1.4 1БЖ бақылау жұмысы бойынша тапсырмалар
1 тапсырма.
Дөңгелете ажарлау білдегінде Ø115 f7 кірекесіп ажарлағышпен және бүйіржағы 30js12 сызбасы бойынша жұмысшы бөлігінің өлшемі – Ø65 f7 болатын цилиндрлі тегіс құралбілікте ажарлау жоспарланған (1 сурет). Білдектің айналдырығында орнықтандырылған, конусты сағасына қатысты құралбіліктің жұмыс беттерінің радиаль және бүйір ауытқыма шақтамаларының шамасы 0,02мм аспауы керек. Білдек айналдырығындағы конусты тесіктің радиаль ауытқымасы – 0,01мм.
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер: Ø115 f7, Ø65 Н7 қатысты радиаль ауытқыма Ø115 f7 шақтамасы 0,05мм.
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер: 30±0,165. Ұсыныс бойынша өңдеу қателіктерін есептегенде реттеу қателіктерін ескеру керек.
2 тапсырма.
Тістегеріштегі салмалы кезеулеткіш көмегімен радиаль-бұрғылайтын білдекте үңгілеу екі сұлба бойынша жоспарланған, тістегеріштің қондыру тесігіне «D» (тістегеріштің құрылымдық орнығына) қатысты тұрақты шақтамасымен «ТЕ» Ø «Е» бойынша орналасқан 6тес. «М».Сызбада (3 сурет) көрсетілген өлшемдер шақтамалары: Тd; ТD;Тd1; ТD1. Білдек айналдырығының радиаль және бүйір ауытқымасы – 0,01мм, конус сағасына қатысты үңгінің жонғыш бөлігінің радиаль және бүйір ауытқымасы – 0,02мм ден.
-
Тапсырма сұрағы. «А» және «Б» сұлбаларының қайсысы 6тес. «М» орналасуын неғұрлым дәлірек қамтамасыз етеді.
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер: 20±0,26.
3 тапсырма.
Тетіктегі сатылық тесікті үңгілеу үшін өлшемдері ( үңгілеу сызбасы бойынша) D1үңг =30.1-0.025; D2үңг =24,084-0,021; А1үңг =30js8(±0,16) болатын аралас үңгілеу қарастырылған, үңгінің кесу жиегіндегі радиаль және бүйір ауытқыма – 0,03мм аспауы керек. Тік - бұрғылау бідегі айналдырығының конусты тесігінің радиаль және бүйір ауытқымасы – 0,02мм. Тетік биіктігі А4=70h14.
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер: D1=30H10; D2=24H10; А5=80js12;
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер: А1=15h11; А3=25js12.
4 тапсырма.
Тес. Ø60H9, 2тес. Ø20H9(+0,052) және 2тес. Ø26H9(+0,052) үңгілеу
айналдырығының радиаль және бүйір ауытқымасы - 0,01мм, үңгінің конус сағаларына қатысты жонғыш бөлігінің радиаль және бүйір ауытқымасы – 0,02мм тік- бұрғылау білдегінде әр-түрлі үш операцияда ретпен орындалады (4сурет). 16H10 екі ойықты жонғылау көлденең бағытта бойлай орынауыстыру қателігі – 200мм ұзындыққа 0,04мм болатын тік- жонғылау білдегінде орындалады.
1) Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер: технологиялық орнықтардың бірінде «Н» беті таңдалған жағдайда симметрия еместік орналасу шақтамасы тес. Ø60H9
Ескерту – радиальді Т/2 симметрия еместік Т диаметрлік шақтамалардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін 5 суретті қараңыз.
2)Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер 45js12, технологиялық орнықта «П» беті таңдалған жағдайда.
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер: технологиялық орнықтардың бірінде «Н» беті таңдалған жағдайда симметрия еместік орналасу шақтамасы 2тес. Ø20H9.
-
|
Ø0,05
|
Б
| Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер: тесік
Ø20H9, технологиялық орнықтардың бірінде «Н» беті таңдалған жағдайда.
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер: технологиялық орнықтардың бірінде «У» беті таңдалған жағдайда, 5js12(±0,06).
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін 2ойық өлшемдері 10js10, технологиялық орнықта «П» беті таңдалған жағдайда.
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер 45js12, технологиялық орнықта «У» беті таңдалған жағдайда.
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер 72h11, технологиялық орнықта «П» беті таңдалған жағдайда.
5 тапсырма.
Ойықты жонғылау айналдырығының радиаль және бүйір ауытқымасы - 0,01мм ден, конусты сағасына қатысты dфр22h7 саусақты жонғыштың жонғыш бөлігінің радиаль ауытқымасы 0,05мм, бүйір ауытқымасы – 0,02мм болатын тік-жонғылау білдегінде жоспарланған; призма бұрышы α=90º. Білдек үстелінің орынауыстыру қателігі 100мм ұзындыққа 0,04мм.
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер: 60мм ұзындықта ойық орналасуының симметрия еместік қателігі.
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер 70-0,25.
-
Тапсырма сұрағы. Тексерілетін өлшемдер 22N9.
2 БАЗАЛАУ МЕН ӨҢДЕУДІҢ ҚАТЕЛІКТЕРІ
2.1 Өңдеу қателіктері мен базалаудың теориялық жағдайлары
2.1.1 Өңдеу қателіктері.
Сериялы, ірі-сериялы және жаппай өндірісте тексеріс өтпелерін және білдекте дайындаманы қайта-қайта дәлдеуді болдырмау үшін дайындаманы автоматты бағдарлаумен (базалаумен) жабдықталған айлабұйым қолданылады және автоматты өлшем алумен қамтамасыз етілген білдекті баптау қолданылады. Мұнда тетіктер тобын өңдеудің жалпы қателіктерінің шамасы жүйелік және кездейсоқ қателіктерден құралады.
2.1.2 Жүйелік қателіктер мыналардан туындайды:
-
білдектің дәлсіздігінен;
-
айлабұйым дәлсіздігінен;
-
кескіш құралдың тозуынан және дәлсіздігінен;
-
СПИД жүйесіндегі әрбір элементінің жону күші мен қысу күшінен туындаған деформацияларынан;
-
СПИД жүйесіндегі әрбір элементінің температуралық деформацияларынан;
-
дайындамалардың кернеулік қабаты жойылғаннан кейінгі қалдық кернеудің қайта таралуынан.
Жүйелік қателіктер көлемі нақты тетік үшін тұрақты немесе заңды түрде өзгереді, мысалға, кескіш құралдың тозуынан да әрбір тетіктер тобында ауыстырылады. Жалпы жүйелік қателік –бағыттарына байланысты жекеленген алгебралық және геометриялық қателіктерден тұрады. Өңдеудің нақты бір технологиясына байланысты жекеленген жүйелік қателіктер білдекті баптаумен шешілуі мүмкін.
2.1.3 Кездейсоқ қателіктер мыналардан туындайды:
-
білдек түзілімдерінің майла шарттарының өзгеруінен, электрлік кернеу тербелісінен, дайындама қаттылығы және әдіп тербелісінен, сәт сайын өзгеріп және сәт сайын туатын қателіктер - ∆сәт ;
-
орнату қателіктері - ∆орн ;
-
баптау қателіктері - ∆бап ;
Әрбір тетіктер тобы үшін кездейсоқ қателіктер көлемі әр түрлі және түрлі жақтарға бағытталған, сондықтан жалпы кездейсоқ қателік - ∆кезд жеке қателіктердің геометриялық қосындысына тең:
(1)
мұнда: 1,2 коэфициенті есептеу бойынша қор құру үшін енгізілген.
Статистикалық мәліметтер бойынша сәттік кездейсоқ қателіктер мынадай шамаға ие:
-
жонғыш білдектер үшін – 0,013...0,036мм;
-
дөңгелете ажарлау білдектері үшін – 0,004...0,017мм.
Орнату қателігі - бірнеше қателіктердің геометриялық қосындысынан құралады:
(2)
∆орнық – Базалау қателігі технологиялық орнықтандыру өлшемдік базалаудың сәйкессіздігінен туындайды, сонымен қатар бір бетті өңдеу барысында сол бетте бір технологиялық базаны екіншісіне ауыстырғаннан туындайды және ол есептелінетін шама болып табылады.
∆бек – Бекіту қателігі айлабұйым құрылымына байланысты, нақтырақ айтқанда: қысу элементтерінің жанасуындағы саңылаулар шамасына, дайындаманы бекіткенде пайда болатын технологиялық базаның ығысуы және тірек беттері екеуінің арсында саңылау болатын тірек элементтерінің қаттылығына және жалпы айлабұйым қаттылығына байланысты.
∆айлб – Бірорынды айлабұйым қателігі, егер ол дайындама шақтамасынан кіші болған жағдайда білдекті баптаумен шешілетін жүйелік қателікке соқтырады. Орнату қателіктері формуласында ескерілетін айлабұйым қателігі, ол тірек беттерінің күйі әр түрлі ауытқымдағы , барлығында бірдей құрылым қолданылатын , көпорынды айлабұйым немесе көпайналдырықты білдектерде, автоматты сызықтарда, июші өндірістік жүйелерде (ИӨЖ) пайда болатын айлабұйым қателігі.
Баптау қателіктері ∆бап баптау барысында қолданылатын реттеуші жабдықтардың (межебалдақ, индикатор, қатты таяныштар, ақтық ажыратқыштар, т.б.) дәлдігіне байланысты - ∆рет реттеу қателігі мен баптау барысында қолданылатын өлшегіш құралдың шекті қателігімен алынатын өлшеу қателігінің - ∆өлш геометриялық қосындысынан тұрады:
(3)
Статистикалық мәліметтер бойынша [1, 60бет] реттеу қателіктерінің шамасы:
-
индикатор арқылы қондырғылағанда – 0,01мм;
-
қатты таяныштар арқылы – 0,04...0,1мм;
өлшеу қателіктерінің шамасы:
-
бөлік құны 0,05мм штангенциркульмен – 0,09мм;
-
микрометрмен – 0,006...0,014.
2.1.4 Өңдеудің жалпы қателігі кездейсоқ және жүйелік қателіктердің геометриялық қосындысына тең:
(4)
Барлық қателіктердің арасында орнықтандыру қателігі белгілі бір дәрежеде орнату қателігіне әсер етеді, яғни өңдеудің жалпы қателігіне де әсер етеді. Оның мөлшері бірнеше миллиметр болуы мүмкін.
-
1БЖ бойынша есепті шешудің 1 мысалы
Есептің шарты:
Тетік сызбасының талаптары бойынша (8 сурет), барлық қателіктерді ескере отырып:
-
жабдық таңдау;
-
оны дайындауға айлабұйым және орнықтандыру сұлбаларын;
-
дәлдікті қамтамасыз ететін мүмкін болатын нұсқаларды талдау.
Өндіріс түрі – жаппай.
Есептің шешуі.
Сызба талаптары бойынша орнықтандыру сұлбасының шектіліктері:
-
Ø50h9(-0,062) беттік радиаль ауытқыма шақтамасы 0,1мм;
-
Ø40h9 (-0,062), 40js11 өлшем шақтамасы 0,08мм.
2.2.1 А нұсқасы. Білдек айналдырығында орналасқан, дәлме-дәл даналық дайындамалардан тұратын үшжұдырықшалы қысқылы РЖБ (ТРС)-те жону қолданылады.
Өңдеу сұлбасы: 1-операция - өңделмеген (сынақты орнық) сыртқы диаметр аумағында Ø40h9 орнықтандырылған Ø50h9 жону, келесі 2-операция - Ø50h9 ақтық орнықта орнықтандырылған, Ø40h9 жону.
Үшжұдырықшалы қысқы – бұл өздігінен центрленетін айлабұйым, мұнда цилиндрлік тетік жасырын технологиялық орнық - цилиндр осі бойынша бекітіліп орнықтандырылған, яғни радиаль бағыттта орнықтандыру қателігі болмайды. Бірақ үш жұдырықшаның спиралін және қысқының конусты тістегерішінің бүйірлік спиральдарын дайындаудың дәлсіздігінен, спиральдардағы үйкеліс коэфициентінің біркелкі еместігінен, бағыттаушы қысқы тұрқысы мен бағыттаушы жұдырықшалар арасындағы саңылаулардың біркелкі еместігінен қысылған тетік цилиндрдің осі қысылған цилиндр бетінің радиаль ауытқымасын туғыза отырып, қысқының айналу осінен ығысады, яғни қысу қателігі туындайды.
Бұл жағдайда қыздырылып аунатылған шыбықты қысқыға орнатудағы радиаль ауытқыманың өзі ғана 0,28мм [2, 42бет 13 кесте] болғандықтан Ø50h9 қатысты өңделінген Ø40h9 жіберілетін радиаль ауытқу бойынша талаптар орындалмай қалады.
2.2.2 Б нұсқасы. «А» нұсқасының өңдеу сұлбасы қабылданады, бірақ 2-операция қысқының кеулейжону бүйіріне таянышпен қысылған даналық дайындамалардан цангалы қысқыда орындалады. Ø50h9 ақтық орнықтан (орнату және бағыттаушы) Ø40h9 жону кезінде үшжұдырықшалы қысқыны цангалы қысқыға ауыстыру 0,08мм аспайтын радиаль орнату қателігін қамтамасыз етеді [2, 41бет 13 кесте]. Бірақ өлшемі бойынша, таяныш технологиялық база бойынша өзінің бүйірімен орнықтандыруды (тетіктерді остік бағытта базалау) қамтамасыз ететін цангалы қысқыны бекітудегі өлшем база (Б бүйірі) мен таяныш база (А бүйірі) үйлеспеуіне байланысты (9 сурет) ең нашар жағдайда 1мм тең базалау қателігі п.б. яғни өлшем шақтамасы 140-1,0. Расында да, 140 өлшемі бойынша тетіктер тобын әркелкі ауытқулармен орнатқанда «Б» бүйірі «А» бүйіріне қатысты (шектік ауытқымды тетіктер үшін өлшемдер тізбесін есептудің «максимум-минимум» әдісі бойынша) ең нашар жағдайда 1мм тең әркелкі тербеліс күйіне ие болады, сонымен бірге өлшем ауытқуы 40js11 (-1мм) ге.
Бұдан басқа білдекті баптау барысында баптау өлшеміне:
Lбап=140 - 40=100мм
11 дәлдік класы бойынша (40js11 өлшеміндегідей) 0,22мм тең баптау қателігі туындайды, яғни өлшем шақтамасы 100js11(±0,11).
40js11 өлшемді өңдеудегі мүмкін болатын жалпы максималь қателікті, оны А тұйық буын деп алып, өлшемдер тізбегінен есептеуге болады (11 сурет).
А1=140-1,0; Lбап=100. 0,11 болғанда, А0 жоғарғы және төменгі ауытқулары:
Яғни өлшемі көлемді тетіктер тобында жіберілетін ±0,08мм ауытқудың орнына -0,11 және -1,11 ауытқулар п.б. яғни ақау п.б.
Мұнда қателіктердің көп бөлігін базалау қателігі құрайтындығы көрініп тұр (1мм).
Базалау қателігі басым болған жағдайда машина жасау технологиясы негіздері теориясы өңдеудің дәлдіктерін шешетін үш бағыт береді:
а) базалау сұлбасын сақтай отырып құрамдық буындардың өлшемдер тізбегінің шақтамаларын қадағалау;
б) басқа базалау сұлбасына көшу;
в) бұйым құрылымымен рұқсат етілген жағдайда, тетік сызбасында өлшемдер қойылымын өзгерту.
Қарастырылған Б нұсқасы үшін «а» бағытымен сәйкес дәлдікті қамтамасыз ететін екібуынды өлшемдер тізбегі үшін тікелей есепті шешеміз, яғни 40js11 буын шақтамасы бойынша құрамдық буындардың орташа шақтамасын есептейміз:
Бұл дегеніміз L=100 өлшемі бойынша баптау дәлдігі ±0,04мм (7 дәлдік класы), ал дайындаманың 140мм ұзындықтағы өлшем дәлдігі минус 0,08мм болуы керек (8 және 9 дәлдік кластары арасы) деген сөз. Ол үнемсіз.
Базалаудың дәл осы сұлбасы үшін «в» бағытына сәйкес дәлдікті қамтамасыз ету үшін 40js10 өлшемінің орнына тетіктің функционалды мәндерінің сақталуын қамтамасыз ететін және үнемді болатын шақтамасымен 100 өлшемін енгізуге болады. Бұл жағдайда технологиялық база пен өлшемдік база сәйкес келетіндіктен базалау қателігі жойылады.
Біздің тапсырмамыздың шарты бойынша құрастыру бірлігінің сызбасы жоқ, сондықтан да 40js10 өлшемді функционалды мәнді орнатуға болмайды, яғни дәлдікті қамтамасыз етудің «в» бағытын қабылдауға болмайды.
2.2.3 В нұсқасы (“δ”бағыты бойынша).
“δ”бағыты бойынша, технологиялық база пен өлшемдік базаның базалау сәйкестігі принципін ескере отырып, базалау қателігін жою үшін базалау сұлбасын өзгертеміз (10 сурет), «Б» нұсқасының 2-операциясына таяныш технологиялық базасы деп «Б» бүйірін аламыз.
Бұл базалау сұлбасын іс жүзінде РЖБ де дайындама ретінде мөлшерленген шыбықты, револьверлі бастиекте таянышқа дейінгі беріліспен, орнатып және өз кезегінде цангалы қысқыда қысып жүзеге асыруға болады. Базалаудың мұндай сұлбасында баптау өлшемдерінің шақтамасы «Lбап» шақтамасы мен өңдеу қателігінің айырмасына тең, ал базалау қателігі жойылады.
Яғни қарастырылған нұсқалардың ішінен үнемдісі «В» нұсқасы болады. Өңдеудің жалпы қателігін (4) формуламен анықтаймыз.
Револьверлі-жонғыш білдекте тетікті өңдеудің таңдалған технологиясы үшін сәттік қателік:
∆сәт=0.025мм ( орташа мәні осы ӘН б-ша 2.1.3 бөлім)
Біздің тапсырма үшін айлабұйым және базалау қателіктері болмағандықтан, цангалы қысқыда қысылған осьтік орнату қателігі қысу қателігіне тең болады:
∆орн= ∆қыс=0,07мм [2, 42 бет, 13 кесте]
Баптау қателігін есептегенде реттеу мынадай қателікті қатты таянышта орындалатынын ескереміз:
∆рет=0,035мм [2, 71 бет, 26 кесте] (орташа мән)
Баптау кезінде өлшемді бақылау микрометрлік тереңдікөлшегіште мынадай өлшем қателігімен жүргізіледі:
∆өлш=0,01мм (орташа мән осы ӘН 2.1.3 бөлімі б-ша).
Онда:
Біздің тапсырмада жүйелік қателік мыналардан құралады:
-
білдектің дәлсіздігі (айналдырықтың остік ауытқымасы - ∆айн=0,015мм (орташа мән) [2, 81 бет];
-
білдек түзілімдерінің ығысуы, тетіктердің деформациялануы, кескіштің деформациялануы, бірақ ол сынақты өтпелермен және өлшемдермен баптағанда жойылады;
-
жұмыс барысындағы қызудан алдыңғы тұғырдың ығысуы:
∆т.ығ=0,005мм (білдектің 3...5 сағат жұмыс барысында алдыңғы тұғырдың ығысуы 0,017мм [1, 41 бет], ал 60 минуттық аралықтағы кескіш тұрақтылығының ығысуы 3 есе аз болғандықтан);
- жұмыс барысындағы қызудан кескіштің ұзаруы:
∆ұз=0,016мм [1, 42 бет];
- кескіштің уақыт аралығындағы тұрақтылық тозуы (60мин):
мұндағы: Н0=0,0065мм/км – Т30К4 қатты қорытпалы тілімшелі кескіш тозуына қатысты [1, 38 бет];
мұндағы: тет= 40мм жону ұзындығы 40js10;
S = 0,1мм/айн – жону кезіндегі беріліс;
πdтет – шеңбер ұзындығы 40js10;
n=60 1 тетік үшін 1мин уақыт аралығындағы кескіш төзімділігімен өңделінетін тетіктер саны;
106- миллиметрді километрге айналдыру коэфициенті:
Онда = 0,0065·3 = 0,0195 мм
Өзін құрайтын әртүрлі бағыттағы қателіктерді ескерсек, жүйелік қателік мынаған тең:
Онда өңдеудің жалпы қателігі:
<0.16мм
40js11 өлшемі бойынша сұралынатын дәлдікті қамтамасыз етеді, бірақ жұмысшы-баптаушы үшін техпроцесте мынадай дәлдік берілуі керек:
TLбап = T40 - ∆жалпы = 0,16-0,1= 0,06мм
Яғни баптау барысында жұмысшыға мынадай баптау өлшемі берілуі керек: 40f 0,03.
-
1БЖ тапсырмаларын шешудің 2 мысалы
Есептің шарты:
Жаппай өндірісте тік-жонғылау білдегінде бірорынды айлабұйымда ұзындығы 300мм тетікте өтпелі кемер жону жоспарланған (11 сурет). Тетік, өзінің екі кілтегі арқылы білдек үстелінің ойығымен белгіленген 18Н8(+0,027)/f7( ) қондыру бойынша, айлабұйымның екі саусағындағы арақашықтығы 250мм болатын, екі «D» тесікпен базалайды. Айлабұйым кілтектерінің арақашықтығы 400мм. Саусақтар осі арқылы өтетін кілтек жазықтығының бүйір беттерінің шектелген параллель еместігі 300мм ұзындыққа 0,03мм аспайды. «С» негізіндегі «П» тірек бетінің параллель еместігі 300мм ұзындыққа 0,02мм аспайды. Ойықтың бүйір бетінің үстелдің көлденең бағытына (беріліс бағыты) параллель еместігі 500мм ұзындыққа - 0,03мм. Үстелдің осы бағыты мен айналдырық осінің перпендикуляр еместігі 500мм ұзындыққа - 0,02мм. Тапсырма шартынан туындайтын қателіктерден басқа қателіктерді өлшемдері өте аз болғандықтан ескермей-ақ қоюға болады.
А1 және А2 өлшемдерінің жарамдылығын анықта.
Есептің шешуі
2.3.1 Өңдеу кемерінің қателіктерін орнату.
Кемер өлшемдерін баптау жонғыштың кірекесу жағынан аз (1...1,5мм) өлшемде жүргізіледі. Тетіктер тобында кемерді бар ұзындығы бойынша жонғанда кемер өлшемдерінің дәлдігіне мыналар әсер етеді:
а) А1 өлшеміне
-
беріліс бағыты мен үстел ойығының параллель еместігіне байланысты жүйелік қателік - ;
-
саусақтар осі арқылы өтетін айналым бетінің кілтектерінің параллель еместігіне байланысты жүйелік қателік - ;
-
орнату барысында кілтек жанасуындағы саңылаудың әсерінен туындайтын айлабұйым қиғаштығының кездейсоқ қателігі - ;
-
цилиндрлік беттің «D» тесігіндегі технологиялық орнық пен осы тесіктер осіндегі - өлшемдік базаның үйлеспеуінен туындайтын кездейсоқ қателік - ;
-
тек микрометрлік тереңдікөлшегішпен өлшегендегі 0,01мм өлшемдік қателіктен тұратын баптаудың кездейсоқ қателігі - ==0,02мм [1, 7 бет] (орташа мән).
б) А2 өлшеміне
-
білдек айналдырығының осі мен көлденең бағыттағы үстел берілісінің параллель еместігіне байланысты жүйелік қателік - ;
-
айлабұйымның базаланған тірегі мен оның негізінің параллель еместігіне байланысты жүйелік қателік - ;
-
баптаудың кездейсоқ қателігі А1 өлшеміндегідей - =0,02мм;
А2 өлшемін алу үшін технологиялық база пен өлшемдік база сәйкес келетіндіктен, бұл өлшем бойынша базалау қателігі болмайды.
2.3.2 «Максимум-минимум» әдісі бойынша А1 өлшемінің орындалуын есептеу. мүмкін болатын ең үлкен жалпы қателік барлық құрамдық қателіктер О-С беріліс бағытынан бір бағытта болғанда болады, сонымен қатар тетік D1-D2 тесіктерінің көлденең остері Р нүктесінің маңында әрбір жанасудағы (тесік – саусақ) саңылаудың жарты шегіндегі айлабұйым саусақтарының остеріне қатысты (тесіктер орталарының арақашықтығы) бұрылғандағы базалау қателігінен болады.
Сұлбада көрсетілген қателіктер бағыты ең нашар 1-ші нұсқада жонғыштың кірекесі О нүктесі жағынан іске асырылғанда, баптау кезінде ең нашар жағдайда D1 нүктесінен өлшенетін максимал шақтама өлшеміне тең өлшемі болады, ал шығыс өлшемі өңдеу қателіктерінің қосындыларындағы кіріс өлшемінен үлкен болады:
=+∆өңд. = +∆өңд.
2-ші шекті ең нашар жағдайда, барлық қателіктер беріліс бағытынан кері бағытталғанда былай болуы мүмкін, баптау кезінде кірекесу өлшемі болғанда, онда бұл өлшем кірісте дәл сол қателікке кішірейеді:
=-∆өңд. = -∆өңд.
Екі жағдайда да, тіпті шамалы ғана қателік болса да жарамсыздық болады.
Жарамсыздықты жою үшін А1 өлшемі бойынша 3.2.1.3 бөлімінде көрсетілген үш бағыттың екуін қарастыруға болады, себебі үшінші бағытқа құрастыру бірлігінің сызбасы қарастырылмаған.
Орындалатын өлшемдерді қатаңдату бағыты бойынша шақтама ауытқуларымен А1 өлшемінің орнына баптау өлшемін енгізу керек, мұндағы шақтама ауытқулар өлшемдер тізбегінің сұлбасына байланысты өңдеу қателігінің шамасына азаюы керек:
ESA1құр=ESA1- ∆өңд
EJA1құр=EJA1- ∆өңд
Қателіктер сұлбасынан, ықтималдықтар теориясын ескере отырып, өлшемдердің фактілік ауытқымы шекті болмаса, ең үлкен мүмкін болатын жалпы қателік:
500мм ұзындыққа 0,03мм білдек үстелі ойығының 300мм ұзындықтағы беріліс бағытына фактілік параллель еместігінен туындайтын қателік:
== 0.018мм.
Максималь мүмкүн болатын 400мм ұзындықта 0,061мм жанасу саңылауына байланысты айлабұйымның үстел ойығына қатысты бұрылуынан туындайтын: ойық – кілтектің тетіктің 300мм ұзындығына орнату қателігі:
=мм.
Тетіктің 300мм ұзындығындағы айлабұйым кілтектерінің саусақ остеріне қатысты максималь мүмкін болатын 300мм ұзындыққа 0,03мм параллель еместігінен туындайтын қателік: =0,03мм.
Жанасудағы мүмкін болатын 0,1мм максимал саңылаудан: тетіктің тесігі- айлабұйым саусағы, тетік 13 суреттегі сұлбаға байланысты Р нүктесінің маңында 0,05мм жарты саңылауға бұрылуы мүмкін, яғни 125мм ұзындыққа (центраралық өлшемде 250мм), онда 150мм ұзындыққа кемер үшін орнықтандыру қателігі: = =0.06мм.
Онда:
Өңдеу қателігі А1өлшемінде ±0,105 шақтама ауытқулармен өлшенетіндіктен жұмысшы-баптаушы үшін де орнату шақтамасы мынаған тең болып қалады:
±0,105-(±0,086)= ±0,019мм,
яғни өте аз, үнемдеу жағынан тиімсіз.Талдау қорытындысы бойынша, барлық қателіктердің ішінен ең көптері: және болатыны көрініп тұр,сондықтан айлабұйым саусақтарының босаңдату құрылымын қолдану арқылы тесік беттерінің базалауынан тесіктің осі бойынша базалауға көшу ұсынылады, ал техпроцестің операциялық суреттемесінде мынадай нұсқау бер: «Айлабұйымды орнатқанда оның кілтектерін ойықтың бір жағына қарай қыс».
Онда бұл өзгертулерден кейінгі өңдеудің жалпы қателігі:
=1.2.
Онда баптау өлшемінің ауытқуы:
ESА1бап=EJА1бап= ± 0,105 – (±0,04) = ±0,065мм.
Техпроцестің операциялық суреттемесінде мынадай баптау өлшемі орнатылуы керек: 25±0,065.
2.3.3 А2 өлшемінің орындалуын есептеу.
3.3.1 бөлімінде А2 =15-0,18 өлшемі бойынша орнатылған қателіктер ықтималдықтар теориясы бойынша геометриялық қосындылардан жалпы өңдеу қателігін туғызады:
Үстел бағыттаушысы мен білдек айналдырығының остері арасындағы 500мм ұзындыққа 0,03мм перпендикуляр еместік 300мм кемер ұзындығына мынадай білдек қателігін шақырады:
Айлабұйым беті ментетік тірегінің 300мм ұзындыққа 0,02мм максимал мүмкін болатын параллель еместігі тетіктің 300мм ұзындығында мынадай қателік шақырады: ∆=0,02мм.
Онда баптау қателігі ∆бап=0,02мм болғанда:
=0.03мм.
ESA2бап= ESA2-=0-0,03= -0,03мм.
EJA2бап= EJA2-=-0,18+0,03= -0,15мм.
Техпроцестің операциялық суреттемесі үшін баптау өлшемі: 15.
-
Достарыңызбен бөлісу: |