Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
74
Сондай-ақ
доценттер
Қ.Əбдікованың,
Е.Адаеваның, Е.Кəрібозовтың оқу құралдары
“Қазақ университеті” баспасына тапсырылды.
Сонымен қатар кафедра мүшелері дəріс оқи-
тын мамандану мен пəн мамандықтары бойын-
ша лекцияларының жəне ОƏК-нің электрондық
нұсқаларын дайындап, тапсырды.
2.3.
Кафедраның
ғылыми-зерттеу
жұмысының ұйымдастырылуы
Аударма ісі жəне əдеби компаративистика
кафедрасы «Ұлттық идея жəне оның қазақ
əдебиетінде көркемдік пайымдалуы (ежелгі
дəуірден бүгінгі күнге дейін), «Аударматану
мен əдеби компаративистиканың өзекті мəсе-
лелері» деген тақырыпта ғылыми-зерттеу жұ-
мыстарын жүргізуде. Аталған тақырыптағы
зерттеу нəтижелері негізінде оқулық, оқу құрал-
дары, практикумдар, бағдарламалар дайындау,
кандидаттық жəне докторлық диссертациялар
дайындау көзделген. Алғашқы тақырып мем-
лекеттік бюджет есебінен қаржыландырылса,
кейінгі тақырып профессор-оқытушылардың
бастамасы бойыша зерттелуде. Кафедра магис-
транттары, ізденушілері жəне докторант-
тарының диссертациялық зерттеулері кафедра-
ның ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағы-
тымен сəйкес келеді.
Есепті оқу жылында түрлі ғылыми басы-
лымдарда кафедра оқытушыларының 100 ден
аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Жалпы
көлемі 73 баспа табақтан астам. Мақалалар
тізімі есептің қосымшасында көрсетіледі.
2011 жылдың мамыр айының 19 жұлды-
зында кафедраның ұйымдастыруымен дəстүрлі
«Аударматану
мен
əдеби
компаративис-
тиканың өзекті мəселелері» атты ХІ халық-
аралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Конференция материалдары Абай инсти-
тутының шешімімімен баспаға ұсынылып,
жарық көрді. Кафедраның оқытушылары,
ізденушілері, магистранттарымен бірге конфе-
ренцияға Қырғыз Республикасының ғалымдары,
ҚР ЖОО-ның мамандары, жоғары оқу орын-
дарының ұстаздары мен ізденушілері жəне бел-
гілі аудармашылар қатысып, салыстырмалы
əдебиеттану, көркем аударманың теориясы мен
тəжірибесі туралы ойларын ортаға салды.
Осы жылдың 14 маусымында Əл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті жанын-
дағы Абай ғылыми-зерттеу институтында
«Абай жəне қазіргі заман» деген тақырыпта
ғылыми-теориялық конференция өтті. Конфе-
ренцияда Абайтанудың қазіргі кезеңдегі даму
бағыттары мен өзекті мəселелері, оларды
шешудің жолдары талқыланды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
жыл бойы жоспарлы түрде жүргізілді, олардың
нəтижелері кафедра мəжілістерінде қаралып
отырды жəне ғылыми конференцияда сынақтан
өтті. 2011 жылдың мамырында өткен студент-
тердің ғылыми-практикалық конференциясында
21 студенттің баяндамасы тыңдалды.
Есеп беріп отырған оқу жылында студенттер
мен магистранттардың 30-ға жуық мақалалары
жарық көрді.
Кафедра Түркия, Қытай, Ресей, Қырғызстан,
Өзбекстан, Венгрия жəне т.б. мемлекеттердің ірі
ғылыми орталықтарымен əріптестік орнатқан.
Сондай-ақ М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу
мемлекеттік университетінің лексикография
жəне аударма теориясы кафедрасымен тығыз
ынтымақтастықта.
Кафедра оқытушылары 2011-2015 жыл-
дарға арналған «Мəдениетаралық байланыстар
жəне қазіргі əдеби компаративистиканың өзекті
мəселелері» атты халықаралық ғылыми-зерттеу
жобасын дайындауға қатысты. Жоба кафедра
мүшелері, Қырғыз Республикасы Ш.Айтматов
атындағы ҰҒА-ның тіл жəне əдебиет институты
мен ҚХР-дағы Іле педагогикалық институтының
қазақ тілі мен əдебиеті кафедрасы инициа-
тивасының негізінде əл-Фараби атындағы
ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу инсти-
тутымен келісіле отырып, Қырғыз Респуб-
ликасы Ш.Айтматов атындағы ҰҒА-ның тіл
жəне əдебиет институты, ҚазҰУ-мен бекітілген.
Жоба жетекшілері ҚР ҰҒА академигі А.А.Акма-
талиев (Қырғызстан) пен Халықаралық Жоғары
мектеп академиясының академигі Ж.Дəдебаев
(Қазақстан).
2011 жылы жоба аясында ҚР ҰҒА тіл жəне
əдебиет институтының базасында Халықаралық
ғылыми конференция өтті. Конференция мате-
риалдары Қырғыз республикасында баспаға
ұсынылған. Жекелеген зерттеулер «Абай инсти-
тутының Хабаршысында» жарияланған. Кафед-
ра өзінің халықаралық ынтымақтастық қызметін
кеңейту аясындағы жұмысын одан əрі табысты
жалғастыруда.
Шетелдердің ғылыми басылымдарында ка-
федра профессорларының 4 ғылыми мақаласы
жарық көрді.
1)Жаксылыков А. Психологические аспекты
подготовки к письменному (художественному)
переводу //Россия-Казахстан. МГУ, - Москва,
2010. - С.28-34 (Россия).
2)Ашимханова С. Фольклорноm поэти-
ческий интертекст казахского романа. XL
Международная филологическая конференция
14-19 марта 2011г. Санкт-Петербург.
3) Ашимханова С. Передача образности при
переводе с казахского на русский язык. ХХ
Международная научная конференция «Язык и
|