Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет25/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
21 
əріде. Оның бір ғана белгісін бұл дəстүрде жыр 
айтатын өнер-паздардың саз, мақамы ІХ – Х 
ғасырдағы оғыз-қыпшақ тайпасына кірген 
түрікмен, қарақалпақ халықтарындағы ру-
лардың саздарымен үндесіп жатуынан-ақ көруге 
болады. Ал бұл саздар кезінде индивидуалдық 
поэзияның өкілі ретінде саналған жырауларға 
тəн болғаны, кейін бұнымен қатар эпикалық 
жыр айту сазы болып қалыптасқаны да сөзсіз. 
ХІ ғасырда оғыздардың шығыс пен батысқа 
бөлінген бөлігінің шығыс тармағына кіретін 
руларынан шыққан ескі жыраулар есімі мүлде 
ұмытып болған.
Жиенбаймен бірге кезінде бұл арнаны 
өркендетуге үлкен еңбек сіңірген Базардың 
есімі көп аталмауына оның ертеректе Өзбек-
станның Науаи облысы, Тамды ауданы жеріне 
қоныс аударып кеткендігі себеп болған секілді. 
Жиенбай да, Базар да индивидуалдық поэзия 
мен жыр айтуды қатар алып жүрген дарындар. 
Оны Жиенбайдың толғау, термелері, «Көрұғлы» 
дастанын жырлауынан, Базардың толғау, тер-
мелер, «Əмина қыз», «Мақпал-Сегіз», «Жүсіп-
Ахмет» секілді дастандар шығарып, оны 
айтуынан көруге болады. «Мақпал-Сегіз» дас-
танын көптеген жырау, жыршылар жыр-
лағандықтан, Базар жырын дастанның бір 
нұсқасы ретінде қарастырған жөн.
Жиенбай дəстүрінде жыр айтудың тараған 
аймағы Қызылорда облысының Тереңөзек, 
Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандары мен 
Қарақалпақстанның солтүстік бөлігі. Бұл жыр 
айту дəстүрінің өзіндік ерекшелігі неде дегенде 
бірінші байқайтынымыз – репертуары. Егер 
Батыс Қазақстан, Нұртуған дəстүріндегі жырау, 
жыршылар негізінен ноғайлы жырларының құ-
рамына енетін жырларды айтуға басты назар 
аударса, Жиенбай дəстүрінде жыр айтушылар 
«Көрұғлы» жырын бірнеше салаға бөліп 
жырлайды.
Нұртуған дəстүрінде жыр айтушылар 
негізінен Қызылорда облысының Арал, Қазалы, 
Ақтөбе облысының Шалқар аудандары мен 
Қарақалпақстанның Арал жағын мекендейді. 
Оның көрнекті өкілдері ретінде кешегі өткен 
Жаңаберген, Кəрібоз (1900 ж. өлген жылы 
белгісіз), Көпжасар, Жəмет Сайымов (1895-1930 
жж.), Бақытжан, Сары Дəріғұл, Құттық, 
Мұсабайды, Б. Омаровты, Қ. Нұрпейісов (1890-
1968 жж.) жəне бүгінгі жалғастырушылары Р. 
Əшімов, Б. Жүсіпов, С. Мырзаев, Ə. Мұқанов, 
Б. Тəңірбергенов, Ж. Артықбаев т.б. атауға 
болады.
Сыр бойы жыршылық мектебінің халқы-
мыздың эпикалық дəстүрін сақтап, бізге 
жеткізуінде болса, екіншіден, «Көрұғлы» се-
кілді түрік халықтарына кеңінен тараған жыр-
дың ұлттық нұсқасын қалыптастыруында. 
«Көрұғлы» жырын басқа халықтардағы өзі 
тектес жырлармен салыстыра зерттегенде одан 
тек қазақ эпикалық дəстүріне тəн белгілерді 
көптен табуға болады.
Халқымыздың эпикалық жыр айту дəстүрі 
туралы сөз еткенде Жетісу жыршылық мектебін 
аттап өтуге болмайды. Себебі өзіндік жыр айту 
мақамымен, қалыптасқан репертуарымен кезін-
де Түбек, Қабан (Қабылиса), Бақтыбай Жол-
барысұлы (1842-1902 жж.), Сүйінбай Аронұлы 
(1815-1998 жж.) секілді ірі ақын, жыршылары 
болған бұл мектеп, эпикалық дəстүрдің сан-
салалығының белгісі ретінде көптеген жыр, дас-
тандарды көпшілік көңіліне ұялатқан. Оның 
мысалы Бақтыбай жырлаған «ЕдігеНұран», 
Сүйінбай, Жамбыл жəне т.б. жырлаған «Сұ-
раншы батыр», «Өтеген батыр», Құланаян Құл-
мамбет жырлаған «Көрұғлы» дастандары.
Жетісу жыр айту дəстүрін сөз еткенде 
ақындығымен қатар жыршылық өнерді де өзіне 
серік еткен Жамбыл Жабаев творчествосы те-
реңірек үңілуді керек етеді. Себебі Жамбыл 
өзінің ерен таланты арқасында Жетісу жыр-
шылық мектебінің келбетін айқындап қана 
қоймай, оның жыр айту мақамының да қалып-
тасуына орасан зор еңбек сіңірген. Сондай-ақ 
Жамбылдың басқа өлке ақын, жыршыларымен 
жиі араласуы Жетісу мектебі репертуарына 
Оңтүстік Қазақстан, Арқаның жыршылық 
мектептері репер-тауарлырындағы көптеген 
жырлар сіңісіп кеткен. Ал бұған қырғыз манас-
шыларының əсерін қоссақ, Жетісу жыршылық 
мектебінің таралу аймағы кең екенін көреміз.
Жыршылық мектептер жəне эпикалық 
дəстүр туралы сөз еткенде айналып өтуге бол-
майтын ерекшеліктің бірі - халқымыздың қисса 
айту өнері. Кезінде Шығыстың əсері арқылы 
елімізге енген қисса-дастандардың Оңтүстік 
Қазақстан жыршылық мектебін қалыптастыруға 
сіңірген еңбегі аз емес. Бұл туралы кезінде М. 
Əуезов: «Олар (қиссашылар) біреуінің тақы-
рыбын біреуі алуды заңды жол еткен. Тек 
алдыңғының өлеңін алмай жəне көбінше алдың-
ғы айтқан оқиғалардың негізін пайдаланса да 
көп жерде еркімен өзгертіп отырып, тыңнан 
толғау, немесе ақындық шабыт-шалым сына-
сып, жырмен жарысу есепті – бір салт еді» [5, 
181-182], – деп қисса-шылардың жыр айту, 
репертуар ерекшелігін ашып көрсеткен еді.
Жыраулардың жеке индивидуальдық твор-
чествомен қатар ірі эпикалық мұраларды ту-
дыруға да атсалысқан Орталық Қазақстан 
жыраулық, жыршылық мектебін қарастырып 
отырғанда анық көзіміз жетеді. Ақтамберді 
Сарыұлы (1675-1768), Үмбетей Тілеуұлы (1706-
1778), Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781), Мар-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет