Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Таңғыш заттарды, хирургиялық жабдықтар мен күнделікті



Pdf көрінісі
бет20/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129
оперативтік хир 8 н

Таңғыш заттарды, хирургиялық жабдықтар мен күнделікті 
жұмысқа қолданатын заттарды залалсыздандыру 
 
Автоклавпен стерилдеу - өте сенімді зарарсыздандыру тәсілі. 
Автоклавтарда жоғарғы қысыммен таңатын материалдар (бинттер, 
майлықтар, анжылар т.б.) және операцияға киетін киімдер (халаттар, 
ақжайманың, сүлгілер, қалпақтар) жиірек стерилденеді. 
Кейде онда фарфор, шыны ыдыстарды және эмальданған кішкене 
шылапшындарды орналастырады. Автоклавтаудың алдында материалдар 
және киімдерді (тығыздамай) арнайы металл қораптарға - бикске салады. 
(сурет 33). Ал егер ол жоқ болса, кенеп қаптарға немесе бу өткізетін 
пакеттерге салуға болады. Биксің қабырғасындағы саңлауды автоклавқа 
қоюдың алдында ашады, стерилденіп болғаннан кейін жабады. Автоклавқа 
бірден бірнеше биксты қойуға болады. Стерилдеу ұзақтығы манометр 
көрсетулеріне тәуелді: 1,5 атмосфералық (126,8°) қысымда - 30 минут, 2 
тмосфералық қысымда (132,9
0
) – 20 минут.
Сурет 33. Бикс 
Қажет уақыт өткен соң жылытуды тоқтатады, шығарушы кранды 
байқап ашу керек. Буды шығарады және қысымды (нольге дейін) жеткізеді. 
Тек қана осыдан кейін автоклавтың қақпағын байқап ашып, стерилденген 
заттарды алады. 
Бу ағынымен стерилдеу. Арнайы Кох аппаратының көмегімен немесе 
ол жоқ болса қақпағы бар шелекті қолданады. 
Ыдыстың 1/3 биіктігіне су құяды, тесік тор қалқанды су деңгейінен 
жоғарырақ орналастырады, стерилдейтін заттарды пакеттерге немесе бикске 
салып қалқаның үстіне қояды. Шелек ыдысты қақпақпен жауып, оны 
қыздырады. Стерилдеудің басталуы ретінде қақпақтын астынан бу шыға 
бастағаннан есептейді. Сол кезде будың температурасы 100° С жетеді; 
стерилдеу ұзақтығы 30 минуттан кем болмауы тиіс. 


41 
Үтіктеп стерильдеу. Бұл тәсілмен тек қана басқадай стерилдеуге 
мүмкіндік болмағанда рұқсат етіледі. Әдетте, үтік температурасы 145° С 
жетеді, алдымен ақжайманы жайып қойып оны толығымен екі жағынан 
үтіктеп шығады, содан соң үстіне су себіп оның үстіне қажетті заттарды 
(дәке, халат, бинт) қояды, үтікті баяу бір орында 2-3 мәрте жылжытып 
үтіктеп шығады. Стирилдеуші затты аударып, екінші жағынан қайталайды. 
Үтіктелінген заттарды стерилденген іскекпен бикске немесе пакетке қаттап 
салады. 
Күйдірумен стерильдеу. Тек қана эмалдаған және фарфор ыдыстарды, 
шылапшындарды, темір құралдарды, кюветалар және т.б. күйдіру арқылы 
стерилдейді. Ол үшін олардың бетін және ішкі жақтарын спиртпен сүртіп 
шығады, сонан соң анжыға от жағып өңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет