Мұғалімдер күні мерекесіне арналған
«Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік жиын
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Жүргізушілер.
1 жүргізуші: Бескемпирова Мадина
2 жүргізуші: Молдахмет Әділет
Мектеп студиясы
1 жүргізуші: Жанат Ибрагим
2 жүргізуші :Сапиева Лейла
Фанфары
І жүргізуші:
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
ІІ жүргізуші:
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сіздерде Ұлы Отанның болашағы.
І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
ІІ жүргізуші:
Иә, Мадина мен сенімен келісемін. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
І жүргізуші:Әділет, сен білесің бе? Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі қандай ұшан теңіз! Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
І жүргізуші: Олай болса, бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік жиынымызды ашу және марапаттау үшін мектебіміздің директоры Шаймерденов Қанат Қиянбекұлына сөз береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |