Мансабы: жазушы - Мансабы: жазушы
- Ұлты: қазақ
- Елеулі шығармасы(лары): «Абай жолы», «Қараш-Қараш», «Еңлік-Кебек»
- Жұбайы(лары): Райхан, Кәмила, Валентина
- Балалары: Мұғалима, Шоқан, Елдес (1927 ж.т.), Ләйлә(1929 ж.т.), Мұрат (1942 ж.т.)
- Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Мұхтар Әуезовтің балалар әдебиетінде де өзіндік орны бар. Осы орайда алдымен суреткердің балалар әдебиеті ерекшелігі хақында пікір айтқанын атап айту керек. Мәселен, «Ертегілер» еңбегінде халықтық шығармалардың қайсысы балалар әдебиетіне жақын екендігін айқындап береді. «Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, «Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп суреттеу әсерлі болады», - деп көрсетеді. - Мұхтар Әуезовтің балалар әдебиетінде де өзіндік орны бар. Осы орайда алдымен суреткердің балалар әдебиеті ерекшелігі хақында пікір айтқанын атап айту керек. Мәселен, «Ертегілер» еңбегінде халықтық шығармалардың қайсысы балалар әдебиетіне жақын екендігін айқындап береді. «Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, «Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп суреттеу әсерлі болады», - деп көрсетеді.
М.Әуезов балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне көңіл бөлумен қатар, өзі де балаларға арнап бірнеше шығарма(«Қорғансыздың күні», «Жетім», «Көксерек» әңгімелері, «Қараш-қараш оқиғасы» повесі) жазды. Тұңғыш әңгімесін 24 жасында жариялады. «Қорғансыздың күні» баяндалу әдісі жөнінен европалық әдебиет үлгісінде жазылған. Әңгіменің оқиға желісі жас қыз Ғазизаның тағдырына құрылған. «Жетім» әңгімесіндегі басты кейіпкер – жас бала Қасым. Шығармада он жастағы жас баланың қиын тағдыры, аянышты халі берілген. Бұл шығармасында қаламгер бала ұғымын, сезімін беруде өзінше ізденіс танытқан. - М.Әуезов балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне көңіл бөлумен қатар, өзі де балаларға арнап бірнеше шығарма(«Қорғансыздың күні», «Жетім», «Көксерек» әңгімелері, «Қараш-қараш оқиғасы» повесі) жазды. Тұңғыш әңгімесін 24 жасында жариялады. «Қорғансыздың күні» баяндалу әдісі жөнінен европалық әдебиет үлгісінде жазылған. Әңгіменің оқиға желісі жас қыз Ғазизаның тағдырына құрылған. «Жетім» әңгімесіндегі басты кейіпкер – жас бала Қасым. Шығармада он жастағы жас баланың қиын тағдыры, аянышты халі берілген. Бұл шығармасында қаламгер бала ұғымын, сезімін беруде өзінше ізденіс танытқан.
Достарыңызбен бөлісу: |