№3 облыстық балалар оңалту орталығы
Шиелі кенті, 2011 жыл
Бағдарламада:
9.00 - Қонақтарды күтіп алу.
9.00-9.30 – Балалар шығармашылығынан көрме.
Көрмені таныстырушы Г.Айдарова
9.30-11.00 - Орталықта жүргізілетін түзету, дамыту сабақтарына
қатысу.
11:00-11.10 - «Орталық тынысы»
ОБОО директоры М.Е.Адамова
11.10-11.17 - «Емдік оңалту жұмыстары»
Бала дәрігері Г.Суюндикова
11.20-11.40 – Дөңгелек стол. Ата-аналармен пікір алмасу.
Әлеуметтік педагог Н.Еспанова
«Тірек-қимыл аппаратында кемістіктері бар балалардың
сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты»
Логопед А.Фазылова
11.35-11.42 «Алтын сарай» тренинг
Дефектолог Г.Садық
11.45-12.00 Балалардың ән-шашуы.
Бір тамшы мейірім
оларды бақытты етеді.
Біздер ғана емес,
олар да, түрлі-түсті түстер көреді. Олай болса, олардың өмірлері жақсы болуы үшін қолымыздан келгеннің
барлығын жасап, қамқорлығымызды аямайық.
№3 облыстық балалар оңалту орталығы
Дөңгелек стол
Әлеуметтік педагог Еспанова Н.
Шиелі кенті
«Бізді жетелеген болашаққа деген сенім»
-
Әлеуметтік педагог Н.Еспанованың баяндамасы.
2. Ата-аналармен пікірлесу.
3. Қорытындылау.
Барлық адам баласы өмірге келіп, дүниені тани бастағанда бақытты. өз-өзіне сенімді болуды аңсайды, соған қиял жүгіртеді. Жұмыста,қызметте,оқуда табысқа жетуді мақсат тұтады. Бала болсын,ата-ана болсын алдында не күтіп тұрғанын болжай алмайды. Сондықтан жақсылыққа да, жамандыққа да шүкіршілік етіп әр нәрсеге дайын болуымыз керек. Тағдырымызға мойынсынбай күресуіміз керек,оның алдын алу қажет.
К.Маркс «Өмір дегеніміз - күрес»
М.Мақатаев «Өмір - өзен»
Ж.Жолдыбаев «Өмір - орман»
Жалпы үшеуі де дұрыс сияқты,өйткені Өмір адамның соңғы деміне дейін тәрбие.
Қ .Р. Президенті Н. Назарбаевтың 2002 жыл 11 шілде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы шықты. Осы Заң кемтар балаларды қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындап, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеуге, оқытуға бйланысты келелі мәселелерді шешуге бағытталған. Соның айғағы ретінде біздің ауданымыздан ашылған №3 Облыстық балалар оңалту орталығы.
Дамуында кез-келген ауытқуы бар балалар үшін ең маңыздысы бұл аз мөлшерде өзіне қызымет көрсету дағдыларын, қоршаған дүниені бағдарлауға үйрену және қаншалықты мүмкін болса соншалықты дербес өмір сүруге бейімделу. Сондықтан да сіздер мен біздің міндетіміз қоғамдағы осындай балалардың қарапайым өмірін қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыру. Оңалту жұмыстары тек арнайы ауруханаларда немесе сауықтыру орталықтарында ғана жүруі мүмкін деп ойлайтын ата-ана қателеседі. Негізгі оңалту жұмысы отбасында күнделікті және жүйелі түрде, ұзақ уақыт, барлық жанұя мүшелерінің, жақындарының қолдауымен жүргізілуі керек. Сонда ғана сіз бен біз екі жақты жүргізген жұмыстың арқасында белгілі бір нәтижеге қол жеткіземіз. Біздің орталығымыздағы балаларымыздың көбі балалар церебрельді параличі (балалар сал ауруы) ДЦП қайта қалпына келтіру ұзақ уақытта кешенді емді, баланың ата-анасының шыдамдылығын қажет етеді. Емдеу жұмыстары неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оң нәтижесі болады. Ем – дәрі-дәрмекпен, массаждың түрлі әдістері, емдік дене шынықтыру жұмыстары, ортопедтік көмек, физиотерапиялық ем-домның жүргізілуі түрінде жасалынады. Осының ішінде бізде қазір ЛФК, емдік уқалау, физиотерапия түрлері жүргізіліп жатыр. Баланы оңалтуға көмектесетін әдістің, тәрбиенің бірі ойын арқылы жүзеге асады. Мысалы: психологиялық дене бітімдік бұзылуы бар балаларда истерикалық, айқайлап ауруы ұстауы, мінез-құлқындағы ызаланып және агрессия болады, олар мұны тілегіне жету үшін жиі қайталанады. Сондықтан жанұяда баланы мадақтап, мейірімділікпен қарап, ашу-ызасын қойдыратын ерекше бір жылы қарым-қатынасқа түсіп, сәбидің өзіне-өзі сенімділігін тудырып, жақсы мінез-құлқын мадақтау керек. Қорыта келе, сіздің ерекше қажеттілігі бар сәбиіңізге нәтижелі оңалту тілейміз. Өмірде оптимистік көзқараспен төзімділік пен шыдамдылық болсын. Тірек қимыл аппаратының бұзулулары мен байланысты мүгедектеріне қарамастан, осындай диогназы бар көптеген адамдардың арасында дарынды ғалымдар, суретшілер, спортшылар бар екенін білеміз. Олай болса, «Болашаққа жетелеген сенімдеріңіз » сәтті болсын.
№3 облыстық балалар оңалту орталығы
Тірек-қимыл аппаратында
кемістіктері бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты
Логопед Фазылова А.Д.
Тірек-қимыл аппаратында кемістіктері бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты
І. Тірек-қимыл аппаратында кемістіктері бар балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты.
ІІ. Дизартриядағы түзету жұмыстарының бағыттары.
ІІІ. Балалардың сөйлеу тіл бұзылыстарының алдын-алу мәселелері.
ІҮ. Баламен түзету жұмысына отбасының алатын орны.
Балалар сал ауруы (параличі) іштегі нәрестенің жатырда даму кезеңінде, туылғанда, балаланың алғашқы жасындағы даму деңгейінде бас миына патологиялық әсер ететін түрлі зиянды факторлар әсерінен пайда болады. Зақымдану ең алдымен бас миының қозғалыс ядроларына тиіп, бас миының даму бұзылысы-даму кешігуіне әкеп соғады.
Церебральді параличі бар балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық жағының бұзылыстары дизартрияның бұзылыстары ретінде квалификацияланады.
Ең таралған түрі- бульбарлы дизартрия. Мұнда бұлшық еттер тонусының бұзылыстары байқалады.
Дизартриядағы түзету жұмыстарының бағыттары.
1. Логопедиялық жұмысқа дизартриясы бар балалардың жалпы және қолының ұсақ моторикасын дамыту:
-
сөйлеу моторикасын жетілдіру,
-
сілекей ағуын жою,
-
артикуляциялық аппарат мүшелерінің массажы,
-
арнайы артикуляциялық гимнастиканы жүргізу.
2. Сөйлеу тіл бұзылыстарын дамыту:
- дыбыс айту бойынша,
- сөйлеу тілінің лексика-грамматика жағын жетілдіру жұмыстары.
3. Фонематикалық талдауды қалыптастыру:
- тыныс алу,
- дауысты дамыту жұмыстарын енгізу керек.
Жұмыс мерзімі ұзақ.
Қимыл - бұзылыстары бар балаларға ерте көмек беру, анықтау міндеттері мен мазмұны.
Дамуында ауытқуы бар балалардың және оның отбасының тағдыры көбіне неғұрлым ерте және квалификацияланған диагностикаға, ақаудың себептерін уақтылы айқындауға, қажетті алдын-алу шараларын жүргізуге байланысты.
Дамуында ауытқуы бар балаларды ерте айқындау үшін бір жасқа дейін балаларды уақтылы, жан-жақты тексеру және түзету жұмыстарын ерте бастау керек.
Баламен жүргізілетін түзету жұмысына отбасы белсене қатысу керек.
Сөлеу тілі кемістігін жоюдағы ең басты рольді жанұя атқарады. Монда ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады.
№3 облыстық балалар оңалту орталығы
«Алтын сарай»
релаксация жұмысы
Дефектолог Садық Г
П р а к т и к а л ы қ ж ұ м ы с
« Р е л а к с а ц и я »
Күні: 18.05.2011жыл
Тақырыбы: «Алтын сарай» релаксация жұмысы
Аталған жұмыс педагогикалық ұжыммен жұмыс істейтін психологтың қызметіне арналған.
Мақсаты: Әркімге өз орнын тауып, топ мүшелеріне өзін біртұтас жүйенің ішінде дара екенін сезіндіру мүмкіндігі бар. Өмірде болып жатқан күйбең тіршіліктен бір мезгіл тынығу, шешімін таппай жүрген мәселелерді уақытша ұмыту, түйсіну процесін дамыту мақсатында қолданылады.
Осы жұмыс педагогикалық әдістемелік семинарда оқылуы мүмкін және психодрама сияқты түзету мақсатында сахналануы мүмкін. Осылайша педагогтар мен психологтың өзара қарым-қатынасы қалыптастырады.
Көрнекілігі: магнитофон
Барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологтың кіріспе сөзі.
Менің сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырған практикалық жұмысын «Алтын сарай» релаксация жұмысы. Аталған жұмыс педагогикалық ұжыммен жұмыс істейтін психологтың қызметіне арналған.
Мақсаты: Мұнда, әркімге өз орнын тауып, топ мүшелеріне өзін біртұтас жүйенің ішінде дара екенін сезіндіру мүмкіндігі бар. Өмірде болып жатқан күйбең тіршіліктен бір мезгіл тынығу, шешімін таппай жүрген мәселелерді уақытша ұмыту, түйсіну процесін дамыту мақсатында қолданылады.
Бұл жұмыс педагогикалық әдістемелік семинарда оқылуы мүмкін және психодрама сияқты түзету мақсатында сахналануы мүмкін. Осылайша педагогтар мен психологтың өзара қарым-қатынасы қалыптастырады.
ІІ.Психологиялық дайындық. Енді сіздерден сұрайтыным, ыңғайланып отырып, өздеріңізге кедергі келтірмейтіндей етіп заттарыңызды жинақтап, менің нұсқам бойынша ойша жүріп отыру.
Негізгі бөлім.
Дайын болсақ, бастайық. Музыка.
Көзімізді жұмып, терең дем алып, еркін тыныстайық. Сіз көктемгі табиғат аясында серуендеп жүріп келесіз. Мамыражай мамыр айы. Ағаштар жапырақтарын жайқалтып, гүлдеп, жасыл желекке айналған. Әрбір ағаштың жанынан өткен сайын жасыл жапырақтың иісін сезініңіз.
Сіз қызғалдақтардың арасында келе жатырсыз. Қызғалдақ гүлі қызыл-сары түспен әсем кілемдей құлпырады. Алдыңызда биік заңғар тау көрінеді. Таудан салқын самал жел еседі. Құлағыңызға бұлақтан сылдырап аққан судың дауысы келеді. //
Самал желдің бетіңізден өпкен лебін, райхан гүлінің иісін, судың аққан дыбысын, құстардың сайраған әнін естіңіз. Осының барлығына жаныңызды ашыңыз: салқынға, тыныштыққа, дыбысқа... Бүкіл айнала сіздің денеңізді бастан аяқ толтырсын. «Иә» деген сөз барлық әсерге енсін, осы сөзбен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз). Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Өз өткеніңізге, бүгініңізге, ертеңіңізге күлімдеңіз. //
Бұл жағымды сезім өте нәзік, жұқа, жаңа ғана ашылған раушан гүл секілді, ол сіздің жүрегіңізде ашылады, сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады. Өзіңізге айтыңыз: «Мен салмақтымын, төзімдімін, қиындықты жеңіп келемін, келешекте мені жақсы күндер күтіп тұрғанына сенімдімін».
Осындай жағымды көңіл-күймен келе жатқанда алдыңыздан алтын күмбезді зәулім сарай көрінеді. Сізден кол созым жерде тұрған алтын сарайға қарай беттейсіз. Жақындаған сәтте алдыңыздан сарайдың қақпасы ашылады. Табиғаттың әсем әуенімен үйлескен бұлбұл құстардың сайраған әнімен сарайдың есігін ашасыз.
Сіз аттап ендіңіз. Сарайдың іші ерекше безендірілген бөлмелерге толы. Сіз алғашқы бөлмеге кірдіңіз. Бөлмеде уылжып піскен жемістер дастарханда жайнап тұр. Өзіңіз ұнататын жемісті таңдап алып, дәм татыңыз.
Сіз «жеміс бөлмесінен» шығып, жоғарғы бөлмеге аяқ бастыңыз. Бұл бөлмеде, сіз, аяулы анаңызды, асқар тау әкеңізді, бірге туған бауырларыңызды, ағайын туыстарыңызды көріп, ерекше күйге бөленіп, сағынышыңызды басып, қауышасыз. //
Келесі бөлмеде сізді дастархан басында бала күннен бірге өскен дос – жарандарыңыз құшақ жайып қарсы алады.
Жоғары қарай көтеріліп, соңғы бөлменің есігін аштыңыз. Әсем өрнектелген сандықтардың есіктері айқара ашылып, ішінен алтын теңгелер, бағалы гауһар тастар төгіліп жатыр. Сандықтарға жақындап, көңіліңізге ұнаған інжу-маржаннан, алтын теңгелерден қоржынды толтырып алып, бөлмеден шықтыңыз.
Жоғарыдан төменге қарай аяқ басып келесіз… ойыңызда дәл осы шақта бір ғана сұрақ: Осы байлықты кіммен бөліссем екен? Ата-анаммен бе? Туған бауырларымен бе? Қиын сәтте қолын созған достарыммен бе? Кіммен бөлісемін? Кімге жақсылық жасаймын?
Терең дем алып, көзімізді ашайық.
Қорытынды бөлім. Құрметті ата-аналар, сіздер «алтын сарайға» саяхат жасап, оралдыңыздар. Ендігі кезекте «Алтын сарайдан» алған әсерлеріңізбен бөлісейік. Көкейде тұрған сұрақтар, алған әсерлеріңіз жайлы еш қысылмай, ортаға салайық. ...............................................................................
Бүгінгі шара өз мәресіне жетіп, сіздер жақсы әсер алдыңыздар деп ойлаймын. Өмірлеріңіз «Алтын сарайдың» бөлмелеріндей жақсылыққа, бақытқа, қуанышқа, байлыққа толы болсын. Бір тамшы мейірім біздің балалар үшін бір қоржын алтынмен тең. Бір тамшы мейірім оларды бақытты етеді. Олай болса, балаларымыздың өмірлері жақсы болуы үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасап, қамқорлығымызды аямайық. Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |