Microsoft Word Лекция4-каз doc



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата22.02.2024
өлшемі314.99 Kb.
#492865
1   2   3   4   5
4 Дәріс ОЖ

Приоритетті жоспарлау. Жоғарыда сипаттталған стратгиялар приориттеті 
жоспарлаудың дербес жағдайлары ретінде қарастырыларды. Бұл стратегия бойынша әр 
процеске өзіне тиселіә приоритет белгіленеді, ол CPU ие болу кезегін анықтайды. Мысалы 
FCFS бойынша барлық процестердің приоритеттері бірдей, ал SJF бойынша приоритет 
келесі қызмет көрсетілу уақытына кері шама деп қарастырылады.
Әдетте приоритет - 0 ден 7 немесе 0- 1024 аралығындағы оң бүтін сан. Санның мәні 
неғұрлым кіші болса приоритет соғұрлым жоғары болып саналады. Приориттер ОЖ 
қатысты сыртқы және ішкі факторларға байланысты тағайындалады.
Ішкі факторлар:
Жадыға қойылатын талаптар
 Ашық файлдардың саны; 
 Енгізу шығару орташа уақытының CPU ресурстарын пайдаланудың орташа 
уақытына қатынасы.
Сыртқы факторлар:
 Процестің маңыздылығы; 
 Пайдаланылатын файлдардың типтері және шамасы; 
Жұмысты орындайтын бөлім
Ішкі факторлар ОЖ өзімен приоритеттерді автоматты түрде тағайындау үшін 
пайдаланылады, сыртқы – оператордың көмегімен, күштеу арқылы.
Приориттеті жоспарлаудың негізгі кемшілігі төменгі приориттеті процестерді 
белгісіз уақытқа дейін ығыстырып тастау болып табылады.
Мысалы, 1973 жылы орын алған жағдай.
«Карусельді» RR – Round Robin жоспарлау стратегиясы, уақытты бөлу 
жүйелерінде пайдаланылады.
(10 … 100 мс) аралығында tk уақыттық квант деп аталатын шағын уақыт аралығы 
анықталады.
Процестер циклді түрде кезекпен жылжиды және бір квантқа тең уақыт 
аралығында процессорға ие болады. Жаңа процесс кезектің соңына тіркеледі. Егер 
процесс өзіне бөлінген уақыт квантында аяқталмаса, оның жұмысы күшпен тоқтатылады 
да, кезектің соңына жылжытылады.
RR стратегиясының қасиеті уақыттық кванттан тәуелді болады. Уақыттық квант 
үлкейген сайын RR стратегиясы FCFS стратегиясына жуықтайды. Уақыттық кванттың аз 
уақытында RR стратегиясын процессордың бөлінуі деп атайды.
Көп деңгейлі кезек арқылы жоспарлау (Multilevel queue scheduling). Бұл стратегия 
қарастырылып отырған процестер бірнеше топтарға бөліне алатын жағдайға негізделген, 
мысалы, процестерді екіге бөледі: интерактивті және дестелі.
Бұл стратегия бойынша дайын процестер кезегін бірнеше кезектерге бөледі, 
олардың әрқайсысында бірдей қасиеттері бар процестер орналасады, және олар жеке 
стратегия бойынша жоспараланады, мысалы, RR интерактивті процестер және FCFS 
дестелі процестер үшін.


Кері байланысты көп деңгейлі кезектерді пайдалану (multilevel feedback queue 
sheduling). 
Әдеттегі 
көпдеңгейлі 
кезек 
процестердің 
кезектер 
арасында 
алмасуын 
қарастырмайды. КБКК бойынша белгілі бір шарттар кезінде процестер кезектер арасында 
жылжи алады. Бұнда N кезек қарастырылған.
Қарасытырылған 
стратегия 
әмбебап 
болып 
табылады 
және 
жоғарыда 
қарастырылған стратегиялардың қасиеттеріне ие – FCFS, SGF, RR, приоритетті, 
көпдеңгейлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет