«Халықтар достығы- ынтымақта» Мақсаты



Дата17.07.2016
өлшемі65.1 Kb.
#205175
«Халықтар достығы- ынтымақта»

Мақсаты: Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің бірлігін, достығын оқушылардың бойына сіңіру. Оқушыларды мемлекетіміздің достығын,бейбітшілік қарым-қатынасы мен тегін,тарихын білуге тәрбиелеу. Отанды сүюге, достыққа, ұлтжандылыққа, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

1-жүргізуші:Армысыздар ұлағатты ұстаздар, оқушылар және құрметті көрермендер! Жүзімізге шуақ,бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың , ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

2 –жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

(Гимн орындалады)



1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті 1995жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрды. Ассамблеяның құрамына 33 ұлттың өкілдері саналатын 320 адам енді. Ассамблеяның бастауымен Қазақстанда 621-ге жуық этно-мәдени ұйымдар, оның ішінде республикалық «Қазақ тілі» , «Русская община» мәдени орталығы, «Стоки» мәдени-ағарту қоғамы, республикалық татар мәдени орталығы, Қазақстан немістерінің кеңесі ,өзбек, қырғыз ,украин, армян, грек, поляк, чех, венгр,күрт, қытай мәдени орталықтары жұмыс істеуде. Қазақ және орыс тілді БҰҚ қоспағанда 11тілде газет-журналдар шығарылып, 8 тілде радиобағдарламалар мен 7 тілде телебағдарламалар жұмыс істейді.

2 –жүргізуші: Бүгінгі таңда елімізде сабақтар түгелдей өзбек, тәжік ,ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар,108 мектепте 22 этностың ұлттық тілдері таңдау пәні ретінде оқытылады. Сонымен қатар , 195 арнайы мамандандырылған лингвистикалық орталықтарда 30 этностың тілін оқып -үйренуге жағдай жасалған. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда Отанымызда кәріс , неміс, өзбек, ұйғыр театрлары жұмыс істейді.Осының бәрі ынтымақпен бірліктің белгісі емес пе!

Ендеше бірлігі жарасқан ұлт өкілдерінің орындауындағы «Елім менің» хорын қабыл алыңыздар.



1-жүргізуші : Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен кішкентай бүлдіршіндерімізді қарсы алыңыздар!



1–жүргізуші:Ел президенті Н.Ә.Назарбаев 2009 жылы 26 қазанда болып өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы 15- сессиясында сөйлеген сөзінде «Ассамблея –еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастықпен тұрақтылықтың құтты шанырағы.Ол еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына , татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды»,-деп атап көрсетті.

2–жүргізуші:Мына бір аңызға тоқталайық «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

1-жүргізуші: Осы секілді біздің елімізге бауыр басып мекен еткен жеріне деген махаббаты арқылы өз туған жеріне деген сағынышын жыр арқылы жеткізгелі отырған татар ұлт өкілін шақырамыз.

2-жүргізуші: Құрметті көрермендер сіздердің алдарыңызда «Алтын бесік» әнімен Қарасаева Айғаным

2–жүргізуші:Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні

1-жүргізуші: Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!»-деп сыбырлаған
Жаным менің,Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол да оның шырылдаған. Сахнаға Кәріс ұлт өкілін өз биімен шақырамыз.

2-жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

1-жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай-дей отырып Араб биімен араб ұлт өкілін ортаға шақырамыз

1-жүргізуші:
Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

2-жүргізуші:Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз. Сыған халқының ұлт өкілін өз өнерімен қарсы алыңыздар .

1-жүргізуші: «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Әр алуан тірлікпен

Әлемде жатыр мыңдап ел.

Айнымас достық, бірліктің

Аймағын көрсең, мұнда кел!...

Теңсіздік терең көмілді,

Шаттықтан шалқып өнді үнім,

Баршасы мұнда көңілді

Ақ, қара, сары өңдінің...

1-жүргізуші:

Артықша таза моральды

Ақ, қара жігі, қыз қандай!

Махаббат қайта жаралды,

Жүректен жүрек қызғанбай.

Күндерден ортақ сыбаға,

Күресте дайым біргеміз.

Арада жол жоқ сынаға,

Мәрмәрдай тұтас іргеміз.

Өлкемде өлмес тірі аңыз

Қалады жаздан, қыстан да.

Жұрағат жұрттар тұрамыз

Осындай Қазақстанда...

Украин ұлт өкілінің барша Қазақстандықтарға арнаған тілегіне кезек берейік.



2-жүргізуші: Әбілғазин Әуезбек пен Жанғожин Азаматты «Қазақтың қара баласы» әнімен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілім сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.

2-жүргізуші: Діні басқа, тілі басқа, тілегі бір» бір шаңырақ астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы – ырысы, байлығы – берекесі болып, татулығы жарасқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады.

Құрметті көрермендер ортаға өз тілегімен Неміс ұлт өкілін шақырамыз.



1-жүргізуші: Орыс-қазақ достығының Шежіресі жыр-дастан. Ұлт достығы – ұлы достық Ғасырларға жалғасқан.

2-жүргізуші: Көк айдынды қос аққудай Әсем әнмен тербеткен, Шөліркеген кең далаға Қанатымен су сепкен.

1-жүргізуші: Бұл достықтың сыры терең, Бұл – халықтар тілегі. Домбыраның қос ішегіндей Бірге соққан жүрегі. Сахнаға Орыс халқының ұлт өкілін өз биімен шақырамыз.

1-жүргізуші:"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

1-жүргізуші:Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!

Өзбек ұлт өкілін қарсы алыңыздар.



2-жүргізуші: Кезекті жақсы әнге берейік.

2-жүргізуші:
Әйнегі күн,шатыры аспан,
Кең дала,төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан-Республикам менің!

1-жүргізуші:
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!

Сахнаға Түрік ұлт өкілін шақырамыз.



1-жүргізуші: Ынтымағы жарасқан берек күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

2-жүргізуші:
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады . Әзірбайжан халқының ұлт өкілін қарсы алыңыздар .

2-жүргізуші: Құрметті көрермендер алдарыңызда «Көк тудың желбірегені» әнімен Жалғасов Ақниет пен Қазиев Нұрбақыт
2-жүргізуші:

Тұратын сан алуан ұлттан,ұлыстан,

Аман болсын даудан, алыс-жұлыстан.

«Ырыс түбі-ынтымақ» деп жарасып,



Қазақстан болсын жайнап Гүлстан.
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар кешімізді елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы 15- сессиясында сөйлеген сөзімен қорытындыламақпын.«Береке басы-бірлік» , -дейді қазақ. Ал, береке- бірлігі жарасқан елдің туы биік, болашағы жарқын болатынын тарихтын өзі дәлелдеп отыр. Біз дүниежүзі бір-бірімен етене араласып,біте қайнасқан кезенде өмір сүрудеміз» Құрметті колледж студенттері Сіздер де тәуелсіз Қазақстанның азаматтары ретінде татулық пен бірлікті ту етіп ұстап елімізді өркендетуге өз үлестеріңізді қосатындарыңызға бір шек келтірмейміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет