Минсизадамжок indd



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата12.12.2023
өлшемі6.16 Mb.
#486219
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
мінсіз адам жоқ

ҚОЙЫЛЫМ ЖҰЛДЫЗДАРЫ
«Күн астындағы Күнекей қызға» дайындық жақындап қалды . Аружан 
пьесаны күймен сүймелдемеймін деп шешті . Адина апайға қойылымға 
қатыспайтыны туралы айтуға бекіді .
Адина апайдың есігін қаққан кезде, ол қағаздарын қарап отырған еді .
– Кіре ғой, – деді Адина апай . – Ертерек келіп алдың . Дайындық бір аптадан 
соң басталады .
– Білемін, – деді Аружан . – Сізбен сөйлескім келген .
Адина апай бар зейінімен Аружанға бұрылып, әдеттегідей шашын жинап, 
қарындашымен қыстырып қойды .
– Мм . . . Қойылымға . . . қатыспаймын, – деді Аружан .
– Әттеген-ай, а! Сенсіз күйді қалай шертеміз? Ол күндері басқа жұмысың 
бар ма еді? – деп сұрады Адина апай .
– Жоға . . . Жәй . . . Негізі Күнекейдің рөлін сомдағым келген . Қойылым-
ның жұлдызы болсам ғой дегем . Ал күйшіні ешкім көрмейді де, – деп
түсіндірді Аружан . – Сондықтан оған қатысудың еш мәні қалмады .
– Әрине, түсінемін, – деп басын изеді Адина апай . – Басты рөлді сомдау – 
тамаша жұмыс . Бірақ басқа рөлдердің де жаман емес екенін ұмытпа .
– Басты рөлді сомдасаң ғана қойылымның негізгі жұлдызы боласың ғой, – 
деді Аружан .
– Басты рөлді сомдаған кейіпкер шынымен де көптің назарына ілігеді . 
Алайда өзгелердің де еңбегін ұмытпаған жөн . Сахна сыртындағы 
Сегізінші Тарау


40
адамдардың да үлесі көп . Оқиға қызық әрі шынайы болуы үшін сахна 
жақсы безендірілуі керек . Бұл оңай шаруа емес . Ондай шығармашылық 
қабілет Жұлдыз мен Гүлжанда бар, – деп түсіндірді Адина апай .
Аружан бұл оймен бірден келісті .
– Оларға бұл жұмысты сеніп тапсырдым, себебі екеуі де суретті жақсы 
салады . Жақсы пьеса қойылуы үшін сахна қызметкерлері де ауадай 
қажет . Олар декорацияны орны-орнына реттеп қоя білгені жөн . Сара 
мен Аспандияр осы жұмысқа лайық деп есептедім . Дер кезінде біреудің 
актерлерге жарықты түсіріп отырғаны да маңызды . Ол үшін жыпырлаған 
кнопкалардың қайсысын қай кезде басу керегін әбден зерттеп білген адам 
қажет . Ол, әрине, Ерлан . . .


41
Аружан басын изеді . Кім-кім де 
Ерланның гаджеттерді өте жақсы 
меңгергенін және өте ақылды бала 
екенін мойындайтын . Ал 
Сара мен Аспандиярға 
не жұмысты тапсырсаң 
да, тап-тұйнақтай етіп 
орындайды . Екеуі де 
тың ғылықты оқушылар .
– Әрбір қойылым үшін 
жақсы сценарий жазып, 
бірігіп жұмыс істей ала-
тын адамдар да қажет . Сон-
дықтан Алмас пен Фарида да 
тапсырма алды, – деді Адина 
апай .
Аружан Алмас пен Фари-
да ның жақсы арала-
сатынын және екеуі 
де жазуды жақсы кө-
ретінін білетін .
– Ал әрбір мюзиклді 
өмірге әкелу үшін, үй-
лесім мен ырғағы бар әуен керек, – деді Адина апай . – Міне, сондықтан сені 
күйші ретінде таңдадым .
Аружан әр адамның маңызды орны бар екенін түсінді . Бірақ оның әлі де 
басты рөлді сомдағысы келіп тұрған еді . Не болса да ол Адина апайдың 
айтқанын істеп көрсем қайтеді деп те ойлана бастады .
– Апай, қойылым пазл секілді ғой, иә, – деді Аружан .
– Солай десек те болады, – деп келісе кетті Адина апай . – Әр қатысушы 
пазл бөлшектері .
– Иә, – деді Аружан, – Әр бөлшек пьесаны толықтыра түседі .
Адина апай басын изеді, сол кезде оның түйілген бұйра шашы шешіліп 
кетіп, иығына түсе қалды .


42
– Кімнің орны маңызды екенін айта алмаймын . Актерлер де, сахна 
сыртында еңбек еткен әрбір оқушының да өз салмағы бар, – деп сөзін 
сабақтады Адина апай .
– Иә, актерлерсіз ешқандай пьеса қоя алмайсыз . Сондай-ақ декорация -
сыз, костюмсіз, сценарийсіз де ойын бола ма екен? – деп қостады Аружан .
– Режиссер мен жарық түсіруші болмаса ше?
– Ешкім ешкімге бағынбас еді және сахна тас қараңғы болатын шығар . . .
– Ал, күйші болмаса қалай? – деп сұрады ақырында Адина апай .
– Онда қойылым тып-тыныш өтер еді, – деді Аружан .
Аружан Адина апайға алғысын білдіріп, ойлану 
үшін дәлізге шықты . Әсияға Еңліктің рөлі 
не үшін берілгенін түсінген сияқты . 
Домыраны дәл Аружандай өзге біреу 
ойнай алмайды деп сенгендіктен, 
бұған күймен сүйемелдеу се-
ніп тапсырылған екен . Бәл-
кім . . . Аружан кенеттен сол 
қо йылымға үлесін қосқысы ке-
летінін түсінді . Тағы біраз ой-
ланып, Аружан қойылымда күй 
шертемін деп шешті .
– Адина апай, – деді ол сыныпқа 
қайта бас сұғып, – қойылымды 
күймен сүйемелдеймін!
– Әрине! Кейінірек басқа да 
пьесалар мен басқа да рөлдер де 
бола жатар .
Аружан болашақта өзі арманда-
ғандай сахна жұлдызы болуға бір қа-
дам жақындағанын түсінді . Бірақ қазір 
ол күй шертеді . Оның көңілі көтеріліп қалды . 
Осы жолы басты рөлді ойнамағанымен, маңызды 
және жауапкершілігі мол жұмыс тапсырылғанына қуанды .
– Сіз басты рөлде ойнап көрдіңіз бе? – деп сұрады Аружан мұғалімінен .
– Кейде, – деп жауап берді Адина апай . – Бірақ мен қосалқы болғаны 


43
үшін ғана мықты рөлден бас тартқан бір қызды білемін . Бүгін сен
қандай көңіл-күйдесің, ол уақытта ол да сондай сезімде болды .
Ұстазының көзі ұшқындап тұр еді .
– Адина апай, ол қыз сіз бе едіңіз?
Адина апай Аружанның басынан сипап, күлімсіреді:
– Дайындықта кездескенше, Аружан!


44


45


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет