2.3 – жұмыс. Бейтараптау жылуын анықтау
Жұмыс мақсаты: Натрий гидроксидінің (натрий күйдіргіші) тұз (хлорлы суттек) қышқылымен бейтараптау жылуын анықтау.
Құралдар мен ыдыстар: Калориметр, Бекман термометрі, пробиркалар, көлемі 400 см3 стакан.
Реактивтер: 0,15н натрий гидрооксиді, 5н тұз қышқылы.
Бейтараптану жылуы деп, 1 моль күшті қышқыл 1 моль күшті негізбен әрекеттескенде бөлінген жылу мөлшерін айтады. Бейтараптау процесін иондық түрде келесідей теңдеумен жазуға болады:
Теңдеуге сәйкес кез келген күшті қышқылды күшті негізбен бейтараптағанда сұйытылған ертінділерде 298,15 К кезінде —54,40·106 Дж/кмоль тең тұрақты жылу байқалу керек.
Жұмыс реті. Бейтараптау жылуын анықтау үшін калориметрлік стаканға 10 (сур.2.1) шамамен 400 см3 0,15 н NaOH ертіндісін құяды. Сілті ертіндісінің нақты мөлшерін (±1г) бос және толтырылған стакан 4 салмағының айырымы бойынша анықтайды. Сілтіні 5 н НС1 ертіндісімен бейтараптайды. Қышқылды (~10 см3) пипеткамен арнайы ампулаға құяды. Қышқылдың нақты салмағын (+0,01 г) бос және толтырылған ампула салмағының айырымы бойынша анықтайды. Ампуланы калориметр қақпағына 3 орнатады(сур. 2.1).
Калориметр тұрақтысын K анықтаған соң, 10 рет «алдын ала кезең» температурасын өлшейді. Қақпақтағы ампуланы 8 қолмен басып жібергенде, стакан 4 түбінде сынады. «Негізігі кезең» 1 - 3 минутқа созылады. Кейін 10 рет «қорытынды кезең» температурасын өлшейді. Графиктен температура өзгерісін t анықтап, теңдеу бойынша қышқылды негізбен бейтараптау кезінде бөлінген жылу мөлшерін есептейді.
Бақылау сұрақтары
Химиялық реакция жылу эффектісі дегеніміз не?
Гесс заңы және оның салдарының анықтамасын айтыңыз .
Стандартты түзілу және жану жылуы дегеніміз не?
Стандартты жағдайда реакция жылу эффектісін түзілу және жану жылулары арқылы қалай есептейміз?
Калориметр қондырғысын сипаттап беріңіз. Оның қандай түрлерін білесіз?
Калориметр тұрақтысын қалай анықтайды?
Тұздардың еру, гидраттану жылуы дегеніміз не?
Бейтараптау жылуын қалай анықтайды?
Достарыңызбен бөлісу: |