Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Е. Жүсіповтың 2013 жылғы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі



Дата23.02.2016
өлшемі33.61 Kb.
#4735
Құмтоғай ауылдық округінің әкімі Е.Жүсіповтың

2013 жылғы атқарған жұмыстары туралы

тұрғындар алдындағы есебі
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттіҢ жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын басшылыққа ала отырып, ауылдық округтің алға қойған жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Округке қарасты 3 елді мекен бар. Халық саны-1144. Құмтоғайда - 640, Қарасайда – 223, Қарақұдықта – 281, Аула саны – 180. Жалпы жұмыспен қамтылған адам саны-420.

Жыл басынан бері азаматтардың өтініш- шағымдарын тіркеуде бірқатар жұмыстар жүргізілді. 41 өтініш тіркеліп қаралды. 2 өтініш түсіндіріліп, 39 өтініш қанағаттандырылды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша ветеринариялық анықтама алуға өтініш білдіргендер 115 барлығы қанағаттандырылды.

Округте 1- орта, 2- негізгі мектеп, 1- балабақша, 2 - шағын орталық, 2- кітапхана, 2- клуб, 1-дәрігерлік амбулатория, 2- ФАП, 2- пошта және телетаратқыш, электр таратқыш, телефон байланысы мекемелері халыққа тұрақты қызмет көрсетеді. Сонымен бірге Қарақұдық негізгі мектебінің жанында интернат жұмыс жасайды.

Ауылшаруашылығы саласында 19- шаруа қожалығы, 1- ЖШС-тік жұмыс жасайды. 2013 жылғы ауылшаруашылығы құрылымдары асыл тұқымды ірі-қара малын өсіру мақсатында жеке өз қаражаттарына 17- бас қазақтың ақ бас тұқымды бұқасын сатып алды. Сонымен бірге Қарасай ауылының тұрғындарының қоғамдық тобына 2- бас асыл тұқымды бұқа қосылды. Қазір осы ауыл шаруашылық құрылымдары ірі қара малдарын асылдандыруға бұқа сатып алғаны үшін, мемлекет есебінен қаржылай қолдау алды.

«Құлтума», «Берекет» шаруа қожалықтары МТЗ-80 тракторын лизинке сатып алды. «Қияқты» шаруа қожалықтары МТЗ-80 тракторын лизинке алуға құжаттарын тапсырды, алдағы уақытта алады.

Мал азығы сапалы дайындалып уақытында тасылды. Қысқы мал қыстатуға барлық құрылымдар және жеке тұрғындар дайын. 01.01.2014 жылға округ бойынша ірі қара - 4145 бас, қой - 23071 бас, жылқы – 2320 бас, түйе - 12 бас қалып отыр. Орындалған ет-1525,6 тонна, жүн- 66,2 тонна, сүт -1490 тонна, жұмыртқа 112,510 дана.

Жеке халыққа 1 тоннасы 15000 теңгеден 80 тонна көмір, 40 тонна жем тасылып берілді. Әліде қажеттілікке қарай әкелінеді.



Шағын кәсіпкерлік бойынша Кәсіпкерлік субьектілері саны- 31, заңды тұлға – 2, шаруа қожалығы -19, жеке кәсіпкерлер -10, жыл ішінде такси қызметі үшін 2 кәсіпкер тіркелді. Тұрмыстық қызмет көрсету бойынша монша, дүкендер халыққа қызмет көрсетеді.

2

Салық базасы бойынша барлық округтегі ауыл шаруашылық құрылымдары жеке кәсіпкерлер уақытында салық төлеп отырады. Көлік мүлік, жер салықтарынан жылдық жоспар орындалды.



Кедейшілікті азайту Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасылар жоқ. 2013 жылы 8 отбасы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 27 балаға төлендеді. Ұлы Отан соғысымен теңестірілген және тылда ауыр еңбек еткендер үшін 8 адамға жеңілдіктер көрсетіледі.

Жұмыссыздықпен күрес бойынша жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 52 адам өтініш берген, 3 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 14 адам уақытша орналастырылды. 28 жаңа жұмыс ашылып, 27 адам орналастырылды. Әлеуметтік жұмысқа 4 адам жіберілді. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы арқылы қайта дайындау бойынша 1 адам шаштараз мамандығын бітіріп келді. Жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы бағдарламасына және «Бизнестің жол картасы -202» бағдарламасы бойынша 2014 жылға 1 монша, 1 дәріхана ашуға жұмыстар жүреді, қазірден бастап құжаттарын әзірлеп жатырмыз. Халықтың арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.



«Көркейе бер, туған жер» акциясына да жұмыстар қарқынды жүргізілді 650,000 мың теңгеге заттар алынды. Акцияға мекеме қызметкерлері мен шаруа қожалықтары белсене араласты.

Қаржы көрсеткіштері бойынша ауылдық округке бөлінген қаржылар уақытында игерілді. Ит атуға, тазалық, көркейту, абаттандыру банер жасау, тал сатып алуға, жол тазалау тағы басқа жұмыстарға 399,000 теңге жұмсалып игерілді. Өңірді дамытуға 899850 теңге жұмсалып, Құмтоғай ауылына көше жарықтандыру жұмысы жүргізілді.

Білім денсаулық мәдениет әлеуметтік салалары бойынша округтегі аталған мекеме тұрақты жұмыс жасайды. Биылғы жылы елді мекендерге 4 жас маман білім саласы бойынша келіп, жұмыстарын жасауда, бір жолғы көтерме жәрдем ақыларын алды. Мектепке жол акциясына 200 мың теңге көп балалы отбасыларының балаларына оқу құралдар киім кешектер алынып берілді. Дәрігерлік амбулаторияға жаңа автокөлік алынды. Дәрі- дәрмектер бар. Биылғы жылы Құмтоғай ауылынан жаңа дәріхана ашылады.

Ауыл су мәселесі де шешімін табады биылғы жылы Құмтоғай ауылына телефон байланысы жаңартылып қойылды. Қазір барлық елді мекен түгел қамтылды және қыстақтарғада қойылды. Әлі де болса атқарылатын жұмыстар көп, атап айтсақ жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздықты азайту әлеуметтік нысандарды жөндеу. Елді мекендерді абаттандыру сияқты өзекті мәселелер көп. Осы мақсатта сіздермен бірге жұмыс жасаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет