Модуль 04: «Іргелі білім»



бет31/100
Дата21.02.2024
өлшемі3.34 Mb.
#492757
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100
УМКД АНиФКХ ТПП-23-1-7

Абсорбция дегеніміз сорбент массасына диффузия арқылы газ енгендегі сробция құбылысы.Ол берілген бір заттың (сорбтивтің) екінші бір затта(сорбентте) еру құбылымына пара пар. Фаза араларындағы таралу заңы Генри заңына бағынады. Қазір абсорбциялық құбылыстар өнеркәсіптк кеңінен қолданылады.
Адсорбент бетінің 1см ²-на сіңген заттың мөлшерін меншікті (үлесті) адсорбция (Г) деп атайды. Іс жүзінде кез келген адсорбент бетін өлшеу мүмкіедігі бола бермейтіндіктен, 1кг адсорбентке адсорбцияланған мольмен өлшеп, А әріпімен белгілейді:
A=x/m
Адсорбция (А) мен меншікті адсорбция арасындағы байланыс былайша өрнектеледі:
A=Г*SО
Берілген адсорбент пен адсорбтив үшін адсорбцияның шамасы адсорбтив газ күйінде болса темпиратура (Т) мен қысымға (Р), ал ерітінді болса темпиратура(Т) мен концентрацияға (С) тәуелді.
Көптеген зерттеулерде көрсеткендей адсорбция қайтымды процесс. Адсорбция жүретін беткі қабаттарда оргаласқан молекулалар аса мықты бекітілмеген. Олардың кейбіреулері адсорбенттің тартылыс күші әсер ететін шектен шығып кетуі мүмкін, яғни адсорбенттің бетінен бөлініп, өзі қоршаған ортаға кетуі мүмкін. Мұны десорбция дейді.Бұл екі құбылыс белгілі бір жағдайларда адсорбциялық системада тепе теңдік жағдайын тудырады:
адсорбция ↔ десорбция
Мұндай тепе теңдік жағдайда белгілі мерзім аралығында адсорбент бетінен бөлініп, басқа жаққа кеткен, яғни десорбцияланған бөлешктер санысы уақыт аралығында екінші ортадан бөлініп, адсорбцияланған бөлшкетер санына тең болады.
Адсорбция түрлері мен теориясы.
Қатты денесұйық зат жанасу шегіндегі адсорбция түрінің біріне жататын ион алмастырғыш адсорбцияның маңызы аса зор. Ол жан –жақты зерттелген.
Адсорбент бетінің бірлік ауданына сіңген заттың мөлшерін меншікті адсорбция (Г) дейді: Г=x/S. Ал бірлік массасына адсорбцияланған адсорбцияны мольмен өлшеп, А әрпімен белгілейміз: A=x/m.
Тұрақты температурада адсорбция шамасының қысымға н/е концентрацияға тәуелділігін көрсететін, қисықты адсорбция изотермалары деп атайды.
Адсорбция изотермасын аналитикалық өрнектеу үшін Бедекер, кейін Фрейндлих мынадай эмпирикалық теңдеу ұсынды.
,
мұндағы х – адсорбцияланған зат мөлшері, m – адсорбент массасы, р – жүйедегі газдың тепе-теңдік қысымы, К және 1/n – константалар.
Ерітіндідегі адсорбция үшін Фрейндлих теңдеуі былай жазылады:
,
мұндағы β – алдыңғы теңдеудегі К-ға сәйкес келетін константа, с – тепе-теңдік концентрация, Т-Т – тепе-теңдік (равновесный). β және n константаларын Фрейндлих теңдеуінің логарифмдік түрін графикалық құрғанда табады:

Тәжірибелік жолмен анықталған Г және С мәндерін логарифмдей отырып, lgГ=f(lgC) графигін тұрғызады. Сонда АВ түзуі шығады. Осы түзу ординаталар осінде кескен ОА кесіндісі lgβ-ға тең, ал осы кесіндінің абсцисса осіне көлбеу бұрышының тангенсі 1/n ға тең (tgα=1/n).
β константасының физикалық мәні с=1 деп алғанда түсінікті болады, сонда ол адсорбтивтің тепе-теңдік концентрациясы 1моль/л-ге тең болған кездегі адсорбция шамасын білдіреді.
Адсорбцияның мынадай түрлері бар: газдың қатты денедегі, еріген заттың ерітінді-газ шекарасында,еріген заттың қатты дене-ерітінді шекарасында адсорбциялануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет