Коллоидты мицелла құрылысы. Мицелла теориясы
Мицелла теориясы бойынша золь екі бөліктен тұрады: мицелла және интермицеллярлы сұйықтық. Мицелла - бұл дисперсті фаза бөлшегі. Интермицеллярлы сұйықтық - бұл дисперсті орта. Мысалы: AgI гидрозолінің конденсация әдісі бойынша түзілуі: егер AgI AgNO3 ертіндісінде болса, онда потенциаланықтаушы ион Ag+ болады, ал қарама-қарсы ион NO3-. Яғни, коллоидты бөлшек заряды ылғида кристалдық торды жалғастырып тұрғызушы немесе бөлшек беттінде адсорбцияланатын стабилизатордың аттас ионымен анықталады .
{ m[AgI]nAg+(n-x)NO3-} xNO3-
агрегат
ядро
бөлшек немесе гранула
мицелла
m n
m [AgI] – мицелла агрегатындағы AgI молекула саны;
n Ag+– потенциаланықтаушы ион саны;
(n-x) NO3- - адсорбциялық қабаттағы қарама – қарсы ион саны;
х NO3- – диффузиялық қабаттағы қарама – қарсы ион саны
Бақылау сұрақтары:
1. ҚЭҚ қабат қалай пайда болады?
2. ҚЭҚ қабаттың құрылысы қандай?
3. Адсорбциялық және диффузиялық қабаттың түзілудің қандай теориясын білесіз?
4. ҚЭҚ – тың түзілуіне мысалдар келтіріңіз.
5. Мицелла құрылысын түсіндіріңіз.
Дәріс 9. Беттік құбылыстар.
Дәріс жоспары Тақырыбы: Беттік құбылыс
тар.
1Беттік құбылыстардың жіктелуі.
2.Адсорбция туралы ұғым. Адсорбция түрлері.
3.Фрейндлих теңдеуі. Ленгмюрдің мономолекулалық теориясы.
4.Беттік активті заттар.Гиббс тең-деуі.
Қысқаша мазмұны
Беттік құбылыстардың жіктелуі
Беттік құбылыстарды термодинамиканың 1ші және 2ші заңдарының біріккен теңдеулеріне сәйкес жіктеу қолайлы. Кез-келген гетерогендік жүйе үшін оны келесідей түрде жазуға болады:
dG=-SdT+Vdp+ds+idni+ dq (15.1)
G – Гиббс энергиясы, S – энтропия, T – температура, V – көлем, - беттік керілу, p– қысым, s – беттік аудан, i – i компенентің химиялық потенциалы, ni – i компонентінің моль саны, - электрлік потенциал, q–электрлік саны. 1-теңдеу жүйенің Гиббс энергиясының өзгеруін басқа энергия түріне өзгеруінің алгебралық қосындысы арқылы көрсетеді. Бағыттаушылар беттік энергияның бес мүмкін өзгеру процесін көрсетеді: 1- Гиббс энергиясына, 2 – жылуға, 3–химиялық энергияға, 4–механикалық энергияға, 5–электр энергиясына. Беттік энергияның көрсетілген энергия түрлерінің біріне өзгеруі беттік құбылысқа жауап береді. Мысалы, диспертіліктің өзгеруімен реакциялық қабілетілігің өзгеруі, адгезия және жұғу, адсорбция, электрлік құбылыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |