Модуль /пән атауы: Математика Дайындаған педагог: Шіркітбай а жалпы мәліметтер Курс, оқу жылы, топ: 1-курс,2021-2022 оқу жылы,мбт 21-9 Мамандығы: 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
САБАҚ ЖОСПАРЫ Сабақтың тақырыбы: Иррационал теңдеулер жәнеолардың жүйелері.Иррационалдық теңдеулерді шешу әдістері. Модуль /пән атауы:Математика
Дайындаған педагог:Шіркітбай А
1.Жалпы мәліметтер Курс, оқу жылы, топ: 1-курс,2021-2022 оқу жылы,МБТ 21-9 Мамандығы: 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
Біліктілігі: 4S01140101 «Бастауыш білім беру мүұғалімі»
Сабақ түрі:Аралас сабақ
2. Мақсаты: Иррационал теңдеудің анықтамасын білу, оның мүмкін мәндер жиынын анықтай алу Теңдеудің екі жағын n дәрежеге шығару әдісі арқылы иррационал теңдеулерді шеше алу Иррационал теңсіздіктердің анықтамасын білу,оны шығара алу. Міндеттері: Студенттердің интеллектуалды дамуына жағдай жасау, логикалық ойлауына мүмкіндік беру, әрекеттеріне анализ жасай білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі: Оқуға бағыт-бағдар беру;Топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу; Студенттердің өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
3. Сабақты жабдықтау: Бейнефильм, ноутбук, интерактивті тақта
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: 10 сынып Алгебра
3.2 Техникалық құралдар, материалдар: ноутбук, интерактивті тақта, , кесте, карта.
4. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу міндеттері студенттерге таныстырылады.
Анықтама.Иррационал теңдеу деп белгісізі түбір таңбасының ішінде болатын теңдеуді айтады. Иррационал теңдеулерді шешудің екі тәсілі бар: 1) теңдеудің екі жақ бөлігін бірдей дәрежеге шығару; 2) жаңа айнымалыны енгізу; Берілген иррационал теңдеуді түрлендіру арқылы келесі түрге келтіреміз: