Метрология, стандарттау


Халықаралық және аймақтық стандарттау



бет11/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

1.13 Халықаралық және аймақтық стандарттау

1.13.1 Стандарттау аумағындағы халықаралық әріптестік міндеттері.


Халықаралық байланыстардың тынымсыз кеңеюі стандарттаудың жеке мемлекет шеңберінде қалып қоюға жол бермейді. Әр елдерде сауда, экономикалық және ғылыми-техникалық әріптестіктің сәтті жүзеге асырылуы үшін халықаралық стандарттау алдыңғы қатарға ие. Халықаралық стандарттарды әзірлеу қажеттілігі өсуде, себебі халықаралық сауданың өсу ырғағы ұлттық экономиканың дамуынан 3-4 есеге жоғары болуын ескерсе, әлем нарығында ұсынылатын бір өнімге деген әртүрлі ұлттық стандарттар халықаралық сауданың дамуына кедергі туғызады.
Мысалы, АҚШ және басқа да елдердің телевизорға деген стандарттарының арасындағы ерекшелік үшін АҚШ бірнеше елдерге өз телевизорларының экспортталуынан бас тартуға мәжбүр болды. «Филипс» Голландттық фирмасы импорттаушы елдерді қанағаттандыру үшін бір ғана радиоқабылдағыштың 12 нұсқасын (кернеу, жиілік, тоқ күші және т.б.) шығаруларына тура келді. Бірқатар жағдайларда фирмаға уақыт пен заттардың үлкен шығындарына әкелетін құрылымдық сұлбасын өзгертуге және қосымша бұйымдардың, бақылап-өлшейтін жабдықтардың көп санын қолдануға тура келді.
Бірыңғай өлшем жүйесінің – метрлік жүйесінің қабылдануына дейін Кеңес Одағының Англияға ағаш экспорттауы арасында үлкен қиындықтармен байланысқан, себебі бұл елде дюймдік өлшем жүйесі қолданылған. Сондықтан ағаш кесуші бірқатар кәсіпорындардың дюймдік жүйе бойынша жұмысқа мамандандырылуына тура келді. Англия метрлік өлшем жүйесін қабылдағаннан кейін ғана бұл қиыншылықтар жойылды.
Халықаралық сауда жағдайларын шешуде стандарттаудың байланыс қызметтері анық байқалады. Халықаралық стандарттау адамдардың, тауарлардың, энергияның және ақпараттардың орын ауыстыруына жағдай жасайды. Халықаралық стандарттарды нарыққа шығу кілті деп салыстыруы да кездейсоқ емес, 2000 жылғы мәліметтер бойынша Германия компаниялары және фирмаларының 84 % әлемдік нарыққа халықаралық және еуропалық стандарттарды қолдана отырып өз тауарларын ұсынуда.
Халықаралық ғылыми-техникалық әріптестігінің стандарттау аумағындағы негізгі міндеті үйлесімділік, яғни қазақстандық стандарттардың, отандық өнім сапасының және оның әлем нарығында бәсекеге қабілетті болу деңгейін көтеру мақсатында ұлттық стандарттау жүйесінің халықаралық, аймақтық және шет ел прогрессивті ұлттық стандарттау жүйелерімен келісуі.
Халықаралық әріптестік стандарттау бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдар желісі бойынша жүзеге асырылады.

1.13.2 Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар.


Халықаралық стандарттау аумағындағы стандарттау бойынша (ИСО) Халықаралық ұйым, Халықаралық электртехникалық комиссия (ХЭК), Халықаралық электрбайланыс одағы (ХЭО) жұмыс жасайды. Төменде стандарттау бойынша ИСО және ХЭК ең ірі халықаралық ұйымдардың қызметі қарастырылады және ХЭО туралы қысқаша анықтама беріледі.
Стандарттау бойынша (ИСО) халықаралық ұйым 1947 ж. бастап қызмет етеді. ИСО қызмет ету сферасы ХЭК құзыретіне қарасты электроника және электртехникадан басқа стандарттаудың барлық аймағын қамтиды. 2001 ж. 1 қаңтардағы жағдайға қарай ИСО қызметінде 138 ел қатысады, КСРО ұйымның негізін қалаушылардың бірі болған. ИСО қаржылық қоры мүше елдердің жарналарынан, стандарттарды және басқа да басылымдарды сатудан, қайырымдылық жасаудан түсетін қаржымен құралады. ИСО органдары: Бас ассамблея, ИСО Одағы, Одақ комитеттері, техникалық комитеттер және Орталық хатшылық; ИСО жоғары органы – Бас ассамблея (1.13.1 сұлба). Бас ассамблеяның сессиялары арасындағы уақытта ұйым жұмысымен стандарттау бойынша ұлттық ұйымның өкілдері кіретін Одақ жетекшілік етеді. Одақ жанында ИСО техникалық комитетімен жетекшілік ететін атқарушы бюро құрылған.
Халықаралық стандарттардың жобалары техникалық комитет шеңберінде қызмет ететін жұмыс тобымен әзірленеді.
Техникалық комитеттер (ТК) жалпы техникалық және техниканың нақты аумағында жұмыс жасайтын комитеттерге жіктеледі. Жалпы техникалық ТК (ИСО ішінде 26) жалпы техникалық және салааралық міндеттерді шешеді. Оларға мысалы, ТК 12 «Өлшем бірліктері», ТК 19 «Қажетті сандар», ТК 37 «Терминология» жатады. Қалған ТК (мөлшері 140 аралығында) техниканың нақты аумақтарында қызмет етеді (ТК 22 «Автокөліктер», ТК 39 «Біліктер» және т.б.). Қызметі толық саланы қамтитын ТК (химия, әуе және ғарыш техникасы және т.б.) кіші комитеттерді (КК) және жұмыс топтарын (ЖТ) ұйымдастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет