Аттестация түрлері. Жұмыскерлерді аттестациялау оның себебіне байланысты кезекті, сынақ мерзімінің аяқталуына байланысты, кызметі бойынша өсуде, басқа бөлімшеге ауысуға байланысты түрліше болады.
Кезекті аттестация жыл сайын жүргізіледі және барлық жұмыскерлер үшін міндетті. Аттестациялау негізі - істелінген жұмыс пен негізгі іс~әрекеттердің нәтижелерінің түсіндірмесі.
Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейінгі аттестация нәтижелері бойынша құжатталған қортындыны алу мақсатын және сонымен қатар аттестацияланушының әрі қарай қызметте пайдаланатын дәлелденген ұсыныстарын көздейді.
Қызмет бабында жоғарылату үшін аттестациялау жаңа ұсынылып отырған кызметтің және жаңа міндеттің талаптарын ескере отырып жүргізіледі, сонымен қатар жұмыскер жоғары қызметті алу үшін оның кәсіби деңгейі мен әлеуеттті мүмкіндіктері анықталады.
Жұмысқа қайта қабылданған жұмыскерлерді аттестациялау алғашқыда алты айдан соң, содан кейін жыл сайын жүргізіліп отырылады.
Аттестацияны жүргізу тәртібі
Әрекет етудің тізбегі мен аттестация жүргізудің негізгі жайттары:
1. Аттестацияны жүргізуге кадрлар қызметінің жетекшісі ұйымдастыратын дайындық жұмыстары, орындалуға тиіс. Оларға:
лауазымды санаттары бойынша бағалаудың критерийлері мен көрсеткіпттері жасалады;
жұмыскердің іс-әрекетін бағалаудың баяндама-қағазының қажетті саны дайындалады;
аттестацияланушыларды бағалау-баяндамасы қағазын толтыру жөнінде нұсқаумен таныстырады;
аттестация жүргізу кестесін бекітеді;
аттестацияланушыларға кажетті деректерді дайындайды;
қызметкерлерге аттестациялауды жүргізетін бөлімшелерге ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді.
Бөлімшелердегі аттестациялауды ұйымдастыру олардың жетекшілеріне жүктеледі.
Акционерлік қоғамының жетекшілерін аттестациялауды ұйымдастыру оның басқармасына жүктеледі.
Аттестацияға түсетін әрбір адамға кадрлар бөлімі қажетті құжаттарды дайындайды: жұмыскердің іс-әрекетінің бағалау- баяндамасы туралы қағазды, оны толтырудың нұсқауы және аттестацияланушының қызметіне койылатын талаптарды.
Аттестацияның негізгі құжаты жұмыскер аттестациясы жөнінде барлық мәліметтерге енгізілген оның іс-әрекетінің баян- дама бағасы болып табылады.
Аттестацияға түскен жетекші (маман) өз бетінше бағалау- баяндама қағазының керекті бөлімін толтырады, аттестацияланушы мерзімдегі істелген негізгі жұмыстарды баяндайды: біліктілікті жоғарылату, алдыңғы аттестациядағы ұсыныстар мен ескерту- лердің орындалу дәрежесі және т.б.
Жұмыскердің іс-әрекетін бағалау тікелей жетекшінің, қатысуымен аттестация мерзімінде істелген жұмыстарды баяндау, біліктілігін жоғарылату туралы құжаттарды және алдыңғы аттестациядағы ұсыныстар мен ескертулердің орындалу дәрежесі жайлы құжаттарды баяндау негізінде орындалады.
Кадрлар бөлімімен дайындалған жұмыскерлерді аттеста- циялау жөніндегі аттестацияланушының да және оның тікелей жетекшісінің де жоғаргы басшылар қарайды. Ұсынылған құжаттарды ол тікелей жетекшілермен, ал кажет болған жағдайда аттестацияланушының өзімен де бірге отырып талқылайды.
Жоғарғы басшы әділ қағидаларды сақтауға және бағалаушы көрсеткіштерді пайдаланғанда бірізді болуға жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |