Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Ұрпақ денсаулығын шыңдау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру



бет46/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Ұрпақ денсаулығын шыңдау мен салауатты өмір салтын қалыптастыру
Акилбекова Кентай Сарсембаевна. О. Шораяқұлы атындағы №30 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Resume
To grow the health of teenagers and healthy away of life
Young generations the future of our country, the person which configure our life. How if will be in future our teenagers? This is a popular theme in Kazakhstan. Generation for our life should take requires, wishes from all of sides.
Pupil took the kindness, beauty, cleanliness’ from environment, from family, from school.
One of schools’ work is now to spend summer holiday of schoolchildren.
The summer holiday, the child’s centre are main Centre to know the children’s ability.
Also sport games help to grow generations’ health and healthy away of life.
Diary regime, eating regime, morning exercises are help for the younger.
There are many things which help for our generation.

  1. morning exercises

  2. Sport games

  3. Funny start

  4. National games

  5. relays games

  6. Tennis, chess, checkers games to organize

  7. Basketball, volleyball, football games

We can organizes many clubs of dispassion conversation, which are dangerous for our health. For example drinking al school, smoking drug etc. Also we hare to agitate this actions on the centre of the generation.
Healthy away of life - the main plumbean economical an important problem of Kazakhstan From 1998 in Kazakhstan there is a centre are works on it.
The main aim of the school is to teach students and to develop students health.
Societies main rich – person, persons main rich health. Actually person should help to the society and person be healthy poverty.
We live in Kazakhstan. Kazakhstan is a young republic. The future of Kazakhstan must be bright, well. The future of our generation is health, health should be strong and the best.
Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, мызғымас болашағы және өмірімізді тікелей жалғастырушы өкіл. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі қандай азамат болатыны мәңгілік тақырып. Бұл – білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін көрсетеді. Аса маңызды бұл іс орта мектептің, жас жеткіншектерге тәлім – тәрбие беретін орындардың еншісінде.
Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, қоғамның талап – тілегіне тәуелді күрделі процесс. Оның өзіне тән заңдылығы, қағидасы, ұйымдастыру формалары мен әдістері бар. Мысалы, тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің байланыстылығы, тәрбиеленушілердің іс - әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру.
Халықта «Әуелі – тұқым, сонан соң – күтім» деген асыл сөз бар. Сондықтан мектепте болсын, тынығу орындарында болсын оқушы басын бағалауға, денсаулығын сақтауға, тұлғаның өсіп - өнуінің сәтті болуына, рухани күтімге негізделуі қажет.
Дене шынықтырумен айналысып, таза ауада серуендеп, әрқашан жаман ойдан аулақ болу керек. Табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, қажетімізге дұрыс пайдалануды, денсаулығымызға зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Қолайлы орта адамның өз денсаулығын сақтаумен айналысады. Соңғы уақытта дүние жүзілік денсаулық ұйымы әлеуметтік және табиғи ортаға көп көңіл бөлуде, өйткені олардың денсаулыққа қолайлы жағдай тудыруының маңызы зор.
Әдеміліктің, сұлулықтың, тазалықтың, қайырым – мейірім, жанашырлықтың барлығын бала ең алдымен отбасынан, мектептен,өзін қоршаған ортадан алады. Осы орайда, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын сауықтыру мен еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру шаралары мектеп жұмысының басым бағыттарының бірі болып саналады.
Оқушыны терең танып білуде, тиімді тәрбие жұмыстарын жүргізуде жазғы тынығу лагерлері, балалар орталықтарының рөлі ерекше.
Балалар орталығындағы жүргізілетін спорттық іс – шаралардың ұрпақ денсаулығын шыңдау мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызы бар.
Күн режимі, тамақтану режимі бой сергіту жаттығулары баланың сауықтыру жұмыстарын жақсартады. Денсаулықты шыңдау жолында төмендегідей жұмыстар жүргізуге болады:

  1. Таңертеңгі бой сергіту жаттығуы.

  2. Спорттық ойындар.

  3. Көңілді старт.

  4. Ұлттық қимыл – қозғалысты ойындар.

  5. Эстафеталық ойындар.

  6. Теннис, шахмат, шашка ойындарын ұйымдастыру.

  7. Баскетбол, волейбол, футбол ойындары.

Салауаттылықты насихаттау жолында адам өміріне зиянды заттар, ішімдіктің адам өміріне тигізетін зияны туралы, темекі мен алкогольдің денсаулық пен ақыл – есті тонаушылар екені туралы әңгіме, пікірсайыс, түрлі клубтар ұйымдастыруға болады.
Сонымен қатар жасөспірімдердің көзқарасына, талғамына, құштарлығына олардың айналасындағылар, құрбы – құрдас, серіктестері ықпал етеді.
Балалар орталықтарында ұрпақ денсаулығын шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау қажет.
Деннің саулығы, жанның тазалығы, тұлғаның сымбаттылығы адам денсаулығының белгісі. Деннің саулығы – елдің байлығы болмақ. Денсаулық та табиғаттың тартуы. Ендеше денсаулықтың қадірін біліп, оны жастайыңнан сақтаған дұрыс. Адам баласы қашанда салауаттылықтың сырын іздеген.
Тән тазалығы мен жан тазалығына жеткізетін денсаулықтың құпиясы:

  1. Денсаулық пен сырқаттың негізі – ақыл – ойымыз.

  2. Біздің тыныс алуымыз.

  3. Шынығу әрекеттері.

  4. Дұрыс тамақтану.

  5. Күлкі – мәңгілік емші.

  6. Демалу күші.

  7. Тұлғаны түзу ұстай білу.

  8. Шынайы денсаулықтың болуы.

  9. Сенім күші.

  10. Сүйіспеншілік күші.

Қазіргі таңдағы еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік – экономикалық маңызы зор мәселелердің бірі – осы салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Бұған дәлел 1998 жылдан бері Қазақстан аумағында салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық орталығы өз жұмысын жүргізіп келеді. Экологиялық ортаның нашарлауы кезінде салауатты өмір салтын насихаттау көп сөз болуы керек.
Оқу орнының басты міндеті – білім берумен қатар жан – жақты жетілген, денсаулығы мықты шәкірт тәрбиелеу.
Қоғамның басты байлығы – адам, адамның басты байлығы – денсаулық.
Сондықтан әрбір адам қоғамға, Отанына пайдасын тигізу үшін дені сау, күшті, епті, икемді, өмірге төзімді, жылдам қабілеттері болуы тиіс, Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Баланың жан тазалығы денсаулығына әсер етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл күй де көтеріңкі болады.
Өзіне және өзгелерге деген адал сезім, ақыл – ой салауаттылықтың негізі.
Денсаулықты сақтау мен нығайту адамның өз қолында.
Денсаулықтың мықты, жанының таза болуы адамның айналасындағы адамдарға қуаныш сыйлап, салауатты өмір салтын ұстануына да байланысты.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төменде, сырқаттанушылық және өлім – жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестілік, адамгершілікке жат мінез – құлық кеңінен етек алуда.
Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктеу, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан – жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы Елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе де болады.
Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет