Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет33/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

17. Себет
Бұл ойын көне ойындар түріне жатады. Ойын барысында далада от жағылып көп адамдар жиналып ән айтылып, әңгіме-дүкен құрылады. Жиналғандар жақсы киімдерін киіп, қыздар әшекейленген киімдерін киеді. Далада алаңда 3х3 м көлемімен төртбұрышты аса биік емес қоршау орнатылады. Қоршау ішіне кепкен бұтақтар мен шөп толтырылады. Кешкіде отты жаққанда осы “Себетте” жағады. Ойын шарты бойынша даладан ертоқымсыз жылқыларға мінген қыздар, осы от жанып тұрған “Себет” үстінен шауып келіп атымен қарғып өтулері қажет. Секіретін аттарды алдын ала жаттықтырады. Бұл ойын қыз балалардың ер жетіп өскендігін көрсетулерімен қатар, олардың батылдығын, мықтылықтарын және сұлулықтарын паш етеді. Ойынды көрушілер ішінен өзіне жар іздегендер болса, сөз салуға мүмкіндіктері туады.
18. Қасқұлақ
Ойын далада көбіне кешкі уақытта өткізіледі. Ойнаушылар саны 20 ға дейін.
Ойыншылар арасынан “Қасқыр” және “Түнгі күзетші” таңдалады. Қалған ойнаушылар “Қойларды” бейнелейді. Олар не “күзетші”, не “қасқыр” көрмеу үшін жан-жаққа таралып тығылады. “Қасқырдың” көрінуі үшін басын ақ орамалмен байлайды. Тығылғандарды іздеумен, ол “күзетшінің” көзіне түспеуге тырысады. “Күзетшінің” тапсырмасы – “қасқырды” аңдап жүріп оны қуады. Тығылғандар қимылдамауға тырысады. Егер “қасқыр” ойнаушылардың біреуін ұстаса және оны “күзетші” көрмей қалса, онда “қасқыр”, “күзетшінің” орнына тұрады, ал ұсталынған ойнаушы “қасқыр” болады. “Күзетші” болған ойнаушы енді қойдың рөлін атқарып тығылады. Егер “күзетші”, “қасқырды” көрсе, өзінің “отарын” қорғап оны қуады. Ойын уақыты белгіленбеген. Ойын аяғында ең жақсы “қасқырларды”, “күзетшілерді” және “қойларды” атап мадақтайды.
Ережелер: 1) егер “қасқыр” ойнаушыны көріп қойса, оған оны қуып жетуі қажет емес, атын атаса болғаны;
2) егер “қасқыр” тығылғанның атын дұрыс атаса, онда тығылған орында қалу керек (қашпау керек);
3) “қасқыр” мен “күзетші” орындарымен ауысқанда, “қасқыр” және “күзетші” кім болғанын аттарын дауыстап атап естіртеді және тығылған ойнаушылар орындарында қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет