158
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
табылады (Diener & Crandall, 1978, 57-б.). Ақпаратты келісім тура-
лы толыққанды ақпарат 7.2-бөлімінде беріледі.
Зерттеуге өз еркімен қатысу принципіне сәйкес әлеуетті қа-
тысушыларға ықтимал тәуекел туралы толық ақпаратты зерттеуші
өкілі не болмаса басқа қызметкерлер емес, зерттеушінің тікелей
өзі беруі тиіс. Өз еркімен келісу
жайында Нюрнберг кодексінде
атап өтілгендей, «дұрыс жасалған келісім зерттеуге бастамашы бо-
лып, жетекшілік ететін немесе оны жүргізуге қатысатын әркімнің
өз еркінде» деуге болады (Нюрнберг кодексі, 1949, 1-б.). Сонымен,
зерттеуге өз еркімен қатысу немесе одан бас тарту зерттеушінің
жеке міндеті әрі жауапкершілігі болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: