Мұғалімнің аты-жөні:
Сагиева Айгүл Кадировна
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «А.С.Пушкин атындағы орта мектебі» КММ- нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Санаты: педагог-зерттеуші
«Ыбырай Алтынсарин ізбасарлары»
атты өңіраралық педагогикалық форум
БАҒЫТЫ: «Ыбырай Алтынсарин және Ұлы даланың ағартушылық мұралары».
ТАҚЫРЫП: Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің мәні.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ МАҚСАТЫ: Ұлы ағартушының педагогтік мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасу және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыруды жетілдіру.
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің мәні
Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі -оқу сауаттылығы.
Оқу сауаттылығы:
Ақпаратты табу;
Мәтінді интерпретациялау;
Рефлексия және бағалаудан тұрады.
Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі
Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі технологияларды пайдалануға болады. Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделген. Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Оқу сауаттылығы бойынша оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет.
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал –түрлі жаңа технологиялар, әдістер мен тәсілдер. Біз бұл жұмысымызда оқушылардың оқу сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістерінің рөлі мен маңызын ашып көрсетпекпіз.
«Бірге жиналу – бұл бастама, бірге қалу – бұл алға жылжу, ал бірге жұмыстану – бұл жетістік» деп Генри Форд атап көрсеткендей, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді белсенді оқыту әдістерін анықтау бағытында 5-6 сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ы. Алтынсариннің әңгімелерін алдым.
«Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудағы Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің мәні» тақырыбы анықталып, күтілетін нәтижелер белгіленді.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері белгіленеді:
- Мектептің оқыту мақсатына тоқтала отырып, ойларын айта білуге жетелеу.
- Мәтінмен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
- Мәтінге сұрақ қоя білуге үйрету.
- Берілген жоғары-төмен дәрежелі сұрақтарға жауап беру.
- Мәтіннен негізгі идеяны таба білу.
- Мәтінге сүйеніп диалог құрастыра білуге дағдыландыру.
- Мәтіннен түсінгеніне сүйеніп, ой қорыта білуге дағдыландыру.
Сабақтың пән бойынша мақсаты айқындалғаннан кейін үш деңгейлі оқушыдан күтілетін нәтиже және оқушылар белгіленді.
С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады.
В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады.
А деңгейі - мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.
Мысалы, Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінде «С» деңгейлі оқушының жеңіл сұрағы -Бала неше жаста?- деген сұрақ болса, «В» деңгейдегі оқушы « Таға деген не?», «Ұста деген кім?», «Бала неге жалқау?» түріндегі сұрақтар болды. Осы жерде айта кетерім, ауыл мектептерінің оқушылары ұста, таға сөзінің мағынасын біледі. «А» тобындағы оқушылардың сұрақтары «Аз жұмысты қиынсынсаң -көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең-көптен де құры боласың" дегенді қалай түсінесің немесе «Әңгіменің басты тақырыбы не?» мазмұндас болып келді.
Мәтіннен алған түсінігін қорыту, өмірмен байланыстыру, дәлелдеуді қажет ететін «Фишбоун» әдісімен жұмыстануда оқушылар берілген балық қаңқасына әкесінің тағаны ала жүр деген сөзін, баласының ерінгенін, әкесінің ескі тағаны алып ұсталарға сатқанын, үш тиынға шие сатып алғанын анықтап, дәлелдерін келтірді, қорытынды жасады. Негізгі проблема мен қорытындыны оқушылар топта бірлесіп анықтады. Мысалы, оқушылар «Әкесінің сөзін тыңдамаған баласының шие үшін оншақты рет иілген» себебін атап көрсетуде мәтіндегі ойды түсінгендігін көрсете білді. Нәтижесінде , бұл әдісті оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда, түрлі мәтіндерге талдау жасауда қолданудың тиімді екеніне көз жеткіздік.
«Соңғы сөйлемді мен айтамын» әдісі арқылы білім алушылардан таратылып берген парақты (не дәптердің бетін) төрт тік сызықпен бөлу сұралады. Мәтіннен алынып берілген үзіндіні, қысқа мәтінді, ол поэзиялық немесе прозалық шығарма болуы мүмкін, мысалы:
Әңгіменің авторы
Ы.Алтынсарин
|
Әңгіме
«Жаман жолдас».
|
Әңгіме бойынша сұрақ
|
Сұрақ бойынша өзіндік пікір, ой, көзқарас
|
|
|
|
|
Бұл әдісте мұғалім таңдалған мәтін немесе үзінділер мен олардың әсері туралы талқылауға басшылық жасайды. Ал білім алушылар өз пікірін айтуға, ойын дәлелдеп жеткізуге дағдыланады. Сондай-ақ бұл әдісте білім алушылардың әңгімені, мәтінді, поэзиялық немесе прозалық шығармадан алынған үзінділерді құр жаттап не мәнерлеп оқып қана қоймай, өзіндік ой бөлісу мен оны қолдану, өз көзқарасын білдіру, ойын жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді, көмектеседі. Толтырылған кестені сыныпқа таныстырады, жұмыстарын қорғайды.
Келесі бір мысал, оқылым тапсырмасына Ы.Алтынсариннің «Салақтық», «Жамандыққа жақсылық», «Шеше мен бала» т.б әңгімелерін алуға болады. . Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, берілген сөз тіркестеріне назар аударады, яғни өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі. Ал сөз мағынасын контекстен ажырату тәсілі арқылы — мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын түсіну үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аударады.
Достарыңызбен бөлісу: |