N.Sagyndykov, A.Oralbek
ABOUT LIFE OF ZHUSUPBEK SHAYHISLAMULY
Abstract. The issues dealt in this article.
Zhusipbek Shayhislamuly Ajtkhozhina. His life and work.
Statuse in the history of Kazakh literature.
Keywords:
Zhusipbek Shayhislamuly, poet, art, biography, literature.
Қазақ халқының бай көркем қазы-насының
ұзақ та күрделі даму жолында, тарихында ХХ
ғасырдың бас кезіндегі жазба əдебиет ерекше
орын алады. Неліктен ерекше, несімен құнды
дейтін сұрақ санамызға келер болса, оған
былай деп жауап беруімізге болады. Қазақ
көркем əдебиеті қоғамдық, əлеуметтік, саяси
жағдайлардың аясында дамыған замана
бейнесін өрнектей алуымен жəне жалпы
рухани
өмірінде
болған
аса
маңызды
өзгерістерді көркем сөз өнері арқылы өзінің
тиісті көрінісін таба білуімен де аса құнды.
ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың
басында қазақ əдебиетінде зерттеушілер
«кітаби ақындар» деп атаған бір топ қалам
қайраткерлері – Нұржан Наушабаев, Мəшһүр
Жүсіп Көпеев, Шəді Жəңгіров, Жүсіпбек
Шайхисламов, Омар Шораяқұлы, Нұралы
Нысанбаев, т.б. шыққаны белгілі. Олар Шы-
ғыстың
классикалық əдебиетінен үлгі
алып, оны
насихаттап
жүрді. “Назира”
дəстүрімен өздері де оған еліктеп шығармалар
жазып, əдебиеттер байланысына, қазақ сөз
өнерінің көкжиегі кеңеюіне қызмет етті.
“Кітаби ақындардың” кейбір шығармаларында
діни-патриархалдық
көзқарасты
қуаттау
кездесетіні біржақты сынауға ұшыраған-
дықтан, олардың туындыларында өз заманы
ізденіс-терінің ізі қалғаны бейнеленгені, əдеби
процесте өзіндік орны, үлесі барлығы
ескерілмей, толық зерттелмей келді.
Сол секілді Шығыс Түркістан қазақ-
тарының ғана емес, күллі қазақ əдебиетінің
тарихында елеулі орны бар, Жетісу өңірінде
өмір сүріп, ауыз əдебиеті мен жазба əдебиетін
ұштастыра отырып, соңында мол қазына
қалдырған айтулы ақын – Жүсіпбек Шай-
хисламұлы Айтқожин. Ол өзінің ғасырға таяу
ғұмырында артында мол мұра, өшпес еңбек
қалдырып кетті. Ғұлама ақынның жазған
жырлары, жинаған фольклорлық дүниелері
|