Мың тағзым өздеріңе, ардагер аталар



Дата27.06.2016
өлшемі11.91 Kb.
#162078




Мың тағзым өздеріңе, ардагер аталар

Бүгінгі бақытты балалық шағымызды бізге ата-әжелеріміз алып берді. Соғыс басталғанда олар жап-жас қыз-жігіттер болатын. Бүгінде ақ жаулықты әжелер мен сыйлы ақсақалдар. Өздерінің жастығына қарамастан, Отанын жаудан қорғауға ойланбастан аттанды. Енді біреулері тылда еңбек етті. Сол ардақты азаматтардың көбі арамызда жоқ болса да, оларды ешкім де, ешқашан да ұмытпайды. Осындай жауынгерлердің бірі – менің Мейрам атам. Ол 1943 жылы 17 жасында әскерге шақырылды. 935 атқыштар полкінде автоматшы болды. 1945-1951 жылдар аралығында 92605 әскери бөлімшесінде өз міндетін абыроймен атқарған. Жапониямен болған соғысқа да қатысқан.

Атамның “За победу над Германией”, “За победу над Японией”, “За освобождение Корей” медальдары бар. Мен атамды мақтан тұтамын. Бейбіт күндері Бестөбе кентінің милиция бөлімшесінде милиционер болып істеді.

“Атаң 9 - мамырды асыға күтетін. Ол күнге ерекше дайындалып, медальдарын тағып, салтанатты жиынға зор мақтанышпен қатысатын”, - дейді әкем.

Осы бейбіт өмірді, балалық бал дәуренімізді, уайымсыз өтіп жатқан күндерімізді біз бағалаймыз. Арамызда ақыл-кеңес айтып, тәрбие сағаттарымызға қатысып, өздерінің өмірлері, көрген қиындықтары жайында айтқандарын тебірене тыңдаймыз. Оның бәрі бізге үлгі-өнеге, халқымызда “қариясы бар үйдің қазынасы бар”, - деп бекерге айтылмаса керек. Үлкен адамдардың айтқан ақыл-кеңестерін үнемі есте ұстаймыз. Ендеше, болашақта біз білімді де тәрбиелі ұл-қыздар болып өсіп, елімізді көркейтуге еңбек етеміз.

Ақмола облысы


Степногорск қаласы

№1 Бестөбе орта мектебінің



6 “Ә” сынып оқкшысы

Мейрам Камила

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет