Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет57/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

70. Дауыста, атыңды айтам
Ойыншылар дөңгелене алқа-қотан отырады. Ортаға көзі байланған ойыншы шығарылады. Барлық ойыншылар бір өлеңді бастап бір шумағын айтады, араларында отырған балалардың біреуі екінші шумақты жеке айтып өлеңді әрі қарай жалғастырады, келесі шумақты басқа, қайырманы басқа ойыншы айтып өлеңді аяқтайды. Өлең аяқталғаннан кейін көзі байланған ойыншы кімдердің өлең айтқандарын дауыстарынан айыра білуге тиіс. Егер ол дәл тапса, онда екінші шумақты айтқан баланың көзін байлап ортаға шығарады. Ойын осылай жалғаса береді. Ойынды түрлендіріп ойыншыларға дауыстарын өзгертіп айтуға, немесе аң-құс, жан-жануарлардың дыбыстарын келтіріп айтуға да болады.
71. Атқаума
Ойында алты бала үш-үштен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін ұстайды. Қарама-қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін бос қалған қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды.
Үшінші бала көзі таңулы күйде екі баланың айқасқан қолына отырады. Қолдасып тұрған балалар: «Атқаума, атқаума», – деп қаумалап көтерген сайын мөлшерлі жерге дейін жүреді. Бір бала:
– Ақ сандық, ақ сандық – дейді.
Оған көзі байлаулы бала:
– Көк сандық, ақ сандық, – деп жауап береді.
– Аспанда не бар?
– Жұлдыз бар.
– Жерде не бар?
– Құндыз бар.
– Көлде не бар?
Қумалап келе жатқан екі бала:
– Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ,
Бұтың неге талтақ,
Көзің неге тостақ? – дегенде:
– Темір телпек көп кидім,
Басым содан жалпақ.
Теуіп жауды шақырдым,
Бұтым содан талтақ.
Қарауылға көп тұрдым,
Көзім содан тостақ, – дейді әлгі бала.
Екі бала:
Мына жерде шөл бар,
Мына жерде ел бар,
Мына жерде көл бар, – деп қолдарын босатып жібереді. Отырған бала жерге құлап түссе балалар мазақтап күлкіге алады, құламай аяғына тіке тұрып қалса, өзін көтерген ойыншылардың бірін алмастырады. Ойын осылай қайталана береді.
72. Сарышымшық
Ойыншылыр бес-алтыдан бөлініп, екі сапқа тізілген балалар бір-біріне қарсы тұрады. Кейде бір-бірін кимелеп топтасып тұруы да мүмкін. Ортада бір бала хан болып сайланады. Хан сапты бойлап келе жатып, әр баланы сұқ саусағымен жеке-жеке көрсетіп санай бастайды.

  • Бірім,

  • Екім,

Жолға бекін.
Үш пенен төрт,
Бес,
Алты,
Жеті кепті қосалқы.
Сегіз ойда,
Тоғыз тойда.
Он қайда?
Салып қалсам борбайға
Баспас па екен ойбайға?!
Ойбайға,
Ойбайға,
Ойбайға
Он қайда? – деп алақ-жұлақ етіп, балалардың назарын басқа жаққа аударып, «онды іздеп» әрлі-берлі жүреді. Балалар демін ішіне алып, тына қалады. Хан күтпеген жерден бір баланы нұсқайды да,

  • Он сенсің,

Сарышымшық,
Жолда тұрмай ұшып шық, – дейді. Сол мезет «сарышымшық бала» ортадан атып алға шығып, ханның арқасына тығылуы керек, ал жанында тұрған балалардың міндеті оны шап беріп ұстап алып, саптан шығармай қою. «Сарышымшық» ұшып кетсе, қасындағы көршісі айып төлейді. Ұсталып қалса, «Сарышымшық» кінәлі болып ән айтады, би билеп береді немесе басынан шерткізіп, «тоқымай» алғызады. Тіпті болмаса сары шымшық болып шиқылдап, балаларды күлдіреді. Бұл ойын балаларды тездікке, тапқырлыққа баулиды.
73. Қимақ
Бұл ойында 10-20 қадам жерге көлденеңінен жіп керіп, сол керілген жіпке әр түрлі сан алуан заттарды салбыратып байлап қояды. Мысалы: қалам, өшіргіш, кәмпит, кітап, әр түрлі ойыншықтар және ойын көңілді болуы үшін бос қағазды да домалақтап орап қояды. Ойынның шарты: бір ойыншының көзін байлап, ойын бастаушы оның қолына қайшы ұстатып, «Осылардың ішінен қалағаныңды қиып ал», – дейді де ойыншыны айналдырып, айналдырып қоя береді. Ол адам заттар тұрған жақты өзі бағдарлап барып заттың бірін қиып алуға барады, егер дөп барып қиса, қиған затын алады. Егер бірінші рет қия алмаса, екінші рет әрекеттенуге болмайды, байланған көзін ашып орнына қайтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет