«Мұстафа-тәуелсіздік жаршысы» Қаппар Әйгерім, Әбдіқаева Гүлайхан Нұрышқызы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы



Дата25.02.2016
өлшемі79.57 Kb.
#23395
«Мұстафа-тәуелсіздік жаршысы»

Қаппар Әйгерім, Әбдіқаева Гүлайхан Нұрышқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

151 негізгі мектеп

Қазақ халқы өзінің өткен өмір жолдарында талай-талай тар жол тайғақ кешу кезеңдерін басынан өткерген.Атап айтқанда 18-19 ғасырдағы Сырым Датұлы ,Исатай Маханбет,Кенесары-Наурызбай және басқа да өжет ұлдар бастаған ұлт азаттық қозғалыстары халқымызға жеңіс әкелмеді.Әйтседе,тұтас халықтың еркін ел болуға деген ізгі ниеті мен талпынысын тұншықтыра алмады.Бұны дәлелдейтін ғылым да көптеген дәлелдер жетерлік.Сол себептен жұмысымыздың құндылығы да осында.Жұмыстың мақсаты:елім деп еңіреп өткен бабаларымыздың өнегесін үлгі етіп отырып бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру және тәуелсіз Қазақстанға деген патриоттық сезімін дамыту болып табылады.Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:Егер,өмірі жұмбаққа толы,бүгінгі ұрпақ біле бермейтін қалтарысы мен құпиясы көп,ұлт-азаттық күес тарихындағы аса көрнекті тұлға-Мұстафа Шоқай туралы ескерткіштермен құнды деректерді іріктеп,тарихи шындыққа лайық тәлімдік мүмкіндіктерін анықтай отырып,әдістемелік ұсыныстар жасалса,онда мектеп қабырғасында-ақ рухани құндылықтарды бағалай білетін,ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады. Мұстафаның өз әкесі Шоқай-Торғай датқаның ең үлкен ұлы 1836 жылы дүниеге келген.1916 жылы сексен жасында дүние салған

Мұстафа 1890 жылы 7 қаңтарда қазіргі қызылорда облысы,Сырдария ауданы, «Бірінші мамыр»(қазіргі Мұстафа Шоқай атында)кеңшарының Әулие тораңғыл (Наршоқы деп те аталады)деген жерінде дүниеге келген.Мұстафа жастайынан өзін қоршаған дүние сырын меңгеруге деген құштарлығы мен,естіген әңгімелерін есінде сақтау қабілетімен ерекшеленген.Оқуға зерек жасы алты жасында әкесінің інісі Әліш салдырған бастауыш білім беретін діни мектептің табалдырығын аттайды.Алты жасар Мұстафа төрт жылдық мектепті екі жылда үздік бітірген. Ол шәкірттерінің ішінде ең бірінші болып құранға шыққан.Оның зеректігін білген молданың айтуымен Шоқай атамыз баласына тіл көзден сақтасын деп үкі таққан бөрік кигізген көрінеді.Ауылдағы бастауыш білім беретін діни мектепті үздік бітірген Мұстафаның оқуын одан әрі жалғастыруына Әліштің көп көмегі тиген.Гимназиядағы патша шенеуніктері Мұстафаны оның орыс тілін білмейтіндігін сылтауратып,оқуға қабылдаудан бас тартады.

Оған бала көнбейді,өлсе де қайтпайтынын биыл түспесе ,ендігі жылы түсетінін айтып,жылап-еңіреп отырып алады. «Үмітсіз шайтан»демекші алған бетінен қайтпайтын қайсар Мұстафа оқуға алынбағанына мойымайды қайта жігерін жани түседі.Ташкент қаласында қалып,орысша үйренгісі келетінін айтады.Заман ағымының бірте-бірте өзгеріп,билік басындағы орыс тілін білмейтіндердің ығыстырылып, орыс тілін білетіндердің наны жүре бастағанын аңғартады.Әліш «інім»орыс тілін білсе,тілмаш болса да қалам ұшымен нанын тауып жер»еген оймен Ташкенде қалып,оқытушы жалдап Мұстафаға бір қыс бойы орыс тілінен дәріс алғызады.Зерек жас бірнеше айда басқа тілді де бір кісідей үйреніп алады.Келер жылы гимназияға барады.Тағы да жолы болмайды.Гимназия басшылары оқушылар жасақталып қойды оқу басталып кетті деп қара аспанды жаудырып маңайлатпай қойды.Бұл күндері есіл- дерті оқу боп жүрген Мұстафа күнде таңертең шыттай киініп,гимназияға барып оның ашық тұрған терезесінің түбінде тұрып дәріс тыңдап тұрады.Бір күні бір мұғалім терезенің алдында тұрған Мұстафаны шақырып алып,сынап көрейін деп бір-екі сауал қойса,қара бала орысша сайрай жөнеледі.Мұғалім аң-таң.Бала өткен сабақтардың бәрін жақсы меңгерген. Содан сол кісінің көмегімен оқуға қабылданды.

Өкінішке орй жас желектей өсіп келе жатқан,келешекте халқының қамын ойлайтын үлкен саясаткер болар қазақтың қара баласына әкелік жанашырлық танытып,оны оқуға алдыртуға себепші болған ол бір ізгілікті орыс зиялысының есімі біз үшін жұмбақ.Гимназияда дәріс алып жүріп,шығыс тілдерін үйренуге,шығыстың тарихи мен мәдениетін білуге құмартады.Түрік,парсы тілдерін жете меңгеруге шындап ден қоя бастайды.

«Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі»дейді.Осы сойқаннан кеңестер үкіметінің Ленинмен,Сталаинның өзі нұқып тұрып көрсеткен бірінші жауы Мұстафа Шоқайдың інісі аман қалып, сол қоғамға қызмет сіңіріп, бүгінгі күнді қазақтың тәуелсіздігін,Мұстафаның ағасының асқақ арманының орындалғанын,Мұстафа Шоқайдың ұлықталғанын көреді деп ойлау ол кезде мүмкін емес еді.

Солардың бірі бүгінде көзі тірі Әбдікәрім Аманқұлов.Ол- «Дүниежүзі мұсылмандарының көсемі» деген атқа ие болған,қаншама мыңдаған мұсылмандарды шет жерде жүрсе де ,ажал қырғынынан аман қалған Мұстафа Шоқайұлының немере інісі.

Қазақ халқының өткен тарихына зер салсақ,оның бұрмаланбаған беттері емде-кем.Сондықтан болар,кей тарихи шындықты қиялдан ажыратып алу қиынға соғады.Кім батыр,кім сатқын.Кім халық үшін қам жеді кім жеке басының пайдасын ойлады?Кім өз өмірін елі үшін қиды?Кім тарихи жолда шын қателесті,кім қасақана халқының қамын төкті? Ия,бұл сауалдарға жауап беру де оңай емес.Әділдігі сол,тарихта із қалдырған белгілі қайраткерлердің қызметтерін,тіршіліктерін,іс-әрекеттерін олардың өмір сүрген уақытына,заманына,сол кездегі тарихи кезеңдерге сай бағалау қажет.Уақытты өзгертуге қақымыз жоқ,оны таңдауға болмайды.

Мұстафа Шоқай еріксіз туған жерін тастап,шет елге кетті.Бірақ ол әдепкі таңдаған өмірлік жолынан бас тартқан жоқ.Шетелде өткен жиырма жылдан астам ғұмырында туған елінің азаттығы үшін күресті.

Оның айғағы –Батыс елдерінде бастырып шығарған кітаптары мен журналдары,саяси қоғамдық,публицистикалық мақалалары.Бұл еңбектерінде ол Кеңес үкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы отаршыл саясатын үздіксіз әшкерелеп,оған әділ бағасын беріп отырды.

1991 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан соң Қазақстанның тәуелсіздік символына айналды.Елінің тәуелсіздігі мен теңдігі,бостандығы мен бақыты үшін бас тіккен бүкіл ғұмыры айтыс-тартыс пен өткен түрік мұсылмандарынан шыққан ірі тұлға-Мұстафа Шоқайұлы тумысынан аярлықтың арам жолын түскен қара көкірек арсыз алаяқтың қолынан ажал тапты,көп түріктің көсемі 52 жасқа қараған шағында көз жұмды.Бастаған ісін аяқтай алмай кеткен Мұстафадай данышпанның беймізгіл шақта дүниеден өтуі бүкіл түрік тектес мұсылман қауымын көсемінен айрылып, қан жұтқан болашақ түріктерінің азаткерлеріне осы бір жұмбақ өлім төбелерінен жай түскендей әсер етті. Мұстафаның ажалы немістердің жалдамалысы болып жүрген Каюмнен болған.Оны осетин жігіті Кантемир айтқан.Кантемир Мұстафаның тұтқындар лагерін аралау кезінде бірге жүреді.Мұстафа сүзек ауруын жұқтырады.Емханада жатып емделген оның жанында көмекші, әрі досы, осетин жігіті Кантемир болды.Бір күні ол Мұстафадан 1-2 сағатқа сұранып кетеді.Сол сәтті пайдаланған Вали Каюм су сұаған Мұстафаға у қосылған суды береді.Жұмыстарыма барып келсем-Мұстафаның дене қызуы көтеріліп жатыр екен. «Не болды Мұстафа, бірдеңе ішіп пе едің?» деп сұрадым.

Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін өз елімізде тұрып, Мұстафа Шоқайдың атын атаудан да қорқатын болсақ, қазір Мұстафаның атымен мақтанатын болдық. Бұл әрине еліміздің өз алдына егеменді, ешкімге тәуелсіз ел болып құрылуына байланысты болды.

Мұстафаның кіршіксіз тазалығы, үлкен парасаттылық пен адамгершіліктің иесі екенін отанына деген аалдығы мен сүйіспеншілігін, тынымсыз күрескерлігін және оның елімізге ешқандай жау емес тігін жұбайы Марияның Мұстафа жөніндегі жазған естелігі болды десек қателеспейміз.

Бір күні облысқа профессор Көшім Есмағанбетов келіп,мені іздеп жатыр екен кездестік.Ол кісіні Мұстафаның туған жері Наршоқыға алып бардық.қайтып келе жатып,ол кісі «Базеке осындай әлем таныған тұлғаға туған жеріне бір белгінің қойылмағаны ұят екен» егенде,ұялғаннан жерге кіріп кете жаздадым.

Інім Бақтияр Әбдраманов камаз автомашинасына 4 СП-ны салып, тиеп түсіретін автокранын алып барып, Әліш мешіт-медресесінің ортаңғы бөлмесінің орнына 4 СП-ны орнықты етіп, бірінің үстіне бірін қойып төбесіне «Наршоқы бүкіл Түркістан мемлекеттерінің тәуелсіздік күескер көсемі Мұстафа Шоқай туылған жер» деген тесті жаздырып алып барған мрамор тасты ағамыз Тәжімов Жұмабек пен Қалдыбек Айтбаев үшеуміз жұмысшылар мен бірге жақсылап орнатқан едік.

Мұраларды зерттеушілерің ішінде кенеттен жарқ етіп көзге түскен профессор Көшім Есмағанбетовтың «Әлем таныған тұлға»Мұстафатануды онан әрі тереңдете түссе, сол жазбалар 14-15 томдық кітап болып даяр екенін, қаржыға байланысты шықпай тұрғанын айтты.

Мұстафа Шоқайдың ескерткіші Францияға қойылды.

27 қазан күні Гиме музейіндегі «Қазақстан тарихы»туралы көрме болды.Көрмеге «Сазген»ансамблі, «Хабар» телеарнасынан Қымбат Досжан операторлары мен ақын Юнесконың өкілі О.Сүлейменов, екі елдің мәдениет министрлері қатысты. Көрмеге келген адам көп болды.Өйткені француз халқы мәдени мұраларға өте жақсы көңіл бөліп, бағалайды екен.

28 қазан күні сағат 10-да Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.Онан кейін ескерткіштің лентасы қиылып, жамылғысы ашылды.Гүлдер қойылды.

Мұстафаның туған жері, кіндігінің қаны тамған жері-Наршоқыдан алып барған бір уыс топырақ ескерткіш түбіне себіліп, алып барған үш түп ағаш (жиде,терек,тораңғыл) отырғызылды.Ескерткіш ашуды Мұрсалнәби қолға алып, мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамедке, қала мэрінің оынбасары Мадам Томеге, Франция ұлттық Ассамблеясының депутаты Тьер Марини мырзаға ,облыс әкімінің орынбасаы Мұрат Мұхамедовқа «Француз –қазақ қауымдастығының »төрағасы Яшар Дініштер болды.Осы кезде көңілге «Әттең-ай деп бүкіл түркі халықтарының тәуелсіздігі үшін күресіп өткен арамызға сонау Европаның төрінде ескерткіш қойылып жатқанда,

Мұстафа Шоқай аңсаған тәуелсіз ел болып рахатын 20 жылдай көріп жатсақ та, Астанамыз Астанада әлі күнге дейін бір ескерткіш қойылмауы көңілді құлазытып тұрды».

Осы сапардағы біздердің бір ұлағатты тындырған ісіміз ол Щель қаласындағы Мұстафаның жұбайы Мария Яковлевна Горина-Шокаеваның бейітіне барып, зиярат етіп қана қою емес, бейітті тағы да 50 жылға ұзартқанымыз болды.50 жылан кейін ол жер тегістеліп, басқа адам жерленетін көрінеді.Мария Яковлевна өмірінің соңында Провославиялықтардың «Қарттар пенсионына»тұрып, көзінің тірісінде 1965 жылы бейіттен жерді 50 жылға сатып алып, мраморға аты жөнін, туған жылын жаздырып қойған екен де, өзі 1969 жылы қайтыс болыпты.Өлгеннен кейін өлген жылын әлі ешкім жазбапты.Сатып алған бейіттің жері 2015 жылы бітуі тиіс екен.Оны Мұрат Мұхамедовтың бастамасы мен біздер тағы да 50 жылға қаржысын төлеп, 2065 жылға дейін ұзартып, перзенттік парызымыздың бір парасын орындағандай болдық.Қаланы аралап келе жатып Моцарт көшесіне тоқтап, Мұстафа Шоқайдың алғашқы тұрған үйінің орнына алып барды.Ол жерде Мұстафа екі жылдай тұрыпты.Мария анамыз айтқандай «ақшадан тарыққанда тамақ жасап сататын»жері осы жер екен.Міне, осылайша 23 күн болып Ножан қаласында Мұстафа Шоқайға ескерткіш орнатып, Щель қаласында Мария анамыздың бейітін тағы да 50 жылға ұзартып, түрік мешітінде ол кісілерге ас беріліп құран бағыштасақ, Франциядағы бүкіл түрік мешіттерінде жұма намазы Мұстафа бабамыздың аруағына арнайы оқылды.Олардың бұрынғы тұрған Моцарт көшесіндегі тұрған үйінің жанына ескерткіш тақта орнату да келешектің жұмысы деп, барған сапарымызды қорытындыладық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ермек Тұрсынов. Мұстафа Шоқай «Балалар әдебиеті».

2.Әмірхан Бәкірұлы «Франц операциясы» Тұмар 2010 жыл.

3.Сарбұлақ Ибрашев Мұстафа Шоқай.Тасбөгет 2009 жыл.

4.Ғаламтор сайттары мен баспа сөз құралдары.

5.Байбота Серікбайұлы Қошым-Ноғай .

6.Мұстафа Шоқай «Түркістандағы қилы тағдыры»



Тіркеу формасы

  1. Тегі, аты-жөні: Қаппар Әйгерім, Әбдіқаева Гүлайхан Нұрышқызы

  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ

  3. Ғылыми жетекшінің аты-жөні: жоқ

  4. Ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі: жоқ

  5. Ұйым (ЖОО, мектептің аты, мекен – жайы): №151 негізгі мектеп

  6. Автордың мекен-жайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылқайың ауылы, Достық көшесі номерсіз индекс 120700

  7. Телефон: 8-724 59 3 27 30

  8. Е-mail: mektep_151_07@mail.ru

  9. Мақала тақырыбы: «Мұстафа-тәуелсіздік жаршысы»

  10. Секция: №1 тарих

  11. Керекті техникалық құралдар: мультимедиялық проектор

  12. Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі: жоқ

Мен

Секция мәжілісінде баяндамамен сөз сөйлеуді қалаймыз

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет