«Мифопоэтика» пәні бойынша №26 емтихан билеті



бет1/6
Дата15.12.2023
өлшемі45.53 Kb.
#486770
  1   2   3   4   5   6
«Мифопоэтика» пәні бойынша №26 емтихан билеті-emirsaba.org


«Мифопоэтика» пәні бойынша №26 емтихан билеті

«Мифопоэтика» пәні бойынша
26 емтихан билеті



  1. Қазақ фольклорының мифопоэтикасы туралы эссе жазыңыз.

Қазақ әдебиетінде әр жанрдың өзіндік ерекшелігі, өзіне тән қызметі мен құрылымы бар. Соның ішінде ертегі жанрының құрылымдық ерекшелігі өте кең. Өйткені фольклор саласының ішіндегі ең пәрмендісі, ең көркемдісі, ең қуаттысы – ертегі. Ертегінің кейбір тұстарында мифтік сюжеттер топталып келеді немесе бір ертегінің толықтай үлгісі мифке құрылады. Ертегілердің ең алғашқы сатысында осы ертегілер тұрғандықтан, таза мифтік сана көрініс табады. Немесе белгілі бір ертегі эпосқа айналу жолында ол тек көне (архаикалық) эпоста өзінің қасиетін сақтай алады. Ал миф бірден эпосқа өз сәулесін түсірмейді. Ол эпоста бұлыңғыр күйде көрінеді. Қазақ ертегілерін әр ғалым түрліше жіктейді. Соның ішінде ғалым Ә.Қоңыратбаев мынадай үш топқа бөледі:


1. Қиял-ғажайып ертегілер.
2. Жан-жануарлар (хайуанаттар) жөніндегі ертегілер.
3. Тұрмыс-салт (реалистік) ертегілер. Бұл ертегілердің негізгі 3 тобы олардың мағыналық-тақырыптық, идеялық негізіне байланысты жіктелген. Осы арада иерархиялық үлкен кеңістік бар. Жанрдан-жанрға емес, тіпті, жанрдың ішіндегі құрылымдар белгілі бір келесі құрылымдық жүйеге өткен кезде кезде аралық қасиетін сақтайды. Мәселен, қиял-ғажайып ертегілерде таза мифтік қасиет, ежелгі таным, халықтық қиял, әдемі өмір кеңінен сипатталады. Қиял-ғажайып ертегілер аты айтып тұрғандай, белгілі таңғажайып құбылысқа құрылады, алдағы өмірді, келешекті әдемі аңсайды, соған ұмтылады, қанша қатерлі қауіп болса да, соны «жеңемін» деген сенім, бақытты өмірге деген ұмтылыс, оқиғаның баянды, қайырлы болып бітуімен өмірді өзектестіреді. Ал жан-жануарлар жөніндегі ертегілердің бастапқы (ежелгі) нұсқаларында мифтік қасиет басым болады, ал кейбір осындай ертегілердің тіпті этиологиялық мифтерден еш айырмашылығы болмай шығады. Хайуанаттар жөніндегі ертегілердің толысқан, ауқымды, композициялық құрылымы күрделі түрлерінде, керісінше, тұрмыс-салт (шыншыл) ертегілердің қасиеті молынан кездеседі. Сонда қай жанрды алсақ та, онда аралық жік деген мәселе болады. Айтып отырғанымыздай, жан-жануарлар жөніндегі ертегілердің алғашқы стадиясында мифтер кездессе, ал кейінгі, соңғы түрлерінде шыншылдық, таза тұрмыстық сипат орын алған.
Ғалымдардың пікірінше, қиял-ғажайып ертегілер олар – мифологиялық ертегілер.
Шындығына келсек, ертегінің алғашқы даму сатысында адамның тылсым күшке сенімі, қоршаған орта мен айналаға көзқарасы, риясыз, таза, балғын арманы, қиялы жарқын көрініс береді. Ғалым Ә.Қоңыратбаев бұл ертегі түріне мынадай түсінік береді: «Бұлар адам табиғат сырын түсінбей тұрған кезеңдерде туа бастайды. Қазақ мифологиясы космостық (күнге, айға, жұлдыздарға табыну), тотемдік (аңдар мен жан-жануарларға сыйыну), шамандық (өлі мен тірі аруаққа сыйыну, адамды қасиеттеу) түрінде жасалған. Қиял-ғажайып ертегілерінде өмір көрінісі аздау болады. Болса ол адам бейнесінде антропологиялық мифтер туған заманда пайда болады (Шопан-ата, Желаяқ, дәу, мыстан)». Яғни ғалым ежелден келе жатқан жамандық пен жақсылықтың тартысын, оның ар жағында ұнамды және ұнамсыз мифтердің бар екендігін және солардың ертегілерде диалектикалық сипатпен келетінін айтады. Ұнамды және ұнамсыз мифтер дегеніміздің өзі – түбі жақсылықпен, адамның «өз» еркімен істейтін және қолынан «келетін» мифтер де, ұнамсыз мифтер – түбі жамандықпен аяқталуы ықтимал, бірақ ол адамның ықтиярынсыз болатын эсхатологиялық мифтер. Міне, бұлар - (диалектикалық мифтер) ертегілерде көрініс табатын кемелденген, ұлғайған түр. «Мифология монотеистік емес, политеистік ұғымдар кезеңінде туған. Адам табиғат сиқырын түсінген күннен бастап, мифология жойылады», - деген Ә.Қоңыратбаевтың пікіріне сүйенер болсақ, мифология – белгілі бір кезеңде туып, сол сәтте өмір сүреді, ал адамзат табиғаттың қыр-сыры мен мән-мағынасын ұғынғаннан кейін, ол таным жүйесі «жарақсыз» болып табылады да, кейінгі жанрларға сәулесін төгіп, жаңғыртады. Сонда ғалымның айтпағы: «Миф дін емес, поэзия, көркем ойлау мен ғажап фантазияның көрінісі болмақ». Шындығында, миф – наным мен сенімге құрылған, әр дәуірде түрленіп тұратын, әрбір құбылыс пен нәрсенің жаралуы турасында түрліше пікір-пайымдауларды өз арнасына жиыстыратын, жоғарыда ғалым айтқандай политеистік ұғымдарды өн бойына сыйдыратын танымның ерекше түрі. Оның дінмен ешқандай өзегі де, байланыс-бірлігі де жоқ. Бірақ діни мифтер кездеседі. Оның өзіндік құрылымдық ерекшелігі өз алдына басқа.
Айналма процесі мифологияда өте тез жүреді. Өйткені адамның ойы бір орында тұрмайды. Түрлі «тұрақсыз» өзгеріске ұшырап тұратын нанымнан кезек-кезегімен оқиға ауысып отырады. Мәселен, тотемизм ең ежелгі дәуірде туған наным. Қарапайымнан бастар болсақ, адам баласы аңшылық, бақташылық кәсіппен айналысқан кезде, сол кәсіптен айырылып қалмау мақсатында мәпелеп, әлпештеп, дегенін істеп, ақыры аяғында оларға сыйынды. Тек оларды ғана емес, сол төрт-түлік малдың иесі, «құдайы» деп Шопан-ата, Жылқышы-ата (Қамбар), Зеңгі-баба, Ойсыл-қара, Шекшек-ата секілділерді мойындаған. Сонда бұлар тотемизмге де жатпайтын жартылай миф, жартылай адам жасампаз қаһармандар. Өйткені бұлар басқа образдар сияқты тың, тысқары жерден келген кейіпкерлер емес, өсінді жасампаз қаһармандар. Яғни бұл қаһармандардың басында кәсіптік тотемдер тұрды да, олардан «пірлер», яғни «жасанды» адамдар пайда болды. Бұл құбылыс – аталық қоғамда пайда болған дүниелер. Осы мифтердің сарынымен қиял-ғажайып ертегілер туындай бастады. Бірақ бұнда аналық дәуір мен аталық дәуір әрқашан қайшылықта келеді. Оларға мысал ретінде «Алтын сақа», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Жерден шыққан Желім батыр», «Ұшар ханның үш баласы», «Аламан мен Жоламан», «Керқұла атты Кендебай» сияқты ертегілерді жатқызуға болады. Атап өткеніміздей, аталық дәуірдің белді жас өкілі ретінде Ер Төстікті алуымызға болады. Төстіктің досы гигантомандық кейіпкерлер әрі жалмауыз кемпір, перілер. Осы жерден де матриархат пен патриархат арасындағы күрес, қайшылықты көреміз. Ендігі жерде олардың жауы тотемдер емес, дәулер мен жалмауыз кемпір, перілер. Тотем болса, символданып, трансформацияға ұшырайды. «Алтын сақа» ертегісінде түлкілердің қулық әрекеті, қарғалардың берекетсіздігі танымдық тұрғыда жағымсыз образдар негізінде ашылса, жағымды бейне ретінде қарлығаш және төбет тотемдері көрініс табады. Немесе осындай «қасқыр», «ит», «төбет» тотемі «Сырттандар» ертегісінде беріледі. Бұл ертегілерде тотемдер символдық мәнге ие болған. Сондай бір аналық-аталық дәуірдің қайшылығынан жұбайлы неке үшін күрес деген оқиға желісіне негізделген идеясы биік ертегілер туындайды. Сонда аналық дәуірді «қолдап», жұбайлы неке үшін қарсы хикаялық мифонимдерге мыстан, жалмауыз кемпір, Жалғыз көзді дәу секілді ескі, ежелгі образдар жатса, аталық қоғам салты үшін күресушы «жаңа буынды» мифтік қаһармандарға Желаяқ, Таусоғар, Көлтауысар, Тыңшы секілділер жатады. «Ер Төстік» ертегісін ежелгі көктүріктер тайпасының аңыздық деректерімен байланыстыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет