Методические указания по выполнению контрольной работы Мамандық: 5В071900 «Радиотехника, электроника мен телекомуникациялар»



Дата12.06.2016
өлшемі252.21 Kb.
#131071
түріМетодические указания




Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф2 және ШҚМТУ 701.01-01-1-2011


Сапа менеджмент жүйесі

Жұмыс бағдарламасы

(студенттерге арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы)


бет беттің




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

АТжЭФ деканы


___________Ғ.Х.Мұхамедиев

__________________ 2013 ж.

ӨЛШЕМ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКАНЫҢ НЕГІЗІ

Жұмыс бағдарламасы,

бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

ОСНОВЫ ЭЛЕКТРОННОЙ И ИЗМЕРИТЕЛЬНОЙ ТЕХНИКИ

Рабочая программа,

методические указания по выполнению контрольной работы

Мамандық: 5В071900 «Радиотехника, электроника мен телекомуникациялар»

Оқу формасы: сырттай

Өскемен

Усть-Каменогорск



2013
Жұмыс бағдарламасы, бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Прибор жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедрасында МЖБС ҚР 5.04.019-2011 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша жасалынған. 5В071900 «Радиотехника, электроника мен телекомуникациялар» мамандығының студенттеріне арналған негізгі ережелер және элективті пәндердің катологтары.

«Прибор жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедра отырысында талқыланған.


Кафедра меңгерушісі А.Е.Бакланов
№ хаттама 2013ж.

Ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.


Төраға Н.Г.Огаркова
Хаттама №____ ____________________2013 ж.

Жасағандар

Оқытушы К.АЕлеусизова

Нормоконтролер Т.В.Тютюнькова



  1. ПӘН СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ


1.1 Оқылатын пәннің сипаттамасы

«Өлшем және электронды техниканың негізі » курсы жоғарғы оқу орындарындағы студенттер үшін міндетті пән болып табылады және профильді пән ретінде енгізілген.




    1. Пәнді оқу мақсаты


Курстың мақсаты - Методология жүйесіне зерттеу және күрделі электронды құрылғыларға жобалау туралы түсінік беру.

Студенттерде аналогты электронды құрылғылардың схематехника негізі және олардың сараптау әдістерін, сонымен қатар аналогты электронды құрылғылардың түйіндерінің құрылуы мен таңдау дағдысы туралы білімді қалыптастыру.

«Ақпараттық- өлшемдер жүйесінің техникалық құралдары» пәні «Математика», «Физика», «Электрлік тізбектер теориясы» және т.б сияқты пәндердің теориялық негізінде қалыптасқан.

1.3 Пәнді оқыту тапсырмалары
Пәнді оқыту тапсырмалары:


  • оқушыларды электрониканың даму сатыларымен таныстыру, электротехниканың берілген бағыттағы спецификасын көрсету, цивилизациядағы даму рөлін айқындау;

  • электроникадағы элементті базасының жұмыс істеу принциптері туралы нақты білім беру;

  • студенттердің курсты оқу кезіндегі алған білімдерін өз бетінше кеңейтуін және тереңдетуін дамыту;

  • әр түрлі электронды құрылғыларды жасаудағы курстың қолданбалы бағытын өз бетінше қолдану үшін арттыру;

Білім:

  • Автаматтандырудағы технологиялық үдерістердің мақсаты мен тапсырмалары;

  • Электронды құрылғылардың жұмыс істеу принциптері, интегралды микросхемалардың құрылымы және жасау технолгиясы, инженердің практикалық қызметіндегі электроникадағы элементті базасының әр түрлі қолдану аспектілері туралы негізгі ұғымдарды білу;

  • Негізгі мінездемелерді және электронды құрылғылар мен микросхемалардың параметрлерін анықтай алу, электронды құрылғылар мен микросұлбаларда қарапайым электронды сұлбаларды құру;

Дағдылар:

  • Электронды құралдардың негізгі мінездемелрін алудағы дағдыларын үйрену;

  • Құралдарды нақты қолдану үшін элементті базаны таңдай білу;

  • Жүйенің жұмыс істеу қабілетін диагностикалау;

Құзырлар:

Ортақ мәдениетті құзырлар (ОМҚ)

Ортақ білім бағдарламасын оқып-үйренудің нәтижесінде 5В071900 «Радиотехника, электроника мен телекомуникациялар» мамандығы бакалавриат түлегі ортақ мәдениетті құзырларды (ОМҚ) білуі тиіс:



  • Мәдениетті ойлау қабілетін еие болу, ортақтандыруға, сапартамаға, ақпаратты қабылдауға, мақсат қоюға және оған қол жеткізуге жолын таңдауға қабілеті (ОМҚ-1);

  • Жазбаша және ауызша сөйлеу мәнерін түсінікті, дәлелді және ойын дұрыс жеткізе алу (ОМҚ-2);

  • Әріптестерімен кооперациялау, коллективте жұмыс істеу қабілеті (ОМҚ-3);

  • Стандартты емес жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу және сол үшін жауап беруге дайын болу қабілеті (ОМҚ-4);

  • Өз қызметінде нормативті құқықты құжаттарды қолдана білу қабілеті (ОМҚ-5);

Өзін-өзі дамытуға талпыну, өз квалификациясын және шеберлігін көтеруге қабілеті (ОМҚ-6);

  • Өз жетістіктері мен кемшіліктерін критикамен бағалау, бағыттарды айқындау және кемшілктерді жою мен жетістіктердің туындауына байланысты құралдарды таңдай білу қабілеті (ОМҚ-7);

  • Өз мамандығының әлеуметтік мәнін білу, кәсіби қызметтің орындалуына жоғарғы мотивацияға ие болу қабілеті (ОМҚ-8);

  • Әлеуметтік маңызы бар проблемаларды және үдерістерді сараптау, кәсіби және әлеуметтік тапсырмаларды шешу кезіндегі гуманитарлық, экономикалық және әлеуметтік ғылым әдістері мен негізгі қалыпты қолдану қабілеті(ОМҚ-9);

  • Теориялық және тәжірибелік зерттеу, модельдеу және математикалық сараптау әдістерін қолдану, кәсіби қызметте табиғи ғылыми пәндердің негізгі заңдарын қолдану қабілеті (ОМҚ-10);

  • Қазіргі заманға сай ақпараттық қоғамның дамуында мағлұматтардың болуы мен мәнін түсіну, үдеріс кезінде пайда болатын қауіп-қатерді тусіну,ақпараттық қауіпсіздіктің, сонымен бірге мемлекеттік құпияларды қорғаудың негізгі талаптарына ие болу қабілеті(ОМҚ-11);

  • Ақпаратты қайта өңдеу, сақтау, оны алудыңқұралдарымен жолдарын, негізгі әдістеріне ие болу, ақпаратты басқару құрылғы ретінде компьютерде жұмыс істеу дағдысына ие болу қабілеті (ОМҚ-12);

  • Компьютерлік жаһандану желілеріндегі ақпараттармен жұмыс істей алу қабілеті (ОМҚ-13);

  • Шетел тілдерінің біріне сөйлеу деңгейінде ие болу қабілеті (ОМҚ-14);

  • Стихиялық апат, катастрофа, аварийлардың мүмкін болатын салдарынан өндірістік адамды және халықты қорғаудың негізгі әдістеріне ие болу (ОМҚ-15);

  • Толыққанды кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін физикалық дайындықтың қажетті деңгейіне жету дайындығы, денсаулықты нығайту және өз бетінше физикалық тәрбиенің әдістерін қолдану құралдарына ие болу (ОМҚ-16);

  • Мәдениетті салт-дәстүрлерге және тарихи мұраға құрметпен аялап қарау қабілеттілігі, мәдениетті және әлуметтік айырмашылықтарды толерантты қабылдау (ОМҚ-17);

  • Тарихи үрдістердің заңдылықтары мен қозғалыс күштерін түсіну қабілеттілігі, зорлық-зомбылықтың тарихтағы рөлі, тарихи үдерістегі, қоғамдағы саяси серітестіктегі адамның орны(ОМҚ-18);

  • Әлеуметтік және жеке маңызы бар философиялық проблемаларды, дүниетанымды сараптау және түсіну қабілеті (ОМҚ-19);

Кәсіби құзырлар (КҚ)

а) ортақ кәсіби:

- қазіргі заманғы барабарлық білім дәрежесіне негізгі қалыпты білім негізінде әлемдік ғылыми суреттерді, заңдарды және математикамен табиғи ғылымның әдістерін көрсету қабілет (КҚ-1);

- кәсіби қызмет барысында туындайтын табиғи-ғылыми негіздегі проблемаларды айқындау және оларды шешу үшін сәйкес физика-математикалық ақпаратты қарастыру(КҚ-2);

-өзінің кәсіби қызметіндегі өлшеуін және ақпарттық технологияның, өлшеуіш және есептеуіш техниканың, электроникалық дамуымен заманауи тенденциясының есептеу дайындығы(КҚ-3);

- Электрлік тізбектің мінездемесін есептеу және сараптау тапсырмаларын шешуші әдістеріне ие болу қабілеті (КҚ-4);

- Тәжірибелік мағлуматтарды көрсету және өңдеу тәсілдерінің негізіне ие болу қабілеті (КҚ-5);

- Технология мен техника, шетелдік және отандық ғылымды қолдану, зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жүйелеу, сараптау, өңдеу және жинау қабілет (КҚ-6);

б) жобалау-кұрылымдық қызмет:

- жобалардың техника-экономикалық қамтамасыз етілуін тұспалдап жүргізу қабілеті (КҚ-7);

- әр түрлі функционалды бағыттардағы құрылғылар мен сұлбаларды, есептеу мен жобалауға арналған электронды құралдардың берілген мәндердіне сараптама және жинақтама жасау қабілеті(КҚ-8);

- Автоматтандыру жобаларының құралдарын қолданудағы техникалық тапсырмаарға сәйкес әр түрлі функцианалды сұлбалармен құрылғыларды, электронды құрылғыларды есептеу мен жобалауды орындауға дайындығы (КҚ-9);

-Аяқталған жобалық-құрылымды жұмыстарды рәсімдеу, жобалық және техникалық құжаттарды дайындау қабілеті(КҚ-10);

- Стандартқа, техникалық шартқа және басқада нормативті құжаттарға сәйкес жасалатын техникалық құжаттар мен жобаларды бақылау сәйкестігін жүзеге асыру дайындығы (КҚ-11);



в) өндірістік технологиялық қызмет:

- өндіріске нәтижесін енгізу дайындығы (КҚ-12);

- электронды техниканың материалдары мен бұйымдарын өндірудің технологиялық дайындығының жұмысы бойынша қабілеті (КҚ-13);

- құжаттарды дайындау және кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесінің жұмыстарын қатысу қабілеті (КҚ-14);

- электронды техниканың материалдары мен бұйымдарын өндірудің метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру дайындығы (КҚ-15);

- экологиялық қауіпсіздікті бақылауды жүзеге асыру қабілеті (КҚ-16);



г) ғылыми зерттеу қызметі:

- Наноэлектроника және электроника саласындағы, зерттеу тематикасы бойынша отандық және шетелдік ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, сараптау, жүйелендіру қабілеті (КҚ-17);

- Қарапайым физикалық және математикалық құрылғылар модельдерін, сұлбаларын, әр түрлі функционалды тағайындалған электроника және наноэлектроника құрылымдарын, сонымен қатар компьютерлі модельдеудегі стандартты программалық құралдарды қолдану қабілеті (КҚ-18);

- Экспериментті зерттеу параметрлерінің және құрылғылардың мінездемесін, сұлбаларын, электроникадағы құрылғылары мен құрылымдары және наноэлектроникадағы әр түрлі функцианалды тағайындаудың тиімді әдісін практикада дәлелді таңдау және жүзеге асыру қабілеті (КҚ-19);

- Материалдарды ғылыми есеп беру, жариялау, тұсаукесер ретінде таныстыру және зерттеу нәтижесін сараптау мен жүйелендіру қабілеті (КҚ-20);

- Зерттеулердің нәтижесін және құруын енгізу қабілеті және де интелектуалды меншікті объекттерін қорғау құқықтарын ұйымдастыру (КҚ-21);



д) ұйымды-басқару қызметі:

- Кіші топтардың орындаушыларынң жұмысын ұйымдастыру қабілеті (КҚ-22);

- Бекітілген форманың орналасқан есебінде ұйымдастыру-техникалық құжаттарды (жұмыс сұлбасы, жоспар, қолдану тәсілі, смет) жасауға қатысу дайындығы (КҚ-23);

- Техникалық құралды, жүйелерді, үдерістерді, материалдарды және құрылғыларды сертификаттау саласында тапсырммаларды орындау қабілеті (КҚ-24);

- өндірістік зақымдаудың кәсіби аурулардың экологиялық бұзылулардың алдын алуының профилактика тәсілдеріне ие болу қабілеті (КҚ-25);

е) монтажды-құрастыру қызметі:

- әр түрлі ғылыми-техникалық, технологиялық және электроника және наноэлектроника саласындағы кәсіби тапсырмаларды шешу үшін қолданатын диагностикалық, техникалық жұмыс істеу қабілеттілін тексеру, құрастыру қабілеті (КҚ-26);



- электронды техникалардың материалдар және өнімдердің тәжірибелі үлгілерін пайдалануға тапсыру және сынауға, монтажға қатысу дайындығы (КҚ-27);

ж) Сервистік-пайдаланушы қызметі:

- диагностикалық, өлшеуіштік, техникалық құрылғыларға сервистік қызмет көрсету қабілеті (КҚ-28);

- Құрылғының техникалық жағдайы, оның профилактикалық қарауы және жөндеуіне регламенттік тексеруді жүзеге асыру дайындығы (КҚ-29);

- шығын материалдары мен тетік қорларына тапсырыс құру, сонымен қатар апаратураның тексеру және дәлдеу қабілеті (КҚ-30);

-қолданылатын техникалық құрылғылардың және қызмет етуші персонал үшін программалық қамтамасыз етуін эксплуатация бойынша қолдану тәсілін құру қабілеті(КҚ-31);

Кәсіби-мамандандырылған құзырлар (КМҚ):

  • Кәсіби тапсырмаларды шешуде математикалық модельдеудің негізгі тәсілін қолдану қабілеті; өз бетінше инженерлік сұрақтарды зерттеу үшін математикалық әдебиеттерді қолдану (КМҚ-1);

  • Техниканы мінездемесімен қоса аппаратураға материал таңдау қабілеттілігін сыртқы факторларлың қасиеттеріне әсері (КМҚ-2)

  • Электронды және микроэлектронды техникада қолданатын материалдың технологиясын наноэлектронды құрылғылардың есептерінің әдістерінің материалдары; наноқұрылымның физикалық қасиеттерін зерттеу әдістерін, наноэлектрониканың теориялық сараптамалық физикалық үрдісінің әдісін қолдану; физикалық жүйенің қасиеттерін төмен өлшемдікпен қолдану дайындығы (КМҚ-3)

  • Физикалық құбылыстардың және үрдістердің қатты денеде болуын түсіндіру; сараптама жасау және физикалық үрдістердің параметрлеріне мөлшерлі баға беру; бос электронды газдың жақындауындағы қатты денелергекинетикалық есептік мінездеме беру қабілеті (КМҚ-4)

  • Вакуумды және плазмалы электроника құрылғылары мен құрылымдардың жұмысының негізінде жатқан компьютерлік модельдеу және эксперименттік зерттеуде физикалық үрдістерді теориялық анализ ретінде алған білімдерін қолдану; микротолқынды электронды рпиборлар мен құрылғылардың негізгі параметрлері мен сипаттамаларын есептеу, нақты қолдануға арналған приборларды тиімді таңдауды орындау; алған білімді оптикалық және кванттық электрониканың приборлары мен құрылғыларының жұмыс істеу принциптерін түсінуге қолдану, және де ақпаратты беру және өңдеуде оптикалық әдістер (КМҚ-5);

  • жобалаудың таңдалған бағдарын есептеумен жобалаудың әртүрлі кезеңдерінде электронды құрамдас базаның үлгісін таңдау және баяндау қабілетімен; жобалаудың үдерісін жүзеге асыруда техникалық және бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеу, заманауи электронды құрамдас базаны баяндау және жобалау тілдерін меңгеру (КМҚ-6);

  • автоматты басқару теориясының заңдарын қолданумен электронды және микропроцессорлы техникалардың құралдарымен автоматты басқару жүйесінқұру қабілетімен (КМҚ-7);

  • сызықты және сызықты емес тізбектерге сигналдардың әсерін талдау, күшейткіштерді, стабилизаторларды және электрлік сигналдар генераторларын есептеу, применять аналогты-сандық және сандық-аналогты түрлендіргіштерді қолдану, синтезировать аналогты және сандық құрылғыларға синтез жасау қабілеттігімен, олардың функционалды тағайындалуы, электрлік шамалары және пайдалану шарттары туралы мәліметтер негізінде (КМҚ-8);

  • радиоэлектронды техника өнімдеріне, конструкцияның қозғалатын және қозғалмайтын элементтеріне талдау және синтездеу мақсатымен олардың математикалық үлгілеріне сәйкес нақты құрылымнан есептеу сұлбаларына ауысуды жүзеге асыру; аналогты және сандық элементті база негізінде электронды құрылғыларды жобалаудың және үлгілеудің, есептеудің заманауи әдістерін білу қабілеттілігімен (КМҚ-9);

  • электроника және наноэлектроника құрылғыларында және приборларында электронды техниканың құрауыштарын технологиялық және конструкциялық жүзеге асыру туралы білімді қолдану қабілетімен; электронды аппаратурада қолдануға арналған құрауыштарын таңдау, олардың сипаттамаларын, сыртқы факторлар мен бағасының қасиетіне әсерін ескере (КМҚ-10);

  • автоматты басқару теориясының негізгі заңдарын қолдану және иемдену қабілеті, оның ішінде оның сандық құрамдасы (КМҚ- 11);

  • микротолқынды бағдарланған және тербелісті жүйелерді конструкциялауда қолданылған, материалдардың өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұматымен, микротолқынды бағдарланған жүйелер негізінде қарапайым құрылғыларды оңтайлы жобалау принциптерін, математикалық және компьютерлік үлгілеу әдістерін қолдану қабілетімен (КМҚ-12);

- микропроцессорлық техника бойынша білімді қолдану дайындығымен; төменгі жиілік тілінде бағдарламалау(КМҚ-13);
- электроника және наноэлектроника бұйымдарын және материалдарын дайындауда қолданылатын негізгі технологиялық әдістерді қолдану қабілеттілігімен; осы әдістерді негізіне жататын физикалық заңдылықтар (КМҚ-14);
- электр жетектерді басқарудың микропроцессорлық жүйелерін жобалау және баптау қабілеттілігімен (КМҚ-15);
- басқарудың микропроцессорлық жүйелерін құруда заманауи бағдарламалық құралдардың негізгі принциптерін және мүмкіндіктерін қолдану қабілеттілігі; контроллерлерді бағдарламалау (КМҚ-16).



    1. Пререквизиттер

Пререквизиттер: жүйетехникасы; жобалау негізі; математика бөлімдері, оның ішінде: интегралды және дифференциалдыесепте, ықтималдылықтар теориясы, математикалық статистика; жалпы физика және қатты дене физикасы, оптика, термодинамика; электротехника және электротехниканың теориялық негізі.




    1. Постреквизиттер

Постреквизиттер: Ақпараттық- өлшемдер жүйесінің техникалық құралдары, микроконтроллерлер, автоматика негізі, бақылау жүйесін және автоматтандыруды жобалау, электромеханика, электронды өлшеуіш техникасы, приборларды есептеу және жобалау, технологиялық үдерістерді автоматтандыру және т.б. Осы білімді қолдану сыбайлас пәндерді оқуда пайдалы. Электроника негізінен алған білім электроника негізінен, электронды өлшеуіш техникасынан, бақылау жүйесін және автоматтандыру жобалаудан курстық жобаны орындауға қажет.



2 ПӘН МАЗМҰНЫ
2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырыптың аты, оның мазмұны

Еңбек көлемі, сағ

Оқыту формасы

Күндізгі

Күгдізгі, қысқартылған

Сырттай

Сыртттай қысқартылған

1

2

3

4

5

Дәрістік сабақтар







1 тақырып. Кіріспе. Зерттеуде, өндірісте, техникалық құрылымның пайдалануындағы метрологиялық қамсыздандыру










1

2 тақырып. Аналогты- санды және санды- аналогты түрлендіргіштер










1

3 тақырып. Ортақ мәліметтер










1

4 тақырып. Операциялық күшейткіште сызықты құрылымдарды зерттеу










1

Семинарлық (практикалық) сабақтар







1 тақырып. RC-тізбегін есептеу










1

2 тақырып Кілтті каскадты есптеу










1

3 тақырып. Дешифраторды құру










1

Магистранттың оқытушымен өздік жұмысы

1 тақырып. Күшейткіштерді есептеу. Жалпы мәліметтер










2

2 тақырып. Биполярлық транзистордағы күшейткіштерді жобалаудың жалпы принциптері










3

3 тақырып. Биполярлық транзистордағы аз жиілікті аз қуатты күшейткіштерді есептеу










5

4 тақырып. Күшейткіш каскадтарының жұмыс істеу режимі. Тұрақты ток бойынша есептеу










5

Магистранттың өздік жұмысы

1 тақырып. Зертханалық өлшеуіш кешенін оқу










25

2 тақырып. Электронды-тетікті ауысым түсінігі










25

3 тақырып. Биполярлы және өрісті транзисторлар










25

4 тақырып. Интегралды орындаудағы логикалық элементтер










30


2.2 «Автоматты реттеу жүйесін жобалау» тақырыбына курстық жобаға (жұмысқа) тапсырма
2.2.1 Жалпы ережелер. «Ақпараттық- өлшемдер жүйесінің техникалық құралдары» пәні бойынша «Төменгі жиілікті күшейткіштерді есептеу» курстық жобасы – әдістемелік нұсқамаға сәйкес орындалады.

Курстық жұмысты орындау мақсаты студенттердің әмбебап базалық сияқты кәсіптік біліктілігі білім, үйрену, дағдылар түрінде болып келеді.

Курстық жобалар және курстық жұмыстар мамандықтың оқу жоспарымен, аралық бойынша жұмыс бағдарламасымен және оқу процессінің бекітілген графигімен қатаң сәйкестікпен орындалады. Курстық жоба (жұмыс) теориялық курсты меңгергеннен кейін немесе танысу барысында орындалады.

Курстық жоба (осыдан кейін жоба) – оқу аралықта қойылған тапсырмалардың шешімі көрсетілген, конструкторлық, технологиялық, бағдарламалық және жобалық қағаздармен жазылған жұмыс. Жоба негізгі мақсаты және мазмұнымен жаңаны меңгеруге және тапсырмаларды жобалық, конструкторлық немесе технологиялық жолмен шешуге, инженерлік есептеу жүргізуге,жобаның графикалық бөлімін жасауға, сондай-ақ студенттің нақты тапсырмаларды шығармашылық шешуде дипломдық жобаға дайындық жүргізуге көмегін тигізуі қажет.

Жобаның, жұмыстың нақты көлемі және мазмұны сәйкес кафедралармен, оқу жоспары бойынша аралық жұмыс бағдарламасымен аудиториялық және студенттің өзбетімен жұмыс жасауы бойынша анықталады. Курстық жобаны (жұмыстың) орындаудың минималды көлемі аптасына 2 сағаттан: дәрісханалық және өз бетінше сабақ.

2.2.2 Курстық жобаның және жұмыстың тақырыбы. Курстық жобаның және жұмыстың тақырыбы курстық жобаны жүргізетін кафедра оқытушыларымен анықталады және сол кафедралардың меңгерушілерімен бекітіледі. Ол тақырыптар аралық жұмыс бағдарламасында көрсетілді.

Егер орындалатын жоба аралық бойынша және міндеті бойынша сәйкес келсе курстық жобаның және жұмыстың тақырыбын студент өзі ұсына алады.

Бекітілген тақырыптың саны немесе бір тақырып бойынша нұсқа топтағы әр студентке жеке орындауына жеткілікті болуы керек.



    1. Курстық жобаның (жұмыстың) тақырыбын кафедра әріптестерінің ғылыми жұмыстарына, өндірістің және мекеменің, студенттік конструкторлық бюроның фактілі материалдарын неізге алуға ұсынады.

    2. Сондай-ақ курстық жобаның (жұмыстың) тақырыбы студенттің өндірістік практикасымен, ал сырттай бөлімдегі студенттер үшін өзінің жұмысына байланысты болуы мүмкін.

2.2.3.Курстық жобаның (жұмыстың) мазмұны мен құрылымына талаптар.

Курстық жоба (жұмыс) жалпы жағдайда мынаны құрайды:

-мәтіндік құжат, баспалық мәтіннің 15 – 20 бетіне дейінгі көлеммен, қатты көшірмеде орындалған;

-графикалық материал, 1 беттен кем емес;

-презентация формасында электронды нұсқасының болуы мүмкін.

Мәтіндік құжат төменде көрсетілген тізбектілікті қосу керек:



-курстық жобаға (жұмысқа) тапсырма;

-мазмұны;

-кіріспе бөлімінде тақырыптың мәні мен көкейтестілігі ашылып, қысқа аналитикалық шолуорындалады, мақсаты қалыптастырылады;

-негізгі бөлік жобаның немесе жұмыстың сипатына тәуелді құрылым мен мазмұннан тұрады;

-қорытынды бөлімінде жобаның (жұмыстың) материалдарын қолдану мүмкіншіліктеріне қатысты ұсыныстар мен қорытындылардан тұрады;

-қолданылған әдебиеттер тізімі;

-қосымша көрнекі және қосымша сипатындағы материалдардан тұрады.

Графикалық материалға қатысады:

-сызбалар және сұлбалар мәтіндік құжаттың құрамында, және қажет жағдайда көпшілік алдындағы қорғауға бөлек беттерде болады;

-көрсету беттері, оны көпшілік алдында қорғауда көрнекі көрсетуге қолданылады;

-көпшілік алдында қорғауға презентация файлының электронды түрі.

2.2.4. Курстық жоба: АБЖ элементтегі жобалық, технологиялық немесе бағдарламалық сипатта болуы мүмкін.

Жобалық сипатты курстық жобаның түсініктеме хатының басты бөлімдері өзіне келесілерді қосады:

- есептеу бөлігі;

- сипаттамалық бөлікті ;бұнда схеманың сипаттамасы, жобаланған нысананың конструкциясы мен жұмыс істеу принципі, материал және конструкторлық электрлік элементтерді таңдау келтіріледі;

Жобалық және технологиялық мінезді курстық жобаның графикалық бөлігі сызбалармен, схемалармен, графикалармен, диаграммалармен, суреттермен, сценарийлермен және басқа да бұйымдармен немесе таңдап алынған тақырыпқа сай келетін шығармашылық жұмыс заттарымен көрсетілуі мүмкін.

Бағдарламалық қамтамасыз етуді өңдеуге байланысты курстық жобаның түсініктеме хатының басты бөлімі өзіне қамтиды:

-өңделетін тақырыптың теориялық негізі;

-есеп анализі;

-белгілі алгоритмнен алынған алгоритмді шешу негіздері немесе дұрыс сипатталған ерекше алгоритм жасалуы;

-алгоритмнің толық сипаттамасы;

-бағдарламалау тілінің таңдалуының негізделуі(егер ол берілмесе);

-шығару мәліметтерін көрсетуге таңдап алынған мәліметтер структурасының негізделуі, аралық есептеу нәтижесі;

-қолдану басқарылымдары, жасалған бағдарламаның қолданылуы көрсетіледі;

-бағдарламаны тестілеу сипаттамасы;

-қойылған мақсатты шешудегі бағдарламаны қолдану нәтижесі;

-жасалған бағдарламаның листингілері, әдетте қосымшаға кіргізіледі;

Бағдарламалық қамтуды жасап шығаруға байланысты болатын курстық жоба схемотехникалық есептеуді автоматтандыруға жұмсалуы тиіс.Бағдарламалық түрдегі курстық жобаның графикалық бөлігі алгоритм, шығару және бағдарламада өңделген мәліметтер, бағдарламалық мәтін, бағдарлама жұмысының графикалық нәтижесін қамтуы мүмкін.

Курстық жұмыс реферативті, есепті-тәжірибелік,бағдарлама-зерттеушілік мінезді болуы мүмкін.Жұмыс мінездемесінен мәтіндік құжаттың негізгі бөлігінің мазмұны өзгереді.Курстық жұмыс есептеу-сипаттау хаты түрінде жасалады және өзіне графикалық бөлікті қосады. Курстық жұмыстың мәтіндік құжаты «Курстық жұмыс» деп белгіленеді.

2.2.5. Курстық жобаны орындауды ұйымдастыру.

Курстық жобаны жүргізетін әрбір кафедра пәнді қамту комплексті оқыту-методикасы аясында курстық жұмысты орындауға арналған методикалық нұсқаулық жасап шығаруға міндетті. Методикалық нұсқаулықта жобаның мақсаты мен тапсырмасы, шығару мәліметтерінің мінездемесі,үлгілі көлемі, жобаның жекеленген бөліктерінің мазмұны және де курстық жобалаудың бірізділігінің анықтамалары болуы керек.Методикалық нұсқаулықта сапаны бағалаудың баллдық жүйесі және жобаның немесе жұмыстың жекеленген бөліктерінің уақытылы орындалуы көрсетіледі.

Курстық жобаның орындалуын қадағалауды және басшылық етуді сол пәннің мұғалімі жүргізеді.

Жобалар (жұмыстар) мұғалім берген тапсырмаға сәйкес орындалады. Тапсырмалар арнайы бланкта толтырылады.

Тапсырма әркімге жеке беріледі. Әр тапсырмада тақырыптың атауы, керекті деректер, әдебиет тізімі, графикалық материал тізімі, мәтіндік бөлімдегі тараулардың тізімі көрсетіледі.

Тапсырмада оның берілген күні және тапсыру күні белгіленеді, тапсырма студенттің, проект жетекшісінің және кафедра басшысының қолымен бекітіледі.

Жобаның орындалуы кезінде жетекші, керек кезде,тақырыптың атауын және берілген деректерді өзгертуі мүмкін, бірақ ол жұмыс көлемінің кобеюіне жол бермеуі тиіс.

Жетекші жұмыстың мазмұнына және қорғауға әкелінген жұмыстың тапсырмаға сәйкестігіне жауапты болады.

Жетекшілік арнайы немесе топтық қосымшалар арқылы жүзеге асырылады. Қосымшалардың жүргізілу кестесі тапсырманы берген кезде студенттерге айтылады.

Қосымшалар оқу жоспарында курстық жұмысқа берілген сағаттар арқасында жүргізіледі. Қосымша барысында жетекшілер студенттердің курстық жұмыс бойынша сұрақтарына жауап береді және әр тарауға қанша уақыт жұмсау керектігін талқылайды.

Курстық жұмыс жетекшісінің негізгі функциялары:

-Курстық жұмыстың орындалу тәртібі және құрамы жайлы сұрақтарға жауап беру;

-Жұмыстың орындалу кезеңдеріне балдық баға беру;

-Студентке керекті әдебиет таңдауда көмек беру;

-Курстық жұмыстың орындалуын қадағалау;

-Курстық жұмысқа жазбаша түрде ескертпелер дайындау.

Егер дистанционды білім технологиялары қолданылынған жағдайда курстық жұмыстарды қорғау 2 кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде курстық жұмыс бойынша түсіндірме хатты кафедрамен бекітілген мұғалім тексереді де рецензия жазады. Бұл рецензияда курстық жұмыстағы түзетуді талап ететін кателер көрсетіледі де, студентке қайтадан жіберіледі. Қателерді түзеткеннен кейін екінші кезең басталады. Екінші кезеңде жетекші студентке курстық жұмыс тақырыбы бойынша 5-6 қосымша сұрақ жібереді. Соңғы баға курстық жұмыстың орындалу сапасына және қосымша сұрақтарға қаншалықты толық жауап берілгені бойынша қойылады.

2.2.6 Жобалардың (жұмыстардың) түйінді бағасы.

Курстық жұмысты қорғау курстық жобалаудың соңғы кезеңі болып табылады. Курстық жұмысты қорғау міндетті болып табылады және курстық жұмысты орындауға берілген уақытта өткізіледі.

Студенттерге тапсырманы берген кезде қорғау мерзімі алдын ала ескертіледі. Қорғау, сессия басында, соңғы жұманың ортасында іске асады. Студенттердің төзімділік, карым-қатынас және сөз құзырын дамыту үшін бір жұма бұрын алдын ала қорғау ұсынылады.

Курстық жобаға (курстық жұмыс) қағаз жүзіндегі (тігілген немесе түптелген) түсіндерме хаты жоба жетекшісіне қорғау мерізімінен үш күн бұрын тексеруге өткізілуі тиіс. Жетекші түсіндірме хаттың мәтініне жоба бойынша ескертулерін енгізеді, қорғауға жіберу туралы шешім қабылдайды, ол туралы титул қағазына жазады, немесе жобаны (жұмысты) себептерін көрсетіп пысықтауға қайтарады.

Жобаны немесе жұмысты бағалау ұпайлардың өзгерісімен, ұпайлық-рейтингімен жүйе бойынша анықталады. Ұпай жиынтығы семестр құраушы ұпайлардан және жобаны қорғау нәтижесіндей есептік ұпайлардан құралады. Семестрлік құраушы 60 ұпайдан және есептік 40 ұпайдан тұрады.

Ұпайлық бағаның есептік құраушысы курстық жобаның (жұмыстың) кафедрада арнайы негізделген комиссияның алдында қорғалуына байланысты қойылады. Комиссия құрамы мен комиссия төрағасы жыл сайын кафедра меңгерушісі тағайындайды. Комиссия құрамы кем дегенде үш адамнан тұруы керек. Ұсынылатын комиссия құрамы:

Кафедра меңгерушісі немесе міндетін уақытша атқаратын адам, мысалы, кафедра меңгерушісінің орынбасары ур бойынша ( комиссия төрағасы);

-Ұстаз, берілген сабақ бойынша дәріс оқушы;

-Жоба жетекшісі;

-Жобалау профилі бойынша басқа ұстаздар.

Курстық жобаны қорғау комиссия алдында ашық түрде өтеді. Курстық жұмысты қорғаушы, студент, 5-10 минут ұзақтығында жасалынған жұмысы туралы хабарлама жасауы керек. Хабарламада негізгі талаптар және оны іске асыру тапсырмалары баяндалады, студенттің құралды зерттеу кезіндегі техникалық шешімдері суреттеледі.

Материалды баяндаған кезде студент мына ларды көрсетуі тиіс:

- жобаның мазмұнын, қысқа, нақты, техникалық сауатты баяндау;

- таңдап алған құралды инженерлік тұрғыдан, технологиясын, алгоритімін негіздей алу;

- курстық жоба таңдалған пән бойынша теориялық материалдардан хабардар болу;

- математикалық аппаратттар және есептер жұмыстарын жақсы білу.

Хабарламадан кеиін студент комиссияның және қатысушылардың курстық жобаға (жұмысқа) қатысты сұрақтарына жауап береді.

Қорғау нәтижесіне байланысты студентке 40 ұпайға дейін баға қойылады (есептік құраушы). Ол жұмыстың және қорғау сапасын көрсетеді. Бағаға келесілер әсер етеді:

- Қабылданған шешімдердің негізделуі;

- Есептік жұмыстардың дәлдігі және түсіндірме хатының сапалылығы ( бағаны түсіндірме хатты тексеретін және рецензиямен қоса ұстаз қояды);

- баяндама сапасына; - дұрыс және толық жауап берілуі.

Қорытынды баға бойынша 10 баллдан төмен алған жағдайда нөлмен теңестіріледі. Бұндай жағдайда курстық жобаны (жұмысты) қайтадан қорғайды 2 реттен көп емес. Курстық жобаны (жұмысты) қорғауды комиссия құрамы (үшінші рет) қабылдауы деканмен бекітіледі.

Нәтижелі қорғаудан кейін семесстрлік және есептік баллдар қорытындысы әдістеме бойынша дәстүрлі баллды-рейтингті системамен білімі бағаланады.

Курстық жобасын (жұмысын) көрсетпеген студентке сынақ аптасы аяқталғанға дейін, үлгеріміне «сынақталмаған» деп жазылады және ол осы аралық бойынша үлгермеген болып саналады.

Курстық жобалау аяқталғаннан кейін кафедра сәйкес деканатқа бекітілген форма бойынша үлгерім жібереді.


  1. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


3.1 Негізгі әдебиеттер
1 Савиных В. Л. Физические основы электроники. Методические указания и контрольные задания. СибГУТИ, 2002.

2 Гусев В. Г., Гусев Ю. М. Электроника. Учебное пособие для приборостроительных специальностей вузов. - 2-е изд. М.: Высшая школа, 1991. - 622 с.

3 Опадчий Ю.Ф. Аналоговая и цифровая электроника. - М.: Радио и связь, 1996. – 768 с.

4 Аринова Н.В. Основы электроники: Рабочая программа, задания и ме­тодические указания к контрольным работам для студентов специальности 050716 «Приборостроение» заочной формы обучения. ВКГТУ. - Усть-Каменогорск, 2007. – 51с.

5 Бочаров Л.Н. и др. Расчет электронных устройств на транзисторах / Бочаров Л.Н., Жебряков С.К., Колесников И.Ф. – М.: Энергия, 1978. – 208с., ил. – (Массовая радиобиблиотека; Вып. 963).

6 Забродин Ю.С. Промышленная электроника: Учебник для вузов. – М.: Высш. Школа, 1982. – 496 с., ил.

7 Герасимов В.Г., Князев О.М. и др. Основы промышленной электроники. – М.: Высшая школа, 1986.

8 Шадрин Г.К. Основы электроники: Курсовая работа, задания, методические указания для студентов специальности 050716 «Приборостроение» заочной формы обучения / Г.К. Шадрин, Н.В. Аринова / ВКГТУ.-Усть-Каменогорск, 2007. – 35 с.


3.2 Қосымша
9 Ефимов И.П. Источники питания РЭА: Учебное пособие. - 2-е изд., испр. Ульяновск: УлГТУ, 2002. - 136 с.

10 Жеребцов И.П. Основы электроники. – 5-е изд., перераб. и доп. – Л.: Энергоатомиздат, 1989.

11 Корнев В.А. Основы электроники/Методические указания к выполнению курсового проекта. – Усть-Каменогорск, 2009. – 31 с.

3.3 Справочная

12 Голомедов В.А. Полупроводниковые приборы: диоды выпрямители, стабилитроны, тиристоры. Справочник – М.: Связь, 1978.



13 Лавриненко В.Ю. Полупроводниковые приборы. Справочник. – Киев: Техника, 1984.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет