171
Назарбаев Университеті
Жоғары білім беру мектебі
Ақпаратты келісімнің негізгі мақсаты – жеке тұлғаны алдағы
зерттеумен таныстыру үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру,
оның ішінде зерттеу туралы барлық ақпаратты зерделеуге жеткілік-
ті уақыт беру. Зерттеуші жеке тұлғадан зерттеуге қатысу жөніндегі
өтінішіне байланысты «ақпаратты келісім» емес, «ақпараттан бас
тарту» алуы мүмкін екенін, яғни зерттеу жұмысының тигізуі мүм-
кін зияны жайында алдыңғы зерттеулерден оқып-танысқан адам-
ның зерттеу жұмысына қатысудан бас тартуы мүмкін екенін есте
ұстауы қажет (Cohen et al., 2011, 78-б.).
Жоғарыда талқыланған
әдеп принциптерінің негізінде (7.1.1 және 7.1.2-бөлімшелерді қа-
раңыз) жеке тұлға зерттеу басталғаннан кейін де одан қатысудан
бас тартуға немесе зерттеу жұмысынан шығуға құқылы. 8-тарауда
сапалық зерттеуді ұйымдастырудың мысалдарын келтіру арқылы
ақпаратты келісімнің құрылымын толығырақ қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: