Мұхтар Әуезов Орындаған: Орынбаева Салтанат



Дата07.03.2024
өлшемі1.29 Mb.
#494673
түріӨмірбаяны
слайд

Мұхтар Әуезов

Орындаған: Орынбаева Салтанат

Жоспары

  • Өмірбаяны
  • Шығармашылығы
  • “Абай жолы” роман-эпопеясы
  • Шығармалар жинағы

Мұхтар Омарханұлы Әуезов — қазақ кеңес жазушысы, қоғам қайраткері, әдебиет және филологиясы саласындағы ғалым, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі (1946), филология ғылымдарының докторы мен профессоры (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Мұхтар Омарханұлы Әуезов — қазақ кеңес жазушысы, қоғам қайраткері, әдебиет және филологиясы саласындағы ғалым, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі (1946), филология ғылымдарының докторы мен профессоры (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Ол Семей өңірінде, қазіргі Абай облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Бөрілідегі Мұхтар Әуез дүниеге келген және тұрған үй. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы училищені аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.


Бөрілідегі Мұхтар Әуез дүниеге келген және тұрған үй.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка
1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды. Алматы қаласында жерленген.
Жерленген жері. Орталық зират, Алматы.
Сол жылы Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды.
Мұражай–үйі
Мұхтар Әуез театры
Мұхтар Әуез атындағы Қазақ Ұлттық Драма Театры. Алматы
Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орай 1997 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде аталды.

«Абай жолы» роман-эпопеясы

«Абай жолы» роман-эпопеясы

«Абай жолы» (тетралогия) – Мұхтар Әуезовтың Абай Құнанбайұлына арналған роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері бар. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

Мұхтар Әуез бедерленген Қазақстан тиыны (1997) және 50 томдық толық шығармалар жинағының бірқатар томдары

Мұхтар Әуез бедерленген Қазақстан тиыны (1997) және 50 томдық толық шығармалар жинағының бірқатар томдары

Шығармалар жинағы

Шығармалар жинағы

  • Он екі томдық шығармалар жинағының он бірінші томының титулды беттері
  • Алты томдық таңдамалы шығармалары. Алматы, 1955–1957.
  • Он екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, Жазушы баспасы, 1967–1969.
  • Собрание сочинений в 5 томах. Москва, Художественная литература, 1973–1975.
  • Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы, Жазушы, 1979–1985.
  • Елу томдық толық шығармалар жинағы. Алматы, Ғылым, Жібек жолы баспалары, 1997–2011.

Назарларыңызға рақмет !



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет