Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек корсету
туралы әдістемелік нұсқаулар
Методические указания по оказанию первой медицинской
помощи пострадавшим
Астана – 2009
ӘОЖ 614
ББК 51.1
326
Шығаруға жауапты:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету туралы әдістемелік нұсқаулар
«Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» ЕМК. Астана, 2009. – 69 б.
ISBN 978-601-278-017-8
Әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы негізінде заңнамалық актілер, мемлекеттік стандарттар мен басқа да нормативтік-техникалық құжаттама талаптарын есепке ала отырып өңделді.
Әдістемелік нұсқаулар қауіпті өндірістік нысандарды пайдаланатын кәсіпорындарда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған.
УДК 614
ББК 51.1
М 54
Ответственные за выпуск:
Республиканское государственное предприятие «Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности» Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Методические указания по оказанию первой медицинской помощи пострадавшим.
РГП «Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности». Астана, 2009. – 69 с.
ISBN 978-601-278-017-8
Методические указания разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан «О промышленной безопасности на опасных производственных объектах» с учетом требований законодательных актов, государственных стандартов и иных нормативно-технических документов.
Методические указания предназначены для оказания первой медицинской помощи пострадавшим на предприятиях, эксплуатирующих опасные производственные объекты.
З 4103000000
00(05) – 09
©РГП «ННИЦ» 2009
ISBN 978-601-278-017-8
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайларды
және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау комитетінің
2008 жылғы «22» қыркүйектегі
№ 39 бұйрығымен келісілген
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету туралы әдістемелік нұсқаулар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті бақылайтын өнеркәсіптерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылатын мөлшерді анықтайды.
2. Көмек көрсетуші:
адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларының бұзылуының негізгі белгілерін;
алғашқы көмек көрсетудің жалпы қағидалары мен зардап шегушінің алған жарақатына қолдану тәсілдерін;
зардап шегушіні тасымалдау мен көшірудің негізгі әдістерін біледі.
3. Көмек көрсетуші:
зардап шегушінің халін бағалай және оған ең алдымен қандай көмек көрсету керек екендігін анықтай;
жоғары тыныс алу жолдарының еркін өтуін қамтамасыз ете;
«ауыздан ауызға» («ауыздан мұрынға») жасанды тыныс алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасай және олардың тиімділігін бағалай;
қан кетуді таңғышты сала отырып, тамырды саусақпен баса отырып уақытша тоқтата;
жарақат алған жағдайда (жарақаттану, күйік, үсік, қатты ауыртып алу) таңғыш сала;
сүйек сынғанда, қатты ауыртқанда, термиялық жарақаттанғанда дененің жарақаттанған бөлігін жандандыра;
жылу немесе күн сәулесі соққанда, суға кеткенде, қатты уланғанда, құсқанда, есінен танғанда алғашқы көмек көрсете;
зардап шеккендерді тасымалдау, көтеріп шығару кезінде қол құралдарын пайдалана;
зардап шеккенді алғашқы жедел жәрдем машинасымен немесе жолшыбай көлікпен шығару тиімділігін анықтай;
алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкені пайдалана алады.
4. Алғашқы көмек көрсетудің реттілігі:
1) зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне қауіпті зиянды факторлардың ағзаға әсер етуін жою (электр тогының әсерінен босату, зиянды атмосферадан шығару, жанып жатқан киімді сөндіру, судан алып шығу), зардап шегушінің халін бағалау;
2) жарақаттың, зардап шегушінің өміріне қауіптіліктің сипаты мен ауырлығын және оны құтқару бойынша іс-шаралардың реттілігін анықтау;
3) зардап шегушіні жедел түрде құтқару бойынша қажетті іс-шараларды орындау (тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру, жасанды дем алдыру, жүректің сыртынан массаж жасау, қан кетуді тоқтату, сынған жерді анықтау, таңғыш салу және тағы сол сияқты);
4) зардап шегушінің негізгі өмірлік функцияларына медициналық персонал келгенге дейін жәрдемдесу;
5) жедел медициналық жәрдемді немесе дәрігерді шақырту немесе зардап шегушіні жақын орналасқан емдеу мекемесіне жеткізу шараларын қолдану.
5. Персоналдың тұрақты кезекшілік атқаратын орындарында:
1) алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті бұйымдар мен құралдар жиынтығы (дәрі-дәрмек сөмкесі);
2) алғашқы көмек көрсету, жасанды дем алдыру және жүректің сыртынан массаж жасау көрсетілген плакаттардың көрінетін орындарға ілінуі қамтамасыз етіледі.
6. Алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету үшін мынадай шарттар орындалады:
1) әрбір объектіде алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкелерде сақталатын бұйымдар мен құралдардың (объектіден тыс жұмыс істеген кезде) ақаусыз күйі мен олардың жүйелі түрде толықтырылып тұруы үшін жауапты тұлға (әр ауысымда) тағайындалады;
2) зардап шегушіге медициналық емес персонал көрсеткен көмек медициналық персонал тарапынан көмекпен алмастырылмайды және тек дәрігер келгенге дейін ғана көрсетіледі; бұл көмек қатаң түрде белгілі түрлерімен шектеледі («жалған» өлім кезінде тірілту шаралары, қан кетуді уақытша тоқтату, жарақатты, күйікті немесе үсікті таңу, сынықты анықтау және зардап шегушіні тасымалдау).
2-тарау. Күкірт сутегімен және күкірт газымен уланған кездегі алғашқы көмек
7. Н2S – шіріген жұмыртқаның иісі бар түссіз газ. Тұтану температурасы - 246° С. Тығыздығы 1, 54 кг/м3, желдетілмейтін төменгі орындарда жиналатын ауаға қатысты – 1, 19.
Суда жақсы ериді. Су ерітіндісінде әлсіз қышқыл болып табылады. Су мен күкірт газын (SO2) түзе отырып, көгілдір жалын түрінде жанады.
8. Күкірт сутегі – тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкелетін өткір жүйкелі у. Тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді. Судағы ерітіндісі теріге тиген жағдайда қызартады немесе қышыма болады.
9. Күкірт сутегінің сезілетін иісі 1,4 – 2,3 мг/м3 қосылымдарда байқалады, едәуір иісі – 4 мг/м3, ауыр иісі – 711 мг/м3 байқалады. Біршама жоғары қосылымдарда иісі онша ауыр емес, адамның бойы үйреніп кетеді.
10. 200-260 мг/м3 қосылымдарда көзді ашытады, көздің шырышты қабықшалары және жұтқыншақ тітіркенеді, ауызда металдың дәмі сезіледі, шаршағандық,бас ауруы, жүрек айну байқалады.
11. 750 мг/ м3 қосылымда 15-20 минутта уланады.
12. 1000 мг/м3 және одан астам қосылымда бірден өлімге әкелуі мүмкін.
13. Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт сутегінің шекті рұқсат қосылымы (бұдан әрі - ШРҚ) – 10 мг/ м3, көміртегімен қоспасында – 3 мг/м3.
14. Елді мекендердегі ауадағы күкірт сутегінің ШРҚ – 0, 008 мг/м3. Тұтану шегі 4,3-тен 45,5 % дейін (көлемдік).
15. Күкірт сутегімен улану ауыр зардапқа әкелуі мүмкін, ол үшін шұғыл шаралар қолданылады.
16. Уланудың негізгі белгілері –түйсіктің, тыныс алудың, жүрек және ас қорыту қызметінің бұзылуы. Уланған кезде оттегін алмастыру бұзылып, бас миының оттегі тапшылығына әкеледі.
17. Күкірт қышқылымен уланудың алғашқы белгілері: сүлесоқ күйде болу, көз қарығу, көздің ашуы, көз алмасы мен қастың қызаруы, жастың ағуы, тамақтың қабынуы, ауызда металл дәмінің сезілуі, жүрек айнуы болып табылады.
18. Күкірт сутегімен, күкірт газымен уланған жағдайда дереу жедел жәрдемді, ал қажет болған жағдайда – реанимациялық қызметті шақыртады.
19. Дәрігер келгенге дейін зардап шегушіні дереу газданған аймақтан таза ауаға немесе желдетілетін бөлмеге шығарады (алып шығу), ыңғайлы жатқызып, ішкі киімдерінен босатып, жылытады, ауыз қуысы мен жұтқыншақты тазалайды. Егер зардап шегуші есінен танбаса, онда дереу мүсәтір спиртін иіскетіп, қою шай немесе кофе беріледі, науқас ұйықтап кетпес үшін шаралар қолданылады. Зардап шегушіні газданған аймақтан шығару (алып шығу) газ қағар киіп жүзеге асырылады.
20. Күкірт сутегімен жеңіл уланғанда және жоғарғы тыныс алу мүшелері тітіркенгенде сода немесе минералды сілті суы қосылған жылы сүтті береді.
21. Көз ауырып тітіркенгенде (конъюктивит) көзді таза сумен немесе 2-3 пайыздық тағамдық сода ерітіндісімен жуу қажет, науқасты қараңғы бөлмеге жатқызып, көзіне қайнаған және суытылған вазелин және зәйтүн майынан 2-3 тамшы тамызады. Көздің айналасы қатты ауырғанда көзге салқын дәке басу немесе 0,5 пайыздық 1:100 адреналин қосылған қалыпты дикаин ерітіндісінен 2-3 тамшы тамызады. Күкірт сутегінің судағы ерітіндісі теріге түскен кезде дененің зақымданған аумағын ағынды сумен жуады.
22. Күкірт газымен уланған жағдайда көзді, мұрынды тағамдық соданың 2 пайыздық ерітіндісімен шаю қажет, мойынның айналасын жылы ұстайды. Жөтелгенде кодейн қолданып, тағамдық соданың 2-3 пайыздық ерітіндісімен жылы ылғалды ингаляция жасайды (күніне 10 минут сайын 2-3 рет).
23. Егер зардап шегушінің тыныс алуы тоқтаса, жасанды тыныс алу жасау керек. Жүрек соғысы сезілмесе, жасанды тыныс алуға қосымша жүректің сыртынан массаж жасалады. Әрқашанда жасанды тыныс алудан басталады.
3-тарау. Күкірт ангидридінің, меркаптандардың, көміртегі қос тотығының және күкірт көміртегінің қасиеті мен адам ағзасына әсері
24. Күкірт ангидриді (күкірт газы, күкірт қос тотығы) SO2 - өткір иісті түссіз газ. Қайнау температурасы - 10о C.
25. Ауаға қатысты тығыздығы – 2,2; судағы ерітіндісі қышқыл болып келеді.
26. SO2 тыныс алу жолдары мен көзді тітіркендіреді; ең көп қосылымы олардың жөтел, қырыл,тамақтың, кеуденің ашуы мен ауруы, жас ағу, мұрыннан қан кету түрінде талаурауына әкеледі. Тұншығу, бас саңылауларының қысылуы болғанда өлімге әкеледі.
27. SO2 иісінің сезілетін шегі – 3 мг/м3. Тамақтың тітіркенуі 20-30 мг/м3 қосылымда болады, көздің тітіркенуі – 50 мг/м3, 60 мг/ м3 қосылымда мұрын жарылып, түшкіру, жөтел байқалады, 120 мг/м3 небәрі 3 минутқа қана шыдай алады, 300 мг / м3 тек 1 минут шыдайды.
28. Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт ангидридінің ШРҚ – 10 мг/текше м, елді мекендердегі күкірт ангидридінің ШРҚ: орташа тәуліктік – 0,05 мг/м3, ең жоғары бір реттік – 0,5 мг/м3.
29. Төменгі молекулалы меркаптандар RSH – жеңіл ұшатын, түссіз, тығыздығы бірден төмен тез тұтанатын сұйықтық. Суда нашар ериді, спирт пен эфирде жақсы ериді, өзіне тән иісі бар.
30. Меркаптандар - өткір жүйкелі у, наркотикті белгісі бар, бұлшық ет ұлпаларының сал ауруын тудырады. Адам ағзасына тыныс алу жолдары, тері, шырышты қабықша арқылы өтеді.
31. Меркаптандардың аз қосылымында шіріген орамжапырақтың иісіне ұқсас иісі болады, жүрек айнуы мен бастың ауруына шалдықтырады. Біршама жоғары қосылымда құсу, іштің өтуі, несепте ақуыз бен қанның пайда болуы, сіңірдің тартылуы сияқты аурулардың пайда болуына әкеледі. Кейбір меркаптандар үшін алғашқы ретте қоздыру тән. Метил меркаптанның ШРҚ – 0,8 мг/м3, этил меркаптанның ШРҚ – 1 мг/м3.
32. Елді мекендердегі ауадағы метил меркаптанның ШРҚ – 9х10 мг/ м3.
33. Көміртегі қос тотығы (көміртегі ангидриді, көмір қышқыл газы) СО2 – қышқыл дәмі мен иісі бар түссіз газ. Тығыздығы 1,53 кг/м3 төменгі желдетілмейтін орындарда жиналады. Суда жақсы ериді. Судағы ерітіндісі нашар қышқыл болып табылады.
34. Көміртегінің қос тотығы адамға наркотикті әсері бар, теріні және шырышты қабықшаны тітіркендіреді.
35. Ең кіші қосылымдарда тыныс алу орталығын қоздырады, аса үлкен қосылымдарда езіп жібереді. Әдетте СО2 жоғарғы құрамы ауадағы оттегі аз құраммен байланысты, бұл тез өлімге шалдығуға әкеледі.
36. 2,5-5 % СО2 дем алғанда адамның басы ауырады, жоғарғы тыныс алу жолдары тітіркенеді, жүрек соғысы жиілей түседі, қысымы жоғарылайды. Ең көп қосылымдарда терлейді,құлағы шулайды, жүрек айнып, психиканың қозуына әкеледі, дененің температурасы төмендеп, көру мүмкіншілігі азаяды. Көміртегі қос тотығы ШРҚ 0,5 % (көлемдік).
37. СS2 күкірт көміртегі – жағымды эфир иісі бар түссіз ұшатын сұйықтық, ішінара жарыққа қонады, қонған өнімдерінің түсі сары және нашар иісі болады. Балқу температурасы 112°С, қайнау температурасы 43,3°С, тығыздығы 1,26 г/см3. Суда, эфирде, спиртте ериді, күкіртті, майды ерітеді. Жарылыс шығу қаупі бар, жарылыс шығу қаупі ауа қоспасымен қосылымында 1,25-50 % (көлемдік).
38. Күкірт көміртегі - өткір жүйкелі у, тыныс алудың тоқтауынан өлімге әкеледі. Тыныс алу жолдарының, көздің, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің тітіркенуіне әкеледі. Теріге тиген жағдайда тітіркендіреді, майды ысылтады, әжім түсіртеді, көбікшелер пайда болады.
39. Адамның күкірт көміртегін сезу шегі 0,04 мг/м3 астам қосылымда байқалады, 1000 мг/ м3астам қосылымда бас қатты ауырады, ең жоғары қосылымдарда тамыр қозғалысы бұзылады, бас айналып, сезім мүшелері бұзылады, сөйлей алмай қалады, тамағы ауырып, терісі түршігеді. 10000 мг/ м3 қосылымда бірнеше рет дем алғаннан кейін есінен танады. Жұмыс аймағы ауасындағы күкірт көміртегінің ШРҚ 1 мг/ м3 .
4-тарау. Электр тогынан зардап шегушіге алғашқы көмек
1-параграф. Электр тогының әсерінен босату
40. Электр тогымен зақымданған жағдайда зардап шегушіні токтың әсерінен тезірек босатылады, өйткені оның ұзақтығынан электрлік жарақаттың ауырлығы байқалады.
41. Қысыммен жұмыс істейтін ток бөлу бөліктеріне жанасу көп жағдайда бұлшық еттердің еріксіз тартылуына және жалпы қозуына әкеледі, бұл тыныс алу органдары мен қан айналу қызметінің бұзылуына және тіпті толығымен тоқтауына әкелуі мүмкін. Егер зардап шегуші қолында сымды саусақтарымен қатты ұстап тұрған болса, оның қолынан сымды босату мүмкін болмайды. Сондықтан ең алдымен зардап шегушіге алғашқы көмек ретінде электр қондырғының зардап шегуші ұстаған бөлігін дереу сөндір. Сөндіру ажыратқыш немесе басқа да жабдық арқылы, сондай-ақ сақтандырғыштарды (тығындарды) алу немесе айналдыру, штепсельдік қосқыштарды алу-салу арқылы жүргізіледі.
42. Егер зардап шегуші жоғарыда болатын болса, қондырғыны ажырату және оны токтан босату оның құлауына әкеледі. Бұл жағдайда зардап шегушінің құлауынан алдын алу немесе оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолданылады.
43. Электр қондырғысын ажыратқан жағдайда электр жарығын да бірге өшіреді. Осыған байланысы күндізгі жарық болмаған жағдайда электр қондырғысын өшіруді және зардап шегушіге көмек көрсетуді кешіктірмей бөлменің жарылыс, өрт шығу қауіптілігін ескере отырып, басқа көзден жарық беруді қарастырады (авариялық жарық беруді, аккумуляторлық шамды қосу).
44. Егер қондырғыны дереу өшіру мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні тоқтан босатудың басқа да шараларын қолданады. Барлық жағдайларда көмек көрсетуші өмірге қауіпті болғандықтан, сақтандыру шараларын қолданбай, зардап шегушіге жанаспайды. Ол тоқ бөлу бөлігімен байланыста болмау және кернеуде қалмау қадағаланады.
2-параграф. 1000 В дейінгі кернеу
45. Зардап шеккенді 1000 В дейінгі кернеулі тоқ өткізетін бөліктен немесе сымнан босату үшін электр тоғын өткізбейтін затты қолданады. Оны (егер ол құрғақ және денеден шешілетін болса) киімінен мысалы, қоршалған металл заттармен және зардап шеккеннің киімі жоқ жерлерімен жанасуын болдырмай пенжектің немесе пальтоның өңірінен, жағасынан тартып алуға болады.
46. Зардап шеккенді аяғынан тартып, көмек көрсетуші оның аяқ киіміне немесе киіміне өзінің қолдарын жақсылап оқшаулағанға дейін қол тигізбеуі керек, себебі аяқ киім мен киім дымқыл және электр тоғын өткізуші болуы мүмкін.
47. Көмек көрсетуші қолдарын оқшаулау үшін егер оған зардап шегушінің киіммен жабылмаған денесіне қол тигізуі қажет болса, электр тоғын өткізбейтін қолғапты киеді немесе оны оқшаулағыш материалмен орайды, зардап шеккенге резеңке төсенішті, резеңке қосылған материяны (плашты) немесе қарапайым құрғақ материяны жабады. Ол өзін сондай-ақ резеңке төсеніштің, құрғақ тақтайдың немесе электр тоғын өткізбейтін төсемнің үстіне тұрып оқшаулай алады.
48. Зардап шеккенді тоқ өтетін бөліктен электр тоғын өткізбейтін қолғапсыз ажырату кезінде бір қолмен әрекет жасау ұсынылады.
49. Егер тоқ электр тоғы жерге зардап шегуші арқылы өтетін болса және ол қолында тоқ өтетін элементті қатты қысса, жоғарыда көрсетілген өзіне және зардап шегушіге қатысты сақтандыру шараларын сақтай отырып, тоқты ажырату, зардап шегушіні жерден оқшаулау оңай болады, сымдарды құрғақ ағаш сабы бар балтамен шабуға немесе оқшауланған сабы бар құрал-сайманмен (тістеуіктермен, қысқыштармен) кесіп тастауға болады. Сымдарды асықпай шабу немесе кесіп тасталады, яғни әр сымды бөлек шабу немесе кесу және мүмкіндігінше тоқ өткізбейтін негізде, ағаш баспалдақта тұру ұсынылады. Оқшауланбаған құрал-сайманды оның сабын құрғақ материямен орап, қолдануға болады.
3-параграф. 1000 В жоғары кернеу
50. Зардап шеккенді кернеулігі 1000 В жоғары тоқ өтетін бөліктерден ажырату үшін, электрді өткізбейтін қолғапты және резеңке етіктерді кию және тиісті кернеуге есептелген штангалық немесе оқшаулағыш кемпірауыздармен әрекет жасалады.
51. Сонымен қатар, егер тоқ өткізетін бөлік (сым) жерде жатса, қадамның кернеулік қауіптілігі ескеріледі және зардап шегушіні тоқтың әсерінен босатқаннан кейін оны қауіпті аймақтан шығарылады.
52. Электро беріліс желілерінде, оларды қоректендіру бекеттерінен тез ажырату мүмкін болмаған кезде зардап шеккенді босату үшін егер ол сымдарға қатысты болса, оларға оқшауланбаған сымдарды тастау арқылы сымдардың қысқа тұйықталуы жүргізіледі.
53. Қысқа тұйықталу кезінде оның күйіп кетуін болдырмау үшін сымдардың жеткілікті қимасы болады.
54. Жиынтық жасау алдында сымның бір ұшы (жерге қосылатын құламаның металл тірегіне қосу) жерге қосылады.
55. Жиынтық жасау ыңғайлы болу үшін сымның бос ұшына жүк қыстырған дұрыс болады. Өткізгішті адамдарға, сонымен қатар көмек көрсетушіге және зардап шегушіге тимейтіндей етіп жиынтықталады.
4-параграф. Көмек көрсету
56. Зардап шегушіні электр тоғының әсерінен босатқаннан кейін оның қал-жағдайы бағаланады Зардап шегушінің қал-жағдайын тез анықтаудың белгілері болып мыналар табылады:
1) есін анық, жоғалтқан, бұзылған (зардап шеккен есінен танған), абыржыған;
2) тері қабаты мен көрінетін шырыштардың (ерін, көз) түсі: қызғылт, көгерген, боз;
3) тыныс алуы: тұрақты, жоқ, бұзылған (дұрыс немесе, жеңіл, сырылды);
4) ұйқы күре тамырының соғылуы: жақсы сезіледі, (қалыпты немесе қалыпты емес), нашар сезіледі, сезілмейді;
5) қарашықтары: жіңішке, ашық.
57. Белгілі бір деңгейде машықтанған көмек көрсетуші өзін-өзі ұстай білетін болса 1 минут ішінде зардап шегушінің қал-жағдайын бағалауға және оған қандай көлем мен тәртіп бойынша көмек көрсету қажеттігін анықтай алады.
58. Тері қабатының түсі мен тыныс алуын (көкірек қуысының көтерілуі мен түсуінен) көріп бағалайды. Ауыз бен мұрынға жылтырақ металл заттарды қойып алатын уақытты бос кетірмейді. Сонымен қатар, есін жоғалтуды көріп бағалайды және нақты көз жеткізу үшін қал-жағдайы туралы сауал қоюға болады.
59. Ұйқы күре тамырының соғылуын қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарының ұштарымен мойынына жұтқыншақ «көмекей жұмыры» пен иілгіш бұлшық еті арасына қою және омыртқаға ақырын ғана басу арқылы сезеді. Ұйқы күре тамырының соғылуын анықтау тәсілдерін өзіне немесе өзінің жақындарына істеп көруге болады.
60. Қарашықтардың жалпақтығын көздері жабық кезде мынадай тәсілдермен анықтайды: сұқ саусақтың ұштарын екі көздің үстіне қояды және оларды ақырын ғана көздің алмасына қарай баса отырып, жоғарыға көтереді. Мұндай жағдайда көздің саңылауы ашылады және ақ қабатында дөңгелек мөлдір қабық, ал оның дөңгелек формасының ортасында қара қабыршық көрінеді. Оларды мөлдір қабықта қанша орын алатынына (жіңішке немесе жалпақтығына) қарай бағалайды.
61. Есін жоғалту дәрежесін, тері қабатының түсін және тыныс алу жағдайын 1 минуттан аспайтын уақытты алатын тамырды ұстау арқылы бір мезгілде анықтауға болады. Қарашықтарды бірнеше секунд ішінде қарауға болады.
62. Егер зардап шеккен есін жоғалтса, тыныс алмаса, тамыры соқпаса, тері қабаты көгерген, қарашықтары (диаметрінде 0,5 см) жалпақ болса оны өлім аузында жатыр деп есептеуге болады және дереу «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілімен қолдан дем алдырудың және жүректі сыртынан массаждаудың көмегімен ағзаны тірілтуге кіріседі. Зардап шеккенді шешіндіріп, уақытты жоғалтудың керегі жоқ.
63. Егер зардап шегуші өте сирек және терең дем алса, бірақ оның тамырының соғылуы сезілсе, дереу қолдан дем алуды бастайды. Қолдан дем алдыру кезінде зардап шеккеннің көлденең жатуы міндетті емес.
64. Тірілтуге кірісіп, дәрігердің немесе жедел медициналық көмектің шақырылуы қамтамасыз етіледі. Мұны көмек көрсетуші емес, басқа тұлға істейді.
65. Егер зардап шегуші есінде болса, тұрақты дем алып және тамырының соғылуы сақталса бірақ оған дейін талып жығылған немесе ессіз жатса оны киімнен жасалған төсенішке жатқызады; дем алуына кедергі жасайтын киімін шешіп; таза ауаның берілуін қамтамасыз етіп, егер денесі салқын болса жылытып; ыстық болса, салқындауын қамтамасыз етіп, тамырының соғуын және дем алуын үздіксіз бақылап отырып, толық тыныштық сақтап; артық адамдарды шығарып жібереді.
66. Егер зардап шегуші ессіз жатса оның тыныс алуы бақыланады және тілінің артқа кетуіне байланысты тыныс алуы бұзылса саусақтармен төменгі жақты алдыға қарай жылжытып және тілдің артқа кетуі орнына келгенге дейін осы қалыпта ұсталады.
67. Зардап шегуші құсып бастаған кезде оның басы мен иығын құсықтық массаны шығару үшін солға бұрады.
68. Зардап шеккенге қимылдауға, тіпті жұмысын жалғастыруға рұқсат етілмейді. Өйткені электр тоғының әсерінен алынған көзге көрінетін ауыр зақымдардың немесе басқа себептердің (құлаулардың) болмауы оның қал-жағдайының кейінірек бұзылуын жоққа шығармайды. Зардап шегушінің денсаулығы туралы мәселені тек дәрігер ғана шеше алады.
69. Зардап шеккенді тек оның немесе оған көмек көрсететін тұлғаға қауіп төну одан әрі жалғасса немесе сол жерде (мысалы, тіректе) көмек көрсету мүмкін болмаған кезде басқа орынға ауыстырылады.
70. Зардап шеккенді жерге көмуге рұқсат етілмейді, себебі бұл оған тек зиян келтіреді және оны құтқаруға жұмсалатын алтын минуттардың өтуіне әкеп соғады.
71. Найзағаймен зақымданған кезде электр тоғымен зақымданған кездегідей көмек көрсетіледі.
72. Оқиға орнына дәрігерді шақыру мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізу қамтамасыз етіледі. Зардап шегушіні тек тыныс алу қанағаттандыратын және тамыры тұрақты соғатын кезде мүмкін болады. Егер зардап шегушінің қал-жағдайы оны тасымалдауға болмайтын болса, онда оған көмек көрсету жалғастырылады.
5-тарау. Жасанды дем алдыру
73. Жасанды дем алдыру зардап шегуші дем алмайтын немесе нашар (сирек, терең, өксігендей етіп) дем алатын кезде, сондай-ақ оның дем алуы: электр тоғымен зақымдануына, улануына, батуына байланыстылығына қарамастан үнемі нашарлаған болса жасалады.
74. Жасанды дем алдырудың ең тиімді тәсілі болып «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі табылады, себебі мұнда зардап шегушінің өкпесіне жеткілікті ауа көлемінің түсуі қамтамасыз етіледі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілдері көмек көрсетушінің ауаны зардап шегушінің тыныс алу жолдарына еріксіз беретін қолдан дем алдырудың үрлеу әдісі бойынша жасалатын тәсіліне жатады. Адамның ішіне тартатын ауасының физиологиялық тұрғыдан зардап шегушінің ұзақ уақыт бойы дем алуына жарамдылығы анықталған. Ауаны үрлеуді дәке, орамал, «ауа үрлегіш» - арнайы құрылғысы арқылы жүргізуге болады.
75. Жасанды дем алдырудың бұл тәсілі үрлегеннен кейін кеуде қуысын кеңейтуге және жәй дем шығару нәтижесінде оның сәйкес келуі зардап шегушінің өкпесіне ауаның түсуін оңай бақылауға мүмкіндік береді.
76. Жасанды дем алдыруды жүргізу үшін зардап шегушіні арқасына жатқызады, дем алуына кедергі жасайтын киімді шешеді.
77. Жасанды дем алдыруды бастар алдында бірінші кезекте арқасында ессіз жатқан кезде артқа кеткен тілмен жабық болатын жоғарғы тыныс алу жолдарының өту жолдарын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ауыз қуысында тыс (құсық массасы, орнынан шығып кеткен жасанды тістер, егер адам суға батқан болса құм, лай, шөп) болуы мүмкін, оларды орамалмен (матамен) немесе дәкемен оралған саусақпен алып тасталады. Осыдан кейін көмек көрсетуші зардап шегушінің басының жанына орналасады, бір қолын зардап шеккеннің мойынының астына салады, екінші қолының алақанымен барынша басын артқа итере отырып, оның маңдайын басады. Мұндай кезде тілдің түбі көтеріледі және көмейге ауаның кіруіне жол ашылады, ал зардап шегушінің аузы ашылады. Көмек көрсетуші зардап шегушінің бетіне еңкейеді, ашық аузымен терең дем алып, зардап шегушінің ашық аузын толығымен мықтап жабады, ауызға ауаны күшпен үрлеу арқылы бір мезгілде зардап шегушінің мұрнын маңдайдағы қолдың саусақтарымен немесе бетпен жаба отырып, жігерлі түрде дем шығарады. Міндетті түрде зардап шегушінің көтерілетін кеуде қуысын бақылайды. Кеуде қуысы көтерілген кезде ауа жіберу тоқтатылады, көмек көрсетуші бетін басқа жаққа бұрады, зардап шегуші жігерлі түрде дем шығарады.
78. Егер зардап шегушінің тамыры жақсы соқса және бірнеше қолмен дем алдыру қажет болса, онда қолмен дем алу арасындағы аралық 5 с (минутына 12 дем алу циклін) құрайды.
79. Кеңейтілген кеуде қуысынан басқа қолмен дем алдырудың тиімділігінің жақсы көрсеткіші болып тері қабаты мен шырыштың қызғылттануын, сондай-ақ науқастың ессіз күйден шығу мен оның өздігінен тыныс алуы табылады.
80. Жасанды дем алдыруды жасау кезінде көмек көрсетуші ауаның зардап шегушінің асқазанына түспеуін қадағалайды. Ауа асқазанға түскен кезде, бұған себеп ретінде іштің «төс шеміршегі асты» кебуі дәлел болатын жағдайда алақанмен ақырын ғана кеуде мен кіндік арасындағы ішін басады. Мұндай жағдайда құсық пайда болуы мүмкін, онда зардап шегушінің басы мен иығын оның аузы мен жұтқыншағын тазалау үшін бір жағына бұрады.
81. Егер ауаны үрлегеннен кейін кеуде қуысы керілмесе, зардап шегушінің төменгі жағын алға қарай итереді. Бұл үшін екі қолдың төрт саусағымен төменгі жақты екі жағынан қысып, бас бармақпен ауыздың төменгі бұрыштарына салмақ сала отырып, оны тартады және төменгі тістерінің үстіңгі тістердің алдында болатындай етіп, жақты алдыға тартады.
82. Егер зардап шегушінің жақтары мықты жабылған болса және ауызы ашылмаса ауызды толық жауып отырып, «ауыздан мұрынға» қолмен дем алдыруды жасайды.
83. Егер жазатайым оқиға люлькада, тіректе немесе діңгекте орын алса зардап шегуші өздігінен дем алмаса және тамыры соқса қолмен дем алдыруды отырған жерінде немесе тік қалпында жасауға болады. Мұндай кезде зардап шегушінің басын барынша артқа шалқайтады немесе төменгі жағын алдыға қарай тартады. Қалған тәсілдер дәл солай.
84. Кішкентай балаларға ауаны өзінің аузымен бір мезгілде баланың аузы мен мұрнын қоса жауып отырып, үрлейді. Бала қаншалықты кішкентай болса, оған соншалықты дем алу үшін аз ауа қажет және үлкен адаммен салыстырғанда үрлеуді (минутына 15-18 дейін) соншалықты жиілетеді. Сондықтан зардап шегушінің тыныс алу жолдарын зақымдап алмау үшін үрлеу толық емес және барынша баяу болады.
85. Қолмен дем алдыруды зардап шегушінің жеткілікті терең және өзіндік ритмді тыныс алуын қалпына келтіргеннен кейін тоқтатады.
86. Егер тыныс алумен қатар ұйқының күре тамыры да сезілмесе, қатарынан екі қолмен дем алдыру жасалынады және жүрек сыртына массаж жасауға кіріседі.
Достарыңызбен бөлісу: |