-
- Ұлы жазушы
- 1897 жылы 27-қыркүйекте бүгінде
- әлемге танымал Шыңғыстау өңірінде Омархан
- деген кісінің отбасында дүниеге келген. Атасы Әуез
- немересін өз бауырына басып, тәрбиелейді. Мұсылманша,
- түрікше оқуы бар, айналасына қадірлі Әуез – Құнанбай ауылымен
- жазы-қысы көші-қоны бір, Абаймен көңілдері жақын, жақсы
- сыйласқан адамдар болған. Мұхтар арабша хатты атасының үйретуімен
- Абай өлеңдерінің қолжазба көшірмесін әліппе ғып оқып таниды.
- Мұхтардың оқу-білім жолындағы алғашқы сапары 11 жасынан басталды.
- Немере ағасы Қасымбектің жөн сілтеуімен 1908-1913 жылдары Семейдегі
- орыс гимназиясында оқып, одан кейін осы қаладағы мұғалімдер даярлайтын
- төрт жылдық семинарияны бітіріп шығады. 1917 жылы тұңғыш баспа бетін
- көрген туындысы –«Адамдық негізі - әйел» мақаласы. Қаламгердің
- алғашқы көркем туындысы да осы әйел теңдігі, жастардың сүйіспеншілік
- бастандығына арналды. Өзі туып-өскен өңірде болған қайғылы
- оқиға негізінде жиырма жасар драмашы «Еңлік - Кебек»
- трагедиясын жазып, оны Әйгерімнің киіз үйіне қояды.
- Бұл қазақ топырағында бұрын болмаған жаңалық еді.
- 1926 жылы құрылған қазақ драма театры өзінің
- шымылдығын осы пьессамен
- ашады.
-
- Мұхтар Әуезов –
- 1945 жылы ашылған Қазақ КСР Ғылым
- академиясының тұңғыш толық мүшелерінің бірі.
- Ол Ғылым академиясы мен Жазушылар Одағында үлкен істерге
- ұйытқы бола жүре, өмірінің ақырына дейін
- Қазақ Мемлекеттік Университетінде алдымен әдебиет тарихынан,
- одан кейін негізін өзі салған «Абайтану» курсынан дәріс оқыды.
Достарыңызбен бөлісу: |