдердің конституциялық құқығының қайнар көздері, олардың түрлері мен ерекшеліктері.
3 Шет елдердің конституциялық құқығы оқу курсының жүйесі. Оның құқық саласының мамандары үшін маңыздылығы.
2 - тақырып. Шет елдердің конституциялары.
Жоспар:
1 Конституция - шет елердің конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі ретінде. Конституция түсінігі және мәні.
2 Шет елдердегі конституцияларды қабылдау тәртіптері. Конституциялық қадағалау.
3 Конституциялық қадағалау органдарының қалыптасу тәртібі. Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру нысандары.
3 - тақырып. Шет елдердегі басқару нысандары.
1 Шет елдердегі мемлекеттердің нысандарының сан түрлілігі, олардың себептері.
2 Басқару нысандары. Монархия, түсінігі және мәні түрлері.
3 Мемлекеттік құрылым нысандары, олардың жіктелуі. Мемлекеттік құрылым және ұлттық белгі. Унитарлық мемлекет, түсінігі мен белгілері.
4 Шет елдердегі саяси режимдер түсінігі және түрлері.
4 - тақырып. Шет елдердегі саяси партиялар және саяси жүйелер.
Жоспар:
1 Шет елдердегі саяси партиялар, олардың міндеттері мен функциялары. Партия және мемлекеттік ақпарат. Көппартиялылық және оның себептері. Саяси партиялардың қызметін құқықтық реттеу, социал демократиялық партия.
2 Шет елдердегі саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымының негізгі түрлері.
3 Шет елдердің саяси жүйелері.
4 Кәсіптік одақтар мен олардың міндеттері.
5 - тақырып. Шет елдердегі сайлау құқығы және сайлау жүйелері.
Жоспар:
1 Сайлау құқығының түсінігі мен қағидалары.
2 Сайлау үрдісінің сатылары.
3 Сайлау жүйелерінің түсінігі мен түрлері.
4 Референдум.
6 - тақырып. Шет елдердегі адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері.
Жоспар:
1 Шет елдердегі тұлға, қоғам және мемлекет.
2 Шет елдердегі конституциялық құқықтары мен бостандықтары. Олардың жіктелуі. Әлеуметтік, экономикалық құқықтар. Саяси құқықтар мен бостандықтар. Жеке бостандықтар.
3 Азаматтардың міндеттері. Шет елдердегі құқықтар мен бостандықтарды қорғауды қамтамасыз ету тәртібі. Құқықтар мен бостандықтардың конституциялық және соттық кепілдіктері.
7 - тақырып. Шет елдердегі мемлекет басшының құқықтық мәртебесі.
Жоспар:
1 Шет мемлекеттің органдарының түрлері мен олардың жіктелуі. «Биліктің бөліну» теориясы.
2 Мемлекет басшысы түсінігі мен мемлекет механизиміндегі орны.
3 Президент. Президенттің құқықтық тәртібі. Президентті сайлау тәртібі. Төте, жанама, көп сатылы сайлаулар.
8 - тақырып. Шет еледердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі.
Жоспар:
1 Парламент – шет елдердегі жоғарғы өкілді орган. Оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.
2 Шет елдердегі Парламенттердің нысанының сан түрлілігі. Парламенттің құрамы.
3 Парламенттердің қалыптасу тәртібі, оның құрылымы. Парламенттің өкілеттіліктері.
9 - тақырып. Шет елдердегі Үкімет.
Жоспар:
1 Үкіметтің мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.
2 Үкіметтің қалыптасу тәртібі және құрылымы.
3 Үкіметтің құзіреті мен оның функциялары.
10 - Шет елдердегі сот билігінің конституциялық негіздері.
Жоспар:
1 Сот билігінің ерекше белгілері.
2 Сот жүйелерін ұйымдастыру мен қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері.
3 Сот жүйесі мен өндірісінің түрлері.
4 Конституциялық бақылау мен конституциялық юстиция.
11 - тақырып. Шет елдердегі жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдары.
Жоспар:
1 Шет елдердегі әкімшілік-аумақтық бөлініс.
2 Жергілікті мемлекеттік органдар түрлері. Жергілікті органдар жүйесі. Жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі. Олардың өкілеттіліктері мен құрылымы.
3 Мемлекеттің орталық және жергілікті органдарының арақатынасы.
12 - тақырып. АҚШ-тың конституциялық құрылымы.
Жоспар:
1 АҚШ Конституциясы, оның сипаттамасы.
2 АҚШ-тың мемлекеттік билік органдар жүйесі, олардың құқықтық мәртебесі.
3 Тұлғаның құқықтық мәртебесі.
4 АҚШ сот жүйесі.
13 - тақырып. Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері
Жоспар:
1 Ұлыбританияның конституциялық актілерінің ерекшеліктері.
2 Тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері.
3 Мемлекеттік билік органдарының жүйесі, олардың құқықтық мәртебесі.
4 Ұлыбританияның сот билігі.
Достарыңызбен бөлісу: |