Орындаған: Тұрлыбай Жұлдыз
Практикалық сабақ 4.
Тақырып: ЖОО оқу жəне оқыту теориясы
Мақсаты: ЖОО оқу жəне оқыту теориясының мазмұнын ашу.
Тапсырма 1. Тұжырымдаманы анықтап, сөйлемдерді аяқтаңыз.
}
Оқыту теориясы – оқытушы мен студенттің өзара əрекетінің
тиімділігінің психологиялық шарттарын теориялық жəне тəжірибелік
тұрғыдан зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі.
Оқыту теориясының негізін қалаушылар: Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци,
К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы
Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632
жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, əдістері, принциптері, сынып-
сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру
жəне оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді"
беруге шаңырып, оны
түсіндіру үшін жаттығу, тəжірибелік əдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге
бөлейтін əдістердің пайдалылығын дəлелдеді. Я.А.Коменский саналылық жəне белсенділік,
көрнекілік, жүйелілік жəне сабақтастық, жаттығу жəне түсініктілік принциптерін ұсынды.
Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп
заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
• оқушыларды мектепке белгілі бір
уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай,
ешкімді одан
босатпау;
• оқушыларды сыныптарға бөлу;
• əр
сыныпқа бір бөлме беру;
• күніне 4 сабақ өткізу;
• əрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
•
қоңыраудық соғылуы;
• тəртіп;
• бір сабақтың үзаңтығы бір сағаттан аспау керек;
• сабақты күзде бастау.
Менің
ойымша
,
оқыту теориясы-бұл
психологиялық, педагогикалық жəне
əдіснамалық тұрғыдан оқыту мен оқу процестерін зерттейтін жəне талдайтын
сала. Бұл теория адамдардың қалай үйренетінін, олардың оқу қабілетіне
қандай факторлар əсер ететінін жəне процесті қалай оңтайландыру керектігін
түсінуге тырысады.
Оқыту теориясының негізгі бағыты мұғалім мен оқушының өзара əрекеттесуі
болып табылады. Ол оқушылардың білім мен
дағдыларды игеруін арттыру
үшін осы динамиканы қалай тиімді ұйымдастыруға болатынын зерттейді.
Тиімді оқыту, менің ойымша, бірқатар
факторларға байланысты, соның
ішінде:
Мотивация: қызығушылық танытқан жəне
ынталы студенттер оқуда
табысты. Сондықтан ынталандырушы ортаны құру жəне оқушыларды
ынталандыратын факторларды түсіну маңызды.