Microsoft Word Лекция4-каз doc


Операциялық жүйелерде пайдаланылатын қорларды үлестіру тәртіптері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата22.02.2024
өлшемі314.99 Kb.
#492865
1   2   3   4   5
4 Дәріс ОЖ

Операциялық жүйелерде пайдаланылатын қорларды үлестіру тәртіптері 
Есептеу жүйелерінде бірнеше параллель орындалатын процестерде ана немесе басқа 
қорларды пайдалану, кез келген уақытта тек бір ғана процеске қызмет көрсете алады, 
қорларды (ресурстарды) үлестіру тәртібі арқылы орындалады. Олардың негізі: 
o
қорға (ресурсқа) тізімдер құру тәртібі; 
o
кезектерге қызмет көрсету тәртібі. 
Есептеу жүйелерінде кезектерге қызмет көрсетудің көптеген тәртіптері бар, олар 
классикалық болып табылады. Ең жиі қолданылатын бір кезекті тәртіптері бар: 
1. түсу реті бойынша қызмет көрсету тәртібі: бірінші келгенге бірінші қызмет көрсетіледі 
(FIFO : first in - first out); барлық тапсырыстар кезектің соңына тұрады, кезектің 
басындағы тапсырыстарға қызмет көрсетіледі; бұның негізгі кемшілгі – қысқа процестер 
ұзын процестер орындалып болғанша күтеді, сондықтан бұл тәртіпті интерактивті 
жүйелерде пайдалануға болмайды, себебі ол жауап берудің ыңғайлы уақытын қамтамасыз 
ете алмайды;
2. Тапсырыстардың күту ретіне керісінше қызмет көрсету тәртібі (LIFO : last in - first out);
Практикада кеңінен пайдаланылады, соның ішінде оперативті жадыдағы стектерде. 
3. Айналмалы қайталанатын алгоритм, FIFO принципіне негізделген, бұл жағдайда 
қызмет көрсету уақыты шектелген және Т уақыт квантынан кіші немесе тең; егер сауал Т 
уақыт аралығында қызмет көрсетіліп үлгермесе, онда ол үзіледі және кезектің соңына 
қойылады; бұл тәртіп интерактивті жүйелерде тиімді пайдаланылады, әр қолданушыға 
жауап берудің тиімді уақытын қамтамасыз етеді. 
 
Бірінші келді бірінші қызмет көрсетіледі, FIFO – first come first served (FCFS).
FCFS процестерді жоспарлаудың ең қарапайым стратегиясы болып табылады, 
процессор басқараларынан ең бірінші сұрау салған процеске тиселі болады. Бұл стратегия 
конвой эффектісіне негізделген.


 Ең қысқа жұмыстың бірінші орындалу стратегиясы, SJF – shortest job first. Конвой 
эффектісіне қарама-қарсы стратегиялардың бірі ол процеске кезектен бірінші орындалу 
мүмкіндігін беру болып табылады. Бұл стратегия кезек күту уақытын азайтады және 
практикалық іске асыру қиындығының бірі келесі қызмет көрсетілетін уақытты алдын-ала 
анықтаудың мүмкін еместігінде.
Сондықтан SJF ұзақ уақыттық жоспалауда және дестелі өңдеу кезінде 
қолданылады. Бұл кезде келесі қызмет көрсетілетін уақыт ұзақтығына тапсырманың 
орындалуына қажет мүмкін болатын максимальді уақыт алынады, оны программист 
тапсырманы жіберу алдында анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет