Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиiс ұйымдар мен объектiлерде өрттердi сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесiн бекiту туралы



Дата04.03.2016
өлшемі66.9 Kb.
#37879
Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиiс ұйымдар мен объектiлерде өрттердi сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 6 қазандағы N 920 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 40, 438-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 10 қазан, N 310-311 (25281)


      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиiс ұйымдар мен объектiлерде өрттердi сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Өрттердi сөндiруге байланысты шығындарды өтеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 мамырдағы N 810 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 24, 287-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 маусымдағы N 695 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 328-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 11 тамыздағы N 760 қаулысымен бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 322-құжат).
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2008 жылғы 6 қазандағы
N 920 қаулысымен  
бекiтiлген     

Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиiс
ұйымдар мен объектiлерде өрттердi сөндiруге мемлекеттiк
өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда
шығатын шығындарды өтеу ережесi

      1. Осы Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиiс ұйымдар мен объектiлерде өрттердi сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиiс ұйымдар мен объектiлерде өрттердi сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары тартылған жағдайда шығатын шығындарды өтеу тәртiбiн анықтайды.


      2. Мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуға тиiс ұйымдар мен объектiлерде өрттердi сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары бөлiмшелерiнiң шығуы және бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу сөзсiз түрде жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 8 қыркүйектегi N 781 қаулысына сәйкес мiндеттi түрде өртке қарсы қызмет құрылуы тиiс ұйымдар мен объектiлердегi жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өрттерге шығу және сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының бөлiмшелерi шеккен шығындарды (бұдан әрi - шығындар) өтеудi төлеушiлер болып табылады.
      4. Төлеушiлердiң шығындарды өтеуi мiндеттi түрде жүзеге асырылады және айлық есептiк көрсеткiшпен анықталады.
      5. Шығындар есебiн осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органы жүргiзедi (өрттердi сөндiруге әрбiр шыққаны және бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзгенi үшiн).
      6. Шығындарды өтеу есебi:
      1) мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң бiрiншi автомобилi өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу орнына шыққан сәттен бастап анықталатын және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң соңғы автомобилi өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу орнынан кеткен сәттен бастап аяқталатын өртке шығуға және сөндiруге, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге жұмсалған уақытты;
      2) өртке шығуға және сөндiруге, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге жiберiлген автомобильдердiң саны мен түрiн ескере отырып белгiленедi.
      7. Жiберiлген автомобильдердiң түрi ҚР СТ 1166-2002 "Өрт техникасы. Жiктеме. Терминдер мен анықтамалар" сәйкес анықталады.
      8. Автомобильдердiң саны мен түрiн өрт сөндiру жетекшiсi өрттегi нақты (немесе ықтимал) жағдайды және өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк iс-қимылдарды орындау бойынша тактикалық мүмкiндiктерiн ескере отырып анықтайды.
      9. Ұйымдар мен объектiлердегi өрттi сөндiруге мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң бiрден артық автомобилiн тартқан жағдайда өтеуге жататын шығындар шығындарды өтеу есебiне сәйкес әрбiр автомобильге ол шыққан сәттен бастап қайтқан сәтке дейiн жеке анықталады.
      10. Ұйымдар мен объектiлерде, оның iшiнде шарттар негiзiнде жеке меншiк мемлекеттiк емес өртке қарсы қызмет құрылған жағдайда шығындар өтелмейдi.
      11. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органы есеп жүргiзедi және осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-шот жазады және төлеушiге жiбередi.
      12. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органы төлеушiге анықтама-шотты жолдай отырып, бiр уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне хабарлайды.
      13. Бюджетке енгiзiлуi тиiс шығындар сомасы анықтама-шотты алған сәттен бастап 20 жұмыс күнi iшiнде төленедi.
      14. Шығындарды өтеу жөнiндегi даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешiледi.

                                                              Ережеге


                                                            1-қосымша

   Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының бөлiмшелерi


өртке шығу және сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару
   жұмыстарын жүргiзу кезiнде шеккен шығындарды өтеу есебi

Р/
с
N

Өртке шығу және
сөндiру, бiрiншi
кезектегi авариялық-
құтқару жұмыстарын
жүргiзу уақыты

Бiр негiзгi
автомобиль
жұмысына
айлық есептiк
көрсеткiшпен
есеп

Бiр арнайы
автомобиль
жұмысына
айлық
есептiк
көрсеткiшпен
есеп

1

2

3

4

1.

1 сағатқа дейiн

20

30

2.

1 сағаттан 2 сағатқа дейiн

25

40

3.

2 сағаттан 3 сағатқа дейiн

30

50

4.

3 сағаттан 4 сағатқа дейiн

35

60

5.

4 сағаттан 5 сағатқа дейiн

40

70

6.

5 сағаттан және одан астам

50

80

                                                              Ережеге
                                                            2-қосымша

   Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының бөлiмшелерi


өртке шығу және сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргiзу кезiнде шеккен шығындарды өтеуге арналған
                        анықтама-шот

______________________________________________________________
(төлеушiнiң атауы, заңды мекен-жайы және/немесе өрт болған объектiнiң                              мекен-жайы)

Өрттiң
күнi

Өрттiң
уақыты

Негiзгi
автомо-
бильдер-
дiң саны,
бiрлiк

Арнайы
автомо-
биль-
дердiң
саны,
бiрлiк

Негiзгi
автомоби-
льге есеп,
АЕК-мен

Арнайы
автомо-
бильге
есеп,
АЕК-мен

Жалпы
сомасы,
теңге

1

2

3

4

5

6

7






















      Шығындар есебi:

                                    ___________ облысы (республикалық


                                    маңызы бар қала, астана) аумақтық
                                    бөлiмшесiнiң басшысы

                                    ______________________ қолы


                                                                 М.О.

                                    ___________ облысы (республикалық


                                    маңызы бар қала, астана) аумақтық
                                    бөлiмшесiнiң бас бухгалтерi

                                    ______________________ қолы



                                    Ұйымның (объектiнiң) басшысы

                                    _____________________ қолы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет