Мекен-жай аймағы
Мекен-жай аймағын қолдана отырып белгілі-бір ұяшыққа баруға болады. Ол үшін ауысқыңыз келегн ұяшықтың адресін енгізесіз де, [Enter] пернесін басасыз.
Ұяшықтарды таңдау (ерекшелеу)
Егер сіз ұяшықтар тобымен (диапазонымен, аясымен) жұмыс жасағыңыз келсе, онда алдымен оларды ерекшелдеп алу қажет. Ұяшықтар тобын ерекшелеудің бірнеше тәсілдері бар. Солардың біреуі тәжірибелік тапсырмада келтірілген.
Келесіні орындаңыз:
-
A1 ұяшығына барыңыз;
-
Диапазон таңдау жағдайына ауысу үшін [F8] пернесін басыңыз. Қалып-күй жолында ағымдық жағдайды көрсетушіиндикатор пайда болады;
-
Тышқанды E7 ұяшығына апарып, сол жағын басыңыз. Сол кезде бағдарламаның A1-ден бастап E7 ұяшықтарының арасын ерекшелейтіндігін көресіз;
-
Ерекшелеуді алып тастау үшін [Esc] пернесін басыңыз да, кез келген ұяшыққа тышқанды апарып, сол жағын басыңыз.
Бір уақытта бірнеше диапазондарды ерекшелеуге болады. Ол [Ctrl] пернесін және тышқанды қатар басып тұру арқылы жасалады.
Ұяшықтарға мәліметтерді енгізу
Мәліметтерді тек белгіленген ұяшыққа ғана енгізуге болады. Белгіленген ұяшық қара жиектемемен қоршалады. Ол ұяшықтың ерекшеленгендігінің белгісі. Мәліметтерді енгізу келесідей жүзеге асырылады: мәлімет енгізгіңіз келетін ұяшыққа курсорда апарыңыз. Пернетақта арқылы мәтін немесе сандар теріңіз де, [Enter] пернесін басыңыз. Сонымен қатар, мәтін енгізу барысында қате кеткен жағдайда [Backspace] пернесін басуыңызға болады, ол курсордың алдындағы символды өшіреді.
Келесіні орындаңыз:
-
A2 ұяшығына курсорды апарыңыз;
-
«Асан Маратұлы» деп теріңіз. Әзірге [Enter] пернесін баспаңыз;
-
[Backspace] пернесін басып, әріптер бойынша «Маратұлы» сөзін өшіріңіз;
-
[Enter] пернесін басыңыз. А2 ұяшығына «Асан» сөзін көресіз.
Ұяшықтағы ақпаратты өзгерту үшін [F2] пернесін басыңыз.
Ұяшықтағы ақпаратты өзгертудің бірнеше тәсілдері бар:
-
Формулалар жолын қолдану;
-
Ұяшықта тышқанды 2-рет басу;
-
Егер толықтай өзгерту керек болса, бірден курсорда апарып, жаңа мәтінді жаза беруге болады..
Ұяшықтағы мәтінді бөлу
Кейбір жағдайларда енгізілетін мәтін ұяшықтың ұзындығына сыймай жатады, ондай кездерде мәтінді бірнеше жолдарға бөлу керек болады.
Келесіні орындаңыз:
-
A3 ұяшығына курсорда апарыңыз;
-
«Мы изучаем табличный редактор» деген мәтінді енгізіңіз;
-
[Enter] пернесін басыңыз;
-
A3 ұяшығына қайтып келіңіз;
-
Басты деген жиынтықты таңдаңыз;
-
батырмасын басыңыз.
Ұяшықтағы мәтінді өшіру үшін, оны ерекшелеп алып, [Delete] пернесін басыңыз.
Құжаттарды сақтау
Құжатты уақытында сақтауды ұмытпаңыз, өйткені электр желісінен ауытқу болған жағдайда жасаған жұмысыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Келесіні орындаңыз:
-
Мәзірді шығару үшін Office батырмасын басыңыз;
-
Сақтау командасын таңдаңыз. Сақтау реті диалогтік терезесі пайда болады;
-
Сақтау орнын көрсетіңіз;
-
Құжат атауы жолында құжат атауын көрсетіңіз;
-
Сақтау батырмасын басыңыз.
Құжатты жабу
Ағымдағы құжатты бірнеше тәсілмен жабуға болдады. Олардың бірі терезенің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан «х» белгісін басу, ал екіншісі Microsoft мәзіріндегі Жабу командасы. Егер құжатты сақтағаннан кейін өзгертсе немесе мүлдем сақталмаса, онда жабар алдында бағдарлама келесідей әрекеттерді ұсынып, біреуін таңдауды сұрайды: сақтап жабу, сақтамай жабу, жабуды болдырмау.
2 бөлім. Ұяшықтарға формулалар енгізу және форматтау
Бірінші бөлімде біз Excel 2007 бағдарламасының жұмыс терезесімен таныс болдық және терезелер бойынша қалай ауысу керектігін, мәліметтердің қалай енгізілетіндігін үйрендік. Excel-дің басты мүмкіндіктерінің бірі – бұл математикалық есептеулерді орындау және мәліметтерді форматтау мүмкіндігі. Бұл бөлімде сіз негізгі математикалық есептерді қалай орындау керектігін және мәтін мен сандық мәліметтерді қалай форматтау керектігін білесіз.
Математикалық есептеулерді орындау
Excel бағдарламасында ұяшықтарға сандар мен математикалық формулалар енгізуге болады. Ұяшыққа формуланы енгізу барысында сіз келесі ұяшыққа жүгіне аласыз. Формулалар алу, қосу, көбейту, бөлу секілді математикалық есептеулердін тұруы мүмкін. Формуланы енгізбес бұрын алдына теңдік (=) белгісін қойыңыз. Математикалық есептеулерді келесідей операторларды қолданыңыз:
-
Қосу +
-
Алу –
-
Көбейту *
-
Бөлу /
-
Дәрежеге шығару ^
Келесі жаттығуларда сіз бет бойынша ауысудың бір тәсілін және математикалық есептеулерді қалай жүргізу керектігін көресіз.
Достарыңызбен бөлісу: |