МұҒалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым – Қосымша нұСҚаулық


Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым – жаттығу үлгісі



бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі68.5 Kb.
#464198
1   2   3   4
6 Бастауыш 9к 5ҮМ Мұг.жетек.жаз. каз 1.1н 10.03.17

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым – жаттығу үлгісі
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым сабағында оқушы мұғаліммен бірге отырып, өз мәтіндерін өз бетінше құрады. Мұғалім оқу мақсатына жетудің ең жақсы әдісін іздеуде оларға қолдау көрсетеді. Үлгі ретінде 2-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу жоспарын алуға болады: «Жазу ережелерін сақтау» - Бағытталған жазуды оқушыларға қандай сөз немесе сөз тіркесі қажет екенін таңдау үшін қолданыңыз. Неғұрлым көбірек деталь қолданса, соғұрлым кейіпкердің әшекей бұйымды таңдауы оңай болатынын түсіндіріңіз.
Оқушылардың:
суреттеу/сипаттау сөздері мен сөз тіркестерін таңдауын және қолдануын;
жаңа сөздерді жазуға талаптануын, жазуын бағалаңыз.
Барлық оқушылар өз сөздерін жеке-жеке жазып, содан кейін оларды мұғалімге көрсетіп, оқушылар бір-бірімен алмасуы керек. Мұндай алмасу оқушыларға мақсатқа қаншалықты жеткенін анықтауға септігін тигізеді. Оқушылар бір-бірінен, сондай-ақ мұғалімнен, тапсырманы орындауда қалай ойланып, әңгімелеп және жазып отырғаны туралы кері байланысты тыңдай, ұсына және айтылған пікірлерге сәйкес әрекет ете отырып үйренеді. Мұғалім әр оқушының ілгерілеуін бақылай алады.
Мұндай жазылым тәсілі қосымша қолдауды қажет ететін оқушылар үшін пайдалы болмақ, сонымен қатар барлық оқушылардың үлгерімін жақсарту үшін де пайдалануға болады. Мысалы, 2-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу жоспарындағы қысқа мерзімді жоспар үлгісін қараңыз.
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым оқушыларға қосымша көмек береді, бұл олардың жазылым бойынша және оқу мақсаттарына анағұрлым тиімді жетуі үшін маңызды рөл атқарады. Бірлескен жазылым бойынша сабақта зерделенген білімді жай ғана қайталаудың қажеті жоқ.


Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым – қолдау
Оқушыларды қысқаша тәжірибе алмасуға тартаныңызға көз жеткізіңіз. Мысалы, бөлімге ат қоюда, ақпаратты топтастыру және жинауға қатысты шешім қабылдауда мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылымды пайдалана аласыз.
2-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» Ж 12.2.1 Сөйлем түрлерін айтылу интонациясына қарай ажыратады және сәйкес тыныс белгілерін қолданады.
Оқушылардың қабілеттерін тексеріңіз:
- тыныс белгілерін дұрыс қолданып, сөйлем құрай білетіндерін;
- сипаттама сөздер мен сөз тіркестерін қолдануларын;
- кейбір жаңа сөздерді қолдануларын;
- оқырманның көзімен қарап, жазғанын әдемілеп әсерлеулерін;
- әріптерді бір-біріне жалғап, анық, көркем жазуларын.
Осы жаттығу барысында оқушыларды терең әңгіме жүргізуге тартыңыз және белгіленген мақсаттарға оқытыңыз. Мәтін құру, сөйлем құрылымы, орфография және тыныс белгілерін қоса алғанда, жазылымның барлық деңгейіне арналған әдіс-тәсілдерді үйреткен жөн екенін естен шығармаңыз.
Оқушыларға көмектесу мақсатында әдіс-тәсілдердің қысқаша үлгілерін немесе шпаргалка ұсыныңыз. Оқушылармен осы әдіс-тәсілдерді бүгінгі сабақ кезінде өз жазылым жұмыстарында қолдану мәселелерін қысқаша талқылаңыз.
Оқушыларға мүмкіндігінше еркін жазуға уақыт беріңіз. Жазу кезінде әр оқушыға жеке нұсқау беріп отырыңыз, себебі, оқушылар да ескерту немесе қолдау күтеді. Оқушылардың қалай жазып, өз ойларын қалай бағыттайтынын бақылаңыз және бағалаңыз.
Оқушылар жазылым кезінде мәтіннің қысқа да болса, аяқталған бөлігін орындауына үнемі назар аудару маңызды болып табылады.
Қысқаша пікір алмасу жаттығуын өткізіп, әр жазушыға өз жұмысын сыныпқа бірден көрсетуге (оқып беруге) мүмкіндік беріңіз. Бұны жұптасып, топта немесе бүкіл сыныппен жүргізуге болады. Бұл бөлім әр жазушыға олардың жазылған мәтінін толықтай тексеруге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет