Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет56/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73
multi-293 x970856161

Бағалайтын объект бойынша:

  • іс-әрекеті (күрделілігі, тиімділігі, сапасы, оған қарым- қатынасы және басқалары);

  • мақсатқа жету, нәтиженінің саны мен сапасы, жеке бастың қосқан үлесі және бөлім мен ұйымньщ жалпы нәтижесіне қосқан үлесі;

  • жұмыскерде жеке басына тән қасиеттің болуы (білім, дағды, мінез), белгілі бір функцияларды меңгеру дәрежесі.

  1. Мәліметтеріне қарай бағаланатын көздер:

  • іс қағаздары (өмірбаяны, түйіндемесі, мінездемесі, тек- серуге пайданылатын шығарма), оны талдай келе пер- соналды бағалауға мүмкіншілік туады;

  • кадрлармен әңгімелесудің нәтижесі;

  • жалпы және арнайы дайындалған тесттердің нәтижесі;

  • пікірталасқа қатысудың нәтижесі;

  • өндірістік тапсырманың орындалуы жайлы есеп беру немесе қиын жағдайларда көрсеткен мінезі;

  1. Белгілі бір көзден алынған мәліметтер арқылы бағалау рәсімдерін жүзеге асыру тәсілі.

  2. Ең жақсы немесе нашар көрсеткіштерді бағалау және таңдауға сәйкес қолданатын критерийлер бойынша.

  3. Субъектілер бойынша (өзіндік баға беруші үміткер не- месе жұмыскер; оның әріптестері, жетекшілері, қол астындағы- лары, арнайы комиссия мүшелері).

  4. Контингентті қамту дәрежесі бойынша. Мұнда оның ең басты бағасын — адамдар тобына немесе жеке адамға қатысты бүтіндей және жекелей бағасын анықтайды.

  5. Мерзімі бойынша. Адамды тек белгілі күнтізбелік мерзімде ғана бағалап қоймай, оның ұйымда, бөлімде жұмыс істеген уақыты бойынша да бағалауға болады.

Тиімді бағалаудың негізгі тұжырымдамасы болып жұмысты жақсартуға бағытталғандық; мұқият дайындық; құпиялық; жұмыстың нәтижесін (немесе сынақтардың), болашаққа деген жоспарларды жан-жақты киянат жасамай талқылау; мақтау мен сынауды дұрыс пайдалана білу; критерийлердің сенімділігі мен ерекшілігі, сенімді әдістерін қолдану саналады.
Бағалау әдістері ұйымның құрылымына, персоналдың іс-әрекет сипатына, бағалау алдында тұрған мақсаттарға сәйкес болуы керек және олар қарапайым, сандық көрсеткіштердің пайдалануын (орташа 5-6) қарастыруы тиіс, жазбаша жэне ауызша тапсырмалар үйлесімді болуы керек.
Көрсеткіштерге оның толықтығы, алдыңғы мерзімдегімен және басқа да жетістіктер сәйкестігі сияқты талаптар қойылады.
Бағалау әдістері дәстүрлік және дәстүрлік емес болып бөлінеді. Біріншісі жеке жұмыскерді ұйымнан бөлек қылып көрсетеді де жетекшінің немесе айналасындағылардың субъективті ойына негізделеді. Бүгінде қызметкерлерді топ ішіндегі өзара әрекет етуде, яғни нақты істің имитациясы нәижесінде олар өздерін және өз қабілеттіліктерін толығымен көрсете алатындай жағдайға негізделген дәстүрлік емес әдістер кеңінен енгізіліп жатьгр. Бұл жағдайда бүтіндей топтың жетекшілері ескеріледі, сонымен қатар субъектінің жаңа тәжірибелерді меңгеруі мен дамыту дәрежесі ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет