Мұсаева әлия алтай-қызы көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру принциптерін зерттеу



бет2/15
Дата19.05.2022
өлшемі3.2 Mb.
#457380
түріАвтореферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Көркем жобалау жүйесіндегі костюмнің пішін құру

Жұмыстың өзектілігі. Жүргізілген ғылыми жұмыста костюмнің пішін құруының тарихи бастамасы мен қазіргі таңдағы өндірістік пішін құру үдерісі қарастырылған. Өндірісте өндіріліп жатқан өнімдердің сапасы, қазіргі қоғамның даму саяси және экономикалық этаптарында өте маңызды болып бағаланады. Бұйымдардың жаңа түрлерінің ассортименттері пішін қалыптасу арқасында түрленеді.
Жұмыс барысында тиімді бұйым ассортиментін құрастыру тәсілдерін анықтауға бағытталған. Бұл мәселені шешу мақсатында тауарларының оның ішінде ұлттық дәстүрлі киім бұйымдары мен безендірілуі зерттелінді. Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық экономикасының қалыптасу тұсында қазіргі заманға сай костюм ассортиментінің концепциясын жобалау тәсілдері ұсынылды.
Жұмыстың мақсаты мен зерттеу бағдары. Костюмнің пішін құруы мен композициялық түрленуін зерттей отырып қазіргі заманға сай киімдер үлгілерін жасау. Сол мақсатта, ұлттық киімдер негізінің құрылуы талданып, келесі мәселелерді шешу көзделді:

  • костюмдегі пішін құру үдерісін зерттеу;

  • ішкі мүшелеу сызықтарының пішін құру үдерісінің үрдісін зерттеу;

  • қазақ ұлттық киімдерінің сәндік безендірілуін зерттеу;

  • безендіру элеменеттерін жүйелендіру;

  • ұлттық киімдердің композиция негіздерін зерттеу;

  • ұлттық киімдердің пішін құрылымын зерттеу

  • қазіргі заманға сай костюм үлгілерін жобалау.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы келесіде:

  • костюмді безендіруде симметриялық және асимметриялық заңдылықтары зерттелініп жүйелендірілді;

  • зерттеу нәтижесінде костюмнің ішкі мүшелену сызықтарының көркейтілу матрицасы жасалды;

  • қазақ ұлттық костюмдерінің композициялқ негізіндегі симметрия заңдылықтары зерттелінді;

  • қазақ ұлттық киімдерінің безендірілетін элементтері зерттелініп, топтастырылды;

  • қазақ ұлттық костюм элементтерінің құрылымдық талдануы нәтижесінде үйлесімді композициялық пішіндер аппроксимациясы ұсынылды;

  • копьютерлік бағдарлама негізінде әйелдер костюмінің композициялы-безендірілуінің оңтайлы үлгілерінің табылу әдісі жасалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет