М.Әуезов «Еңлік-Кебек» (Сахналық қойылым)



Дата08.09.2022
өлшемі21.65 Kb.
#460450
М.Әуезов «Еңлік-Кебек» (Сахналық қойылым)


М.Әуезов «Еңлік-Кебек»
(Сахналық қойылым)
Қатынасушы адамдар:
1.Абыз –
2.Кебек-
3. Еңлік-
4.Есен-
5.Жапал-
6.Еспембет-
7. Бір топ Еспембеттің қасындағы жігіттері-
(Сахна қараңғылау,күңгірт. Абыз мұңға батып ойланып отыр. Сарынды күй ойналып тұрады.)
Абыз:- Күй, не дейді? Не қыл дейді?
Құйрығы жоқ,жалы жоқ,
Құлан қайтып күн көрер!
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтып күн көрер!
Елім қайтып күн көрер!
(Абызға сәлем беріп Матайдың Есен есімді батыр жігіті кіреді.)
Есен: Ассалаумағалейкум,баба!
Абыз: Әлейксәлем, Уа,қай ұлсың?
Есен: (қасына отырып) Баба,арғы атам Найман, бергі атам Сыбан,өз атым Есен.Ел қрсқан Есенге батыр деген атым бар.
Абыз: Бәрекелді, ел-жұртың аман ба? Не шаруамен жүрсің?
Есен: Келген шаруам алдымда екі тосқауыл кезең түр. Бірінен өту үшін үстем қылып жаратқан талай ақыл-айла керек.Осы екеуінен өту үшін өзіңнен ьата алу үшін келдім.
Абыз: (ойланып) Екеуіне де кеудесі қуыс пенде беретін көмек жоқ.Өз өнеріңе сенерсің.Айт жөніңді.
Есен:Ендеше, алғашқы кезеңім қайраты тең батырмен күш сынасқалы жүрмін. Ол өзіңнің іні батырың –Кебек!
Екіншісі, жастығымның кезегі матай қызы,жесірім,інімді менсінбей кетем дейді.Ерден кетсе де,елден кетіргім келмейді.
Абыз. Жігітім, қайратың адам дұшпаны арыстанға біткен қайратпен тең Кер заманға кез болған, кер кеткен елдің кер тартқан батыры екенсің.Басқа айтарым жоқ.
Есен. Жеңілдім,баба.Болды,тоқта,баба. Тек осы кебің Кебекке тиіп кетпесін. (атқып шығып кетеді.)
(Абыз ойланып отырады.Тағы да сарынды күй ойналады.)
Кебек келеді.
Кебек: Армысыз,әз аға!Асыл аға!
Абыз:Бар бол,бұл қай бала?
Кебек: Баба,Тоқтамыстың інісі Кебек боламын.
Абыз: (басын шайқап) Былай шық,балам.Ел-ер аман ба?
Кебек:Ел тыныш,ер аман,Баба!
Абыз: Сенің атыңа қанып жүрмін,Шынжыр балақ,шұбар төсім екенсің, абыройың артсын!
Кебек. Айтқаның келсін.
Абыз.Не жаймен жүрсің,балам.
Кебек: Көптен сәлем бермеп ем,сәлем бергелі келдім,өзіңізден бата алғалы келдімКелер күнімде не қауіп бар,ажал күнім қашан,. алдыңғымды болжатқалы келіп ем.
Абыз: -Бекін,жабықпайтын бол. (Қолына қобыз алып,күй ойнайды.)
«Қыз,қыз ба?-Сұрлау. Не дейді жартас?» (Абыз Кебекке қарайды.) Бауырым, ол қыз жартас түбінде кез болады,тез болады. Сақтықта қорлық жоқ,осы сөзді есіңе алып жүр.
Кебек: (теріс қарап! Жастығымда сұлу жар алып, бақытты болам десем, сәуегей не дейді?) Мақұл,Баба!
Абыз: Ұлым... Атаның ұлы азбайды. Екі сөз айтам.
Бірі, жауды жақыннан іздеме, жақыннан жау шығарсаң азғаның. Екіншісі,әйел бірде досың,бірде қас болатын кезде болады.Оған бой алдырсаң азғаның.Аңғал батыр атанып қалма. Сақ болғайсың.
Кебек: Ұқтым өсиетіңді,Баба! Қош,бол!
(шығып кетеді.)
.......................................
(Тау ішінде қой бағып,ән айтып Жапал шығады.)
Шек-шек,шек-шек,шегенек,
Мал ішінде көбелек.
Тасты көрген телмеңдеп,
Жүгіресің жебелеп.
(Айналаға қарап тың тыңдайды.)
Еңлік: Ұрып таста,ұрып таста!
Жапал: (дауыстан қорқып)Оайбай ,аға!
Еңлік:((Күліп,мәз болып) Ойбу,бетім.Батыр шөгелім-ай,барың сол ма?(Күледі)

Жапал: Е,Е,қорқыттың ғой.


Еңілік: Мына тасты құшақтап жатқаның не, тасбақа құсап?!
Жапал: (Алысқа қарап Мынау кім тағы?Тастан Еңілік әні естілсе болды жетіп келеді екен.
(Есен келеді)
Еңлік: Батыр, бұның не?Неге бұнша бүлініп тұрсың?
Есен. Осы маған жөніңді айтшы. Найманның неше ұлын алдасаң да мені алдай алмайсың..Мен батырмын.
Енлік: Батырлығыңды қайтейін,аңғалсың.
Есен: Не қыл дейсің маған
Еңлік: Менің затым әйел,қайратыңмен жұмсартам деме,ебіңмен кел,жөніңді айт,батырым.
Есен:(жұмсарып) Еңлікжан, сенің ісің құрулы садақ.құрсаулы жаудан қиын болды.Ерден кетсең де,елден кетпе.Аталы рудың келінісің.Інімді менсінбесең, өзіме ти.
Еңлік:Ата намысн қуған ұл болсаң өз құлқыныңды ойлама. Одан да ініңнің намысы қайда? Мен ініңе әлі бармаймын деген жоқпын.(күліп( Алдырып алғанбысың қалай?
Есен:Амалым жоқ.Артын тосам.
(Есен асығыс басып кетіп қалады.)
(Осы кезде сахна сыртында сарын естіледі.Дабылдатып аң қуған, аң-құстың үні.Еңлік пен Жапал елең етеді.)
Еңлік: Тоқта ,бұл не?
Жапал: Жау ма?
Еңлік ( Тас басына жүгіріп барып, садағын кезеп,атып жібереді. «Атпа» деген дауыс шығады.)
Жапал: Жығылды.Ай.... Апатай, өзіңнен асқан кім бар?
(Жігіт жүгіріп шығады.)
Кебек. Кім атты? (Еңліктің қасына барып) Сенбісің ,бала атқан?
Еңлік: Екі ататын сен емеспін,мырза, қодығың болса көрсет. (күледі).
Кебек: Атып бер депқашан айттым? Қуып атып келе жатқан өзім едім.Қызығын өзім көрмек ем.
Еңілік:Жапал,алып келіп қодығын байлап бер мына мырзаның жанына.Жүгірген аң жер иесінікі емес,жеткендікі болады.Және біз атқа мініп найза ұстаған ер азамат емеспіз.Жалғыз түп көде мен ұрттам суға таласыпматай,тобықты болып шабысатын солар ғой.
Кебек :(қасына жақындап келіп) Сонда сен кімсің өзі?Сөзің неткен ұрымтал еді?
Жапал: Өзі кім екен өзін сұрашы!
Еңлік:Жөн-жосық әуелі жүргіншіден болмайтын ба еді?
Кебек: Ендеше, мен тобықты жуан таяқ ем... Атым Кебек.
Жапал: Кебек.. Батыр Кебек қой,Еңлік?
Кебек:Еңлік,атыңа қанық ем құрбым!
Еңлік: Мен сізді көрмесем де білуші ем!
Кебек: Еркек десем ептісің,бала десем бидейсің, Еңлікке жолықтырған қодыға неткен құтты еді!
Еңлік: Көргеніме мен де ырзамын,батырым!Тағыларша тауда тартысып тараспайық,қонағым бол...Үйге жүр.
Кебек:Сен бастасаң ермес жерім болмас ,Еңлікжан! Ұмытпаспын бұл сәтті.
(Еңлік пен Кебек сахнадан кетіп,қайта шығады)
Еңлік: Батыр бері таман кел. Бүгінсіз де ұйқың қанар. Арызымды тыңда. Өз басым.,мына көріп отырған әке-шешемнің жалғыз баласымын. Әкем жас кезінде өзіңдей батыр болған,шешем Байжігіттен ер Қабанбайдың қызы, о да тексіз кісі емес. Өткен күнді қайтейін,бүгінгі халі ,қартайған күйі мынау.Осы әке-шешем бір байдың баласына атастырған болатын,күйеу былтыр ұрын келді.Бұрыннан атағын еститінмін,көзбен көріп көңілім қайтты.Теңім емес, көңілім қаламайды.қасына да жоламадым.
Өзіне жолдас болмайтынымды да айттым.Соны естіген бозбалалар жағалап жүр.Көңіліидегі ізднйтінім-теңім.Мен тең болмасам да сен тең бола аласың.Осы тілегімді қабыл аласың ба?
Кебек: Еңлікжан,сөзіңді ұқтым.Бүгінгі күннен сөз байлап алды-артымызды тұйықтамасақ қайтеді?
Еңлік: Батыр,маған аз күнгі арам жүріс керек емес.Есеппен жүретін батыр болсаң өзің біл.Сосын Есен деген батыр менің күйеуімнің ағайыны.Ол да. «Інімді менсінбесең,өзіме ти» деп жүр.Мұны да ойла.
Кебек: Тоқта! Еңлікжан,олай емес.Есенмен күш сынасып бір кездесіп ем.Енді бақ сынасып тағы кездеседі екем. Ол менімен таласқанда ,мен онымен таласпаймын ба?
Еңлік: Мен айтып болдым.Ендігісін өзің біл!
Кебек:Олай болса мен сен өлген жерге өлем. Әлдеқашан көңілім саған ауған. Қашатын күнімізді белгілейік.
(Сахнаға Кебек шығады).
Кебек: Ала көңіл арамдығым жоқ.Ешбір қасым жоқ.Жазығым жар сүйгенім болса, бердімбарды Еңлігімнің жолына.(Еңлік шығады). Келші,жаным,күпті қылмай, сертіңмен келдің бе?
Еңлік: Келдім,батыр,бар тілегім жолыңда!Оң сапар бер.Ақ тілекпен аттанам деп келіп тұрмын.
Кебек: Алдым қабыл!Ақ тілеуің басшы болсын алдымда. Жүр,жаным!
(Жапал жүгіріп шығады да Еңлікті құшақтап)
Жапал: Еңлік апатай,қайда кеттің? Не деп барасың?
Еңлік:Менің жолым осы болды,Жапал!
Жалғыз күңіренген екі кәрім қап барады қолыңда.Баласы бол.Қасында бол!
Жапал: Қайтып қиям,апатай? Іздеп барам,бауырым жоқ деме.Жолыма жанын қияр бауырым Жапал бар деп кет...!
Еңлік; Қайда жүрсемде хабарымды біле жүр.Жақсы күнде көрістірсін,жасаған.Қош,бауырым! (Еңлік жылап кетеді,Жапал жылап қалады.)
Есен кіреді де Кебек тап береді.
Есен. Кебек,бір-екі ауыз сөзімді айтқыз.
Кебек сен мені іздеп тауып тұрған жоқсың, мен сені таптым.Найман тобымен бірге келсем сенімен алыстырмас. Енді келсең кел!
Кебек: Олай болса ер екенсің,кел!
(Екеуі қатты алысады.Кебек жеңіп құлатады.)
Еңлік: Жасаған,жаның аман қалды ма?
Кебек:Дайындалыңдар, мен атты әкелем.Біз қашқынбыз.Өмір бойы қашқын боламыз.
(Кебек атын алып келуге шығып кетеді.Еңлік буынып-түйініп дайындалып жатады.)
Дауыс:Жау мұнда! Қапта-қапта!
Еспембет: Тоқта мынау Есен ғой.Өлтіріп кеткен екен.
(Еңлікті көріп қалады.)
Дауыс: Айт жаныңның барында.
Еңлік: Мені ұстағаннан кейін оны да ұстадыңдар ғой.
Дауыс: Ә,батыр келдің бе?
Кебек: Келдім.Еңлігім өлген жерде мен де өлем деген уәдем бар.Сол үшін келдім. (Садағын кезенеді.)
Еспембет: Ат мен бар,мына...
Еңлік: Сәулем,атпа! Тілеймін!Өлсекте жазықсыз өлейік!
Еспембет: Байла!
Еңлік: Ей,азаматтар, өлтірерде үш-ақ тілек бар емес пе?Үш түрлі тілек айтам.
Еспембет: Тоқта! Айт тілегіңді.
Еңлік: Кебекпен арыздасайын.Екінші,өлтірген соң бір жерге көміңдер.Үшінші,соңғы тілегім,бізде жазық болса да ,мыена бейшара сорлыда жазық жоқ қой.Ата-анамда ұрпақ жоқ,зарлап өтіп еді,енді мен екеш мен де жоқпын,соларға табыс етіңдер.Жетім қозы солардың бауырында зарласын. Бар айтарым осы.
Еспембет: Жарайды босатыңдар.Қоштаса ғой жарыңмен.
Кебек: Еңлікжан,кеш маған...
Еңлік: Сен де мені кеш...
Құшақтары айқасады. Еспембет садақпен атады.Екі жас құшақтары айқаса құлап түседі. Осы кезде Жапал шығады. Екі иығынан демалып Еңлік пен Кебекке қарап қалған. Бір жақтан Абыз шығады. Жапал Абызды көрмейді.
Жапал: (Абызды көрмейді. Құндақтағы баланы қолына алып,бауырына басып)
Сорлы ,қозым!Қошақаным! Жетпей қалған,жетім қалған, бауырым!Елсіз,ессіз далаға тастап кеткен тас бауырлар!Бөрілер)
Абыз:Бір қабат ақ шапанын өлгендердің бетіне жабады.АҺ,заман,құшақтарың айқасып кеткен шерменделер!
Жапал: (Абызды көріп,баланы көрсетіп)
Көргі,көрші міне, қамкөңіл ата! Мынаны өлсін деп аш бөріге тастаған.Осы ма еді ел деген? Көріп пе едің алмастығататай?!
Абыз:Ата... Атамын мен аңыраған.Мен ата,сен немере.Бауырыңдағы шырылдап қалған шөбере.Бауырым һрт,үнім зар! Ата,немере,шөбереміз-үш зарлық!Ел олар емес, ел бізбіз,жан балам!жазықсыздар аттарын ақтап өтсін, сақтап өтсін...Жадыңжа тұт,жасыма. Ертең (сәбиді нұсқап) мен өсиет еткенді сен өсиет ет жасың жеткенде.Жасыма десін,арғыларға ұрпаққа. Жадыңда тұт)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет