Мұса Байжанұлы әндерінің қолтаңбалық ерекшеліктері



Дата02.01.2022
өлшемі21.65 Kb.
#453308
Мұса Байжанұлы ару


Мұса Байжанұлы әндерінің қолтаңбалық ерекшеліктері

Композитордың 60-тан аса әні бар.Әнші шығармашылығын арнайы зерттеген З.Қоспақов нотаға түсірген «Қыз күйі», «Қызбала күйі», «Құмжылан» күйлерін атайды. Күйлерінде шертіп ойнау тәсілі басым.

Қорыта келгенде,Жаяу Мұса жан-жақты көзі ашық адам болған.Оны өмірбаян деректері дәлелдей түседі:

1)Өзінің өмірі жайлы өлең дәптерін қалдырған;

2)Мұсаның үйінде жеке кітапханасы болды.Газет-журнал оқып,1911-18ж. Қазақстанда,Ресейде болып жатқан басты жаңалықтарды қойын күнделік дәптеріне түсіріп отырған.Ол «Сары-Арқа», «Звезда» , «Уақыт» , «Қазақ» , «Дала уалаятының газеті»» , «Түркістан уалаятының газеті» осы уақытта шығып отырған басқа да басылымдарды оқыған;

3) Мұса шағатай,араб,төте жазуды білген.Орыс классиктерін Л.Толстой,А.Пушкин,М.Лермантов,Щедрин және т.б жазушылардың шығармаларын түпнұсқада оқып,Ы.Алтынсариннің өлеңіне ән шығарған.Шоқанмен араласқан,Абаймен хат алысқан. Жаяу Мұса хаттары Коншин есімді өлкетанушының жеке мұрағатында сақтаулы.Оның бірнеше өлеңі де бар.

Әлкей Марғұланұлының жазуына қарағанда Жаяу Мұса жасы келіп қалғанына қарамастан өте қайратты,ширақ,орта бойлы,көзі қыранның көзіндей өткір,әрқашан қызыл көйлек киіп жүретінді әдетке айналдырғанын жазады.

Орхан Дүрманов Мұсаның былаша еске түсіреді: « Киімі түрлі-түсті матадан,айналасы толған газет-журнал,кітап болушы еді.Төте жазуды Жаяу Мұсадан үйрендім», дейді ақсақал.

Жаяу Мұса әндерінің мазмұнын З.Қоспақов мынандай топтарға бөле қарастырады.Олар сын,ғақлия,сықақ,жаратылыс суреті,әйел тағдыры,мысал өлеңдер (Кырыловка еліктеп ),мінажат,күрес,жоқтау , аңшылық кәсіп, махаббат, азаматтық лирика, наразылық тақырыбы.

Өзінің мәңгі қарсыласы Мұса Шормановқа ол «Ақ сиса» , «Шормановқа» , «Тұрымтай» , «Бұзау зары» деген әлеуметтік тақырыпты және сықақ әндерін арнаған.

З.Қоспақов Жаяу Мұсаның музыкалық шығармашылығы екі бағытта дамиды деп түйеді:

1)дәстүрлі Арқа әншілігін жалғастыратын кәсіби әндер.Оларға: « Көгершін», «Сұрша қыз», «Баянауыл», «Хаулау», «Гауһар қыз», «Толқыма» , «Жуан аяқ» әндерін айтуға болады;

2)марш ырғағында,журдек екпінде қала музыкасының әсері бар туындылар құрайды.Мұндай әндерге сырнайда (гармонь),скрипкада ойнау әдістерінің елесі,әуенді аккордты дыбыстармен жүргізумен айрықшаланады.Осы тұрғыда «Тұрымтай», «Құлбай», «Шолпан», «Ескендір», «Қыздар-ай», «Қазан қыздары» , «Басқұлбай», әндерін айдерін айтуға болады.

Жаяу Мұса әндерін ХХ ғасырда Әмре Қашаубаев,Қали Байжанов,Қуан Лекеров,Қосымжан Бабақов,Мағауи Көшкінбаев сынды ақиық әншәлер орындады.Ал әндерін ел ішіне таратқан балалары Салық пен Анна еді.

Әндерінің көпшілігінің қайырмасы бар.Әдетте қайырмасы әннің негізгі әуенін қайталайды немесе дамытады («Ақ сиса», «Шормановқа», «Толқыма»). Кейде қайырмасы одағай сөздермен қысқа қайырмамен қайырылады.Өлең өлшемі 7-8,11 буынды төмен қарай байсалды қозғалыс бағытымен өрбиді(«Ақ сиса», «Ескендір», «Бәшерден»I «Шормановқа»II).Қайырма мен шумақ квинта не секста секірісімен бөлінгендіктен,жеке тараулар болып қабылданады («Шолпан» I,II,»Тұрымтай», «Құлбай»II,III, «Сапар»II, «Толқыма» I).

Кенен Әзірбаев әндерінің көркем ерекшеліктері:

1)Әндерінің көбісі-арнау әндер ( 45 ән),мадаақтау (90 ән) жанрындағы туындылар.Олар елінің белесті оқиғаларына -тың игеру («Жайнайды тыңым жайнайды») ,ғарышқа ұщу («Айға ұшқан ақиық») әрі еңбек ерлері,мемлекет қайраткерлеріне («Шаңқ етпе,Оразжан»), «Екпінділерге», «Қос жұлдызды батыр») арналған;

2) Тарихи әндер де Кененнің ән мұрасында ауқымды орын алады.1916ж.Қазан төңкерісіне, Ұлы Отан соғысы жылдарында туған әндерінің ішінде хат-өлең жанрында шығарылғандары да бар-«Қайран Шөкем» , «Сағындым -ау Жанарбек»;

3)Кененнің лирикалық әндерінің көбі танымал. «Ри,қойым», «Бозторғай», «Мөртай сұлу», « Бұлбұлға», «Ойжайлау», «Көпшілік көрсем әнімді», «Тойдың әні», «Тік шырқау», «Қызыл қайнар» және т.б.;

4)Кененнің ғұрыптық әндері негізінен соңғы кезеңінде шығарылды (қоштасы,жоқтау): «Күләшқа арнау ән», «Шынарым-сыңарым», «Базар-Назар», (1925ж.), «Куйгенім-ай,сүйгенім-ай». Кенен шығармашылығында тұрмыс-салт әндерінің де өз орны бар: «Беташар», « Бесік жыры»;

5) Нақыл,насихат,ғибрат,айту мазмұнындағы әндер:алғыс өлең («Мен сүйемін халқымды» «75»), тілек өлең («Келінжан»), бата өлең («Төрткенім-ай»),мысал өлең («Сарбарпы»), сықақ ән-«Көкшолақ»;

6)Әндері 7-8 және 11буынды да юолып келеді;

7)Әндерінің ладтық жүйесі:еңбекті мадақтау әндерінде шектеулі дыбыс тізбегінен бастап,жоқтау әндерінде(«Күләшқа арнау ән»)кездесетін пентантоникамен бірге доминанта («А,қыздар», «Әнім қалсын»),субдоминанта («Жалғыз қайным», «Қызыл қайнар»),секунда баскышына («Октябрь», «Көкшолақ») ауытқулар қолданылған;

8)Ән әуені 2 әншілік дәстүрді біріктірген:



А) III-II-I басқаштар қозғалысымен бітетін үн-буын принціпінде жүретін речетативті әуен жағынан Жетісу өңірінің ақындық дәстүрінен бастау алатын әндер;

Ә)жоғарғы басқыштан ақындардың әуендік иірімімен басталып,әрбір жолдың және шумақтың соңында созылмалы одағай сөздерге негізделген қысқа қайырмалардың еркін,әшекейлі,өрнектелген ән әуенінің болуы Арқаның әншілік дәстүрімен байланыс табады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет