Модуль «ҚР-дағы стартаптарды, шоб-ты қолдау шаралары» шоб-ты мемлекеттік қолдау шаралары



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата09.06.2023
өлшемі224.74 Kb.
#474887
  1   2
ШОБ-ты МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ(жаңа)



Модуль 2. «ҚР-дағы стартаптарды, ШОБ-ты қолдау шаралары» 
ШОБ-ты МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ 
2019 жылы Қазақстан Дүниежүзілік банк жыл сайын жариялайтын Doing Business 
рейтингінде 25-ші орынға ие болды. 
Біздің республикамызды Ресей, Беларусь, Жапония, Исландия және Испания сияқты 
елдер басып озды. 
Бұл рейтинг біздің елімізде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын 
білдіреді. Үкіметтің заңнаманы реформалау, бизнесті құру процестерін оңайлату, қадағалау 
қызметін оңтайландыру бойынша жұмысы осындай жоғары көрсеткішке қол жеткізуге 
мүмкіндік берді.
Бизнес-ортаны дамытудың маңызды факторы кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік 
бағдарламаларының болуы болып табылады, олар туралы біз бүгінгі сабақта айтатын 
боламыз. 
Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге көмек көрсететін негізгі 
мемлекеттік бағдарлама бұл 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 
ұлттық жоба. 
Онда бизнесті қолдаудың қаржылық құралдары, мысалы, жеңілдетілген несиелер
гранттар, субсидиялар беру, несиелерге кепілдік беру және тағы басқалары және қаржылық 
емес құралдары, мысалы, ақпараттық-кеңес беру қызметтері, бизнесті оқыту, бизнесті 
сервистік қолдау және тағы басқалары қарастырылған. 
Оған халықтың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған топтары, ісін жаңа 
бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және 
олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары, жастар, аз қамтылған отбасы 
мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер қатыса алады. 
Ұлттық жоба аясында қатысушылар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік 
негіздеріне оқытудан өтеді. 
Сертификат алғаннан кейін өтеусіз грант алуға, кредиттік серіктестіктерден, 
микроқаржы ұйымдарынан. Екінші деңгейдегі банктерден, сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық 
басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарынан жеңілдікті кредит 
алуға болады. Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 6%. 
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өткен және белгіленген талаптарға сәйкес 
келетін ұлттық жобаның қатысушылар 400 АЕК мөлшерінде өтеусіз және қайтарымсыз 
грантқа үміткер бола алады. 
Ұлттық жобаның қаржы операторы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры болып 
табылады. 
Damu.kz сайтында немесе 1408 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы бағдарламаның 
шарттары туралы көбірек біле аласыз. 
Қандай қолдау шаралары бар? 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет