Мультимедиалық технологиялар



бет1/3
Дата02.01.2022
өлшемі18.18 Kb.
#452855
түріПрограмма
  1   2   3
Баяндама Мультимед


Мультимедиалық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.

Адамның қоршаған ортаны танып білуі үшін заманауи медиа кешенді құрал қызметін атқарады. Қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар білім беру үрдісін жекелеуге және күшейтуге көмектеседі. Электронды медиа материалды жақсырақ түсінуге, меңгеруге, есте сақтауға мүмкіндік береді. Тәрбиелік мәні зор, оқушылардың танымын кеңейтуге көмектеседі. Оқу-тәрбие үрдісінде электронды медианы қолданудың психо-педагогикалық ерекшеліктері білім беру жүйесін қайта құру үшін өте маңызды. Бұл ерекшеліктерді түсіну және ескеру қазіргі заманның мұғаліміне өз қызметін ақпараттық әлемде болып жатқан соңғы өзгерістерге сай құруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер өз жұмысында туындаған әртүрлі мәселелерді шешу үрдісін дұрыс әрі нақты ұйымдастыра алатын болады. Жеке кәсіби біліктілігін арттыру үшін де медианың мүмкіндіктерін пайдалана алатын болады.

Мультимедиа – визуалды ақпаратты қалыптастырудың жаңа технологиялық әдісі ғана емес, дидактика позициясымен білімді көрнекі жолдармен берудің жаңа формасы. Білім беруге арналған мультимедианың келесі функционалды құрамдас бөліктері бар:

1. Иллюстративті-ақпараттық (оқылатын тақырып туралы ақпаратты иллюстрация көмегімен беру).



2. Когнитивті (визуализация оқылатын объектіні модельдеуге мүмкіндік береді, болған өзгерістерді бақылап отыруға болады).

3. Эмоционалды-оқиғалық (дәл осы уақыттағы көрсету (демонстрация) оқушының экранда болып жатқан оқиғаны басқаруына, оны ары қарай тереңірек зерттеуіне ықпал етеді).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет