Музыкалық білім және тәрбие берудің мектептен және кластан тыс формалары
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері
Сыныптан тыс жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарын үлкен екі салаға бөлуге болады.
1.Оқушылармен жаппай өткзілетін музыкалық тәрбие.
Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар.
Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық трбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпеседе, олардың музыканы білуге деген ықыласы болукерек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, корнавалдар, конкурстар, байқаларды өткізу кіреді.
Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім беру мен шектелетін білікті маман ғана емес музыкалық тағлымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерде, концерттерде, түрлі үйірмелерді ұйымдастырушы.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала танымдық, тағылымдық мәні зор лекцмя-концерттер ұйымдастыру.
Лекция-концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен жеке аспапта оындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай ақ музыка сабағынан алған мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері осы бағыттағы өткізілетін лекция-концерттерге мектептегі өнер сүйгіш балалардың жиі тартып қатыстару музыка құдіретін жастай ұғынукға бала жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл жерде лектор шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды. Қандай тақырып болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте дәмді де тартымды жеткізе білу-лектордан өте білімділікті, тапқырлықты талап етеді. міне сондықтанда болашақ музыка мұғалімінің иниститут қабырғасында жүрген кезден ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.
Лекция-концерттің құрылысы, мазмұны, өткізу формасы тыңдаушыларға олардың дайындық деңгейіне білім беретін мектептерді алатын болсақ онда ол тікелей балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болуы тиіс. Әдетте бірнеше сыныптың оқушыларын біріктіріп өткізуге болады. Әрине тақырыпқа орай тыңдаушылар жас ерекшеліктеріне қарап шақырылады: Мысалы: 1-2 сыныптар, 5-6 сыныптар, 10-11 сыныптар т.б.
Лекция-концерт жүргізуші өздерінің жүргізетін тақырыптарын жақсы біліп қана қоймай сахынада өзін -өзі ұстау шеберлігіне дұрыс сөйлей білуге жаттығуы тиіс. Лекция-концерттерді өткзуге әртүрлі мазмұнда тақырыптарды алуға болады. Ол тақырыптар оқушыларға немесе жалпы тыңдаушыларға түсінікті болу керек. Одан өзге әр аспаптың шығу тарихы өзіне тән ерекшелігі, белгілі бір музыкалық жанрдың дамуы, музыкалық бейнелеу және мәнерлеу мүмкіндігі, музыка тілі т.б. тақырыптарды алуға болады.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың спецификасы: үйірмелер (хор, оркестр, ансамбльдер), жаппай көпшілік (массовой) формалары, мерекелер, мәдени тынығу.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеті оқушылардың көпшілік мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру. Қазіргі таңда оқушыларға отандық және дүниежүзілік мәдениеттің үлгілері арқылы эстетикалық тәрбие берудің маңызы ерекше. Эстетика мен музыка тәрбиесінің ортақ мәселелері, адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелейді. Көңіл көтеру кештерін дұрыс ұйымдастыру-оқушыларды тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы, соның бір саласы музыкалық театр ұйымдастыру. Ол үшін балаларды музыкалық спектакльдердің теориясымен практикасымен таныстыру, режиссура негіздерін игерту қажет. Ал мектепте халық аспаптар оркестр жұмысын ұйымдастыру кезеңінде қойылатын басты талап репертуар таңдау.
Репертуар бүгінгі өмір деңгейіне сай терең мазмұнда, көркемдік педагогикалық талапты қанағаттандырарлықтай дәрежеде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне, аспапта ойнау мүмкіндіктеріне сәйкес болуға тиіс. Демек, жетекші оркестрде ойналатын әрбір репертуарға творчестволық тұрғыдан келіп оның идеялық эстетикалық мәнін көркемдік ерекшелігін дұрыс ашып таныта білгенде ғана оқушылардың музыканы терең сезініп, дұрыс түсіне білу қабілетін ескергені жөн.
Музыка сабағының үстінде, одан тыс мезгілде үйренген әндерді, музыкаларды сабақтан тыс уақытта тақырыптық кеш, мейрам өткізу балаларды өте қызықтырып, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Жылдың әрбір маусымында байланысты көктем, жаз, күз, қыс, жан – жануарлар, құстар туралы, «Бақытты балалық шақ», «Оқушылар әнін жырлаймыз», «Халқымыздың тілін», «Ата — ананы» атты тақырыпта музыкалық кештер, мейрамдар өткізіп, ол кеште басқа сыныптың, мектептің оқушыларын шақыратын болса, ол жұмыстың тәрбиелі мәні зор болмақ. Мұндай музыкалық мейремдарды әр тоқсан сайын, бірнеше сыныптың оқушысы немесе оқушыларын біріктіріп өткізіп тұруға болады.
Музыкалы мейрамдар мен кештерге қатысушы оқушының музыкалық қабілетін одан әрі дамытуға, әлем туралы білімін тереңдетіп, биік мәдениетке тәрбиелейді. Баланы ұйымдасқан түрде концертке, театрға, түрлі мәдени мекемелерге, музейлерге апару олардың өмірге деген көзқарастарын кеңейтіп, өнерге деген құмарлығын арттырады. Одан басқа оқушымен еңбек, әншілерді кездестіруге немесе олар туралы әңгіме, баяндамаларды әрдайым ұйымдастырып тұрудың мәні зор.
Сыныптан тыс мезгілде оқушымен тәлім – тәрбие жүргізуде баспадан шыққан оқу – тәрбиелік маңызы бар әдебиеттердің, көмекші құралдардың өте аз екеніне тоқтала кетіп С.Безкоровайный мен А.Жұмабаевтардың «Мектепте өткізілетін тарихи — әдеби кештер» атты кітапшасының таптырмайтын көмекші құрал екенінен айтамыз.
«Мектептердің міндеті – мектеп оқушыларының сыныптан тыс уақытын жай ғана өткізумен ғана емес, қайта әрбір бос сағатын өзінің жеке басы үшін, сондай –ақ қоғам үшін пайдалы болатындай етіп өткізуге үйрету болып табылады. Соңғы жылдары сыныптан тыс жұмыстар айтарлықтай жақсарып келеді. Көптеген мектептерде өлкеге арнаулы музейлер, әртүрлі залдар мен бөлмелер құрылды. Әрбір оқушы мұндай өлкетану музейлеріне өлкелердің, облыстардың, қалалық пен селолардың тарихы жөніндегі қызықты да бағалы материалдарды жинайды. Бұл мектептерден оқушыларға арналған сыныптан тыс жұмыстардың қалай жүргізілуін үйренуге болады. Жас ұрпақтың музыкалық тәрбиесін қазақтың халықтық педагогикасын пайдалану арқылы жаңа деңгейге көтерудің бір тиімді жолы – факультативті курстардың қызметін жандандыру. Оның мүмкіндіктерінің мол екені баршаға мәлім.
Сыныптан тыс мезгілде оқушымен тәлім–тәрбие жүргізуде баспадан шыққан оқу – тәрбиелік маңызы бар әдебиеттердің, көмекші құралдардың өте аз екеніне тоқтала кетіп С.Безкоровайный мен А.Жұмабаевтардың «Мектепте өткізілетін тарихи — әдеби кештер» атты кітапшасының таптырмайтын көмекші құрал екенінен айтамыз.
«Мектептердің міндеті – мектеп оқушыларының сыныптан тыс уақытын жай ғана өткізумен ғана емес, қайта әрбір бос сағатын өзінің жеке басы үшін, сондай –ақ қоғам үшін пайдалы болатындай етіп өткізуге үйрету болып табылады. Соңғы жылдары сыныптан тыс жұмыстар айтарлықтай жақсарып келеді. Көптеген мектептерде өлкеге арнаулы музейлер, әртүрлі залдар мен бөлмелер құрылды. Әрбір оқушы мұндай өлкетану музейлеріне өлкелердің, облыстардың, қалалық пен селолардың тарихы жөніндегі қызықты да бағалы материалдарды жинайды. Бұл мектептерден оқушыларға арналған сыныптан тыс жұмыстардың қалай жүргізілуін үйренуге болады. сөйткенмен де бұл жөніндегі мектептердегі ұййымдастыру жұмыстары тым жеткіліксіз.
Бүгінгі оқушы–ертеңгі біздің болашағымыз. Қазақстанның келешегі– жастардың еншісінде. «Еліміздің 2030-шы жылдың барысқа айналдыратын күші бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар», — деп Елбасымыз тегіннен –тегін айтқан жоқ.
Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі – оқушылармен жүйелі түрде сыныптан тыс тәрбие жұмысын жүргізу. Бұл жұмыстарды пән мұғалімдері, ата – аналар жүргізеді. Сыныптан тыс жүгізілетін музыкалық жұмыстардың оқушылардың өз қалауымен, олардың белгілі бір өнер түріне бейімділігін ескере отырып ұйымдастырады. Осы мақсатта алуан түрлі үйірмелер, қоғамдар, студиялар құрылуда. Олардың ішіндегі музыкалық тәрбие беруде әсіресе көркемөнерпаздар үйірмелері (хор ұжымдары, ансамбльдер, би, драма, фольклаорлық оркестрлер, жеке ән айту т.б.) ерекше орын алады.
Факультативтік жұмыстың негізгі мақсаты–мектеп оқушылысының бойында қайсібір оқу пәніне қалыптасқан қызығушылығын тереңдете түсу. Осыған байланысты ғылымның немесе өнердің белгілі бір саласындағы танымға саналы қажеттілік пайда болатын оқушылардың белгілі бір бөлігінде сапалы қажеттілік туады. өзінің мазмұны жағынан, факультативтік жұмыс оқушылардың балалар мен жеткіншектерге тән мүдделері бойынша үйірмелер, студиялар және тағы басқа секілді қызмет түрлерін дамытады. Көптеген жоғары сынып оқушылары факультативтердегі өзінің сабақтарын одан әрі білім алу, кәсіпке ие болу, өз қабілеттерін жетілдіру үмітімен және жоспарларымен байланыстырып жатады. Мұндай факультативтік курстарды әсіресе, қазақ ұлттық өнер саласынан, мысалы, айтыс, әншілік, шешендік, жыр – терме және тағы басқа өнерлерге ұйцымдастырған жөн.
Бұл мәселені шешу үшін біріншіден, педагогикалық талаптарды ескере отырып тұжырымды бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар жасау қажет. Мұның өзі оқушылардың, ұлттық — өнердің таңдау үлгілерін терең әрі мазмұнды меңгеріп, музыкалық білімдерін қалыпчтастыруға жәрдемдеседі.
Екіншіден, оқу материалдарына зәру болып жүрген мұғалімдерге бұл мәселені дұрыс жүзеге асыруда көмектесіп, бағыт – бағдар береді.
Үшіншіден, өнердің белгілі бір саласына жасалған мұндай дидактикалық кешен, ұлттық – мәдени дәстүруді тез меңгеруге септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |