На заседании Научно-методического совета КарГУ им. Е.А. Букетова (протокол №1 от 27.08.2012 г.) рекомендованы к изданию следующие учебно-методические материалы:
Шаекина Ж.М., Қойтанова Ә.Ж. Туризм маркетингі: Оқулық. — Алматы, 2012. — 190 бет.
Маркетинг — бұл жаңа кәсіпкерлік философия, яғни іскерлік қарым-қатынастың әлеуметтік этикалық және моральдық нормалары, тұтынушылар мен жалпы қоғамның мүдделері негіз болып отырған өндірістің қоғамдық даму мен қазіргі заманғы қоғамға көзқарастар жүйесі.
Оқулық туризм саласында маркетингтің теориялық жағдайларын кешенді және белгілі тәртіппен қарастырады, практикалық кәсіпкерлік қызметте маркетингтің қазіргі заманғы қағидаларын қолдану үшін іргелі білім береді.
Еңбек «Туризм» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған.
На заседании Научно-методического совета КарГУ им. Е.А. Букетова (протокол №2 от 21.09.2012 г.) рекомендованы к изданию следующие учебно-методические материалы:
Шляпов Р.М. Технология обогащения минерального сырья. Учеб. пос. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2012. - 134 с.
Учебное пособие написано на должном научно-методическом уровне, посвящёно углубленному изучению теоретических основ технологии обогатительных процессов. Его целью является расширение знаний студентов в области теории и практики обогащения минерального сырья, рассмотрение особенностей подготовки, первичной обработки и переработки сырья в промышленном масштабе. Особое внимание уделено вопросам взаимодействия минералов с собирателями, магнитной сепарации, обогащению бокситов. Предназначено для студентов, магистрантов и докторантов PhD химических, химико-технологических специальностей.
Жетписбаева Б.А., Акыбаева Г.С., Михайлова Н.Б.: Педагогический менеджмент: Учебное пособие. – Караганды: Изд-во КарГУ, 2012.
В учебном пособии рассматриваются вопросы педагогического менеджмента, менеджмента в образовании. Анализируются основные закономерности, принципы, функции и технологические процедуры педагогического менеджмента, психологические основы кадровой политики и делового общения.
Предназначено для студентов высших учебных заведений, преподавателей и магистрантов.
Akybayeva G.S., Mizam M. Tourism Managment Textbook – Karagandy, 2012.
This work explores the contemporary aspect of tourism management. Textbook tourism, management, marketing, Innovative Management, discussing personal management in complex form, is considered in the following areas: the basic concept of tourism and the level of leadership, especially as a target in the management of tourism, rules and function of tourism management, personal resource management in the travel agency, , content and feature in tourism management, manage of tourism marketing, communication policy of tourism , Innovative travel management, effectiveness of economic and social managent tourism.
State and private firms and for manager of companies, managers and businessmen, for teachers and for students of university , and for manager of firm.
Акыбаева Г.С., Мизам М. «Туризм менеджменті», электрондық оқулық, 18 Мб.
Электрондық оқулықта туризм саласының теориялық және тәжірибелік ерекшеліктері мен қағидалары келесі бағыттар аясында талқыланып мазмұны ашылған:
-
туризмнің негізгі ұғымдары мен басқару дәрежелері;
-
туризмнің басқару нысаны ретіндегі ерекшеліктері;
-
туризм менеджментінің функциялары мен қағидалары;
-
турфирмалардағы адам ресурстарының басқару ерекшеліктері;
-
туризмдегі басқару еңбегінің мазмұны мен ерекшеліктері;
-
туризмдегі маркетингті басқару;
-
туризмдегі коммуникациялық саясат;
-
туристік қызметтегі инновациялық менеджмент;
-
туризм менеджментінің экономикалық тиімділігі;
-
туризм менеджментінің әлеуметтік тиімділігі.
Усенова Д.М. Гостиничное хозяйство. Учебное пособие. Караганда: Изд-во КарГУ, 2012. - 375 с.
В учебном пособии рассмотрены теоретико-методологические основы гостиничного хозяйства. В логической последовательности рассматриваются важнейшие аспекты организации гостиничного хозяйства, особенности функционирования гостиничных предприятий в структуре туристского обслуживания. В учебном пособии приводится практический материал по развитию гостиничной индустрии в Республике Казахстан.
Предназначается для студентов специальностей «Туризм», «Социально-культурный сервис».
Абдрахманов О.А., Абдрахманова А.О. «Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы», толықтырылған екінші басылым, оқу-әдістемеліқ құралы. – Қарағанды, 2012.
Кітапта төменгі сатыдағы өсімдіктердің құрылысы, көбеюі, таралуы, экологиялық жағдайы, сондай-ақ шаруашылық саласында пайдалануы және олардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы жан-жақты баяндалады.
Оқу - әдістемелік құралы практикалық сабақтар, оны дайындау, жұмыстың барысы, күнделікті, аралық тексеру сұрақтары мен тарау бойынша тест сұрақтары берілген.
Оқу әдістемелік құралы жоғарғы оқу орындарында оқитын биология факультет-терінің студенттеріне, оқушыларға және мектеп мұғалімдеріне арналған. Сонымен қатар ботаника пәнін оқитын ауылшаруа-шылық, малдәргерлік, биология-медициналық мамандықтарға да қолдануға болады.
Смағұлов Ж.Қ. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы», оқулық. – Қарағанды, 2012. – 375 б.
Оқулықтың негізгі мақсаты - ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің алғашқы ояну, өсіп-өркендеу, кемелдену процесін зерделеу арқылы қазақ әдебиеттану ғылымының туу және қалыптасу кезеңдерін анықтау, яғни бастан өткерген тарихи жолын бүгінгі таңдағы жаңаша көзқараста зерттеу. Оны егеменді ел болуымызға байланысты ұлттық мүддеге тамыр тартып отырған талап-тілектерге сай соны әдіснамалық ізденістерді, әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тарихи тұрғыдан таразылау және пайымдау. Ол үшін оқу құралында мынандай негізгі және көкейкесті мәселелер төңірегінде ой қозғалды:
ХХ ғасыр басындағы әдеби мұраны игерудегі алғашқы ізденістер мен ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің басты бағыттарын анықтау, яғни:
- әдеби мұраны игеруден басталған ұлттық сыншылдық-эстетикалық, әдеби-теориялық, әдеби-тарихи ой-пікірдің бағыт-бағдарын анықтау;
- Ғасыр басындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің әдебиет тарихы мен теориясының мәселелеріне байланысты туындаған алғашқы ізденістерін нақтылау;
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуіріндегі, яғни 1900 -1940 жылдар аралығындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдегі басты бағыттар, ізденіс жолындағы табыстарына мен іркілістеріне тән сипаттарын саралау; көркем әдебиетті зерттеудегі ізденістер мен іркілістер, оқулықтар мен қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау проблемасын айқындау, яғни:
- ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің осы кезеңдегі жетістіктері мен кемшіліктерін ғылыми тұрғыда таразылау;
- қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау мен дәуірге болу мәселесі жолындағы ізденістер мен іркілістерді саралау;
- әдебиет теориясы бағытындағы ұлттық таным-біліктің негізгі сипаттарын айқындау;
- ұлттық ғылыми зерттеушілік ой-пікірде орын алған қате теориялар мен көзқарастардың сыр-сипатын ашу, кері ықпалын әдіснамалық тұрғыда ашу;
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу кезеңіндегі, яғни 1940-55 жылдар аралығындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдегі даму мен дағдарысты, 1956-70 жылдардағы қол жеткізе алған табыстар мен кеңестік идеология әсерінен туындаған олқылықтарды саралау, яғни:
- қазақ әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу жолындағы маркстік-лениндік әдіснаманың әсерін тарихи шындыққа сай жаңаша бағалау, жетістігі мен кемшілігін сараптау;
- ұлттық мүддеге сай мақсатты жазылғандықтан ғылыми айналыстан шығарылып тасталған зерттеулердің әдебиеттану ғылымын қалыптастыру жолындағы мән-маңызына баға беру.
Бұл еңбек - қазақ әдебиеттану ғылымының ХХ ғасырдағы туу және қалыптасу тарихын жан-жақты зерттеуге арналған алғашқы қадамдардың бірі. Нақты айтар болсақ, ғылыми тұрғыда зерттеу нысанасына алынуы өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының еншісіне тап келеді. Сол себептен де болар, оның тарихи қалыптасу жолы түрлі кезеңдерге бөлініп, әр дәуірінің өзіндік басты кескін-келбеті, ізденістері мен іркілістері, жетістіктері мен кемшіліктері біртұтас жүйеде сараланған жоқ. Республикамыздағы ЖОО-дарында баклавариатта «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы», ал магистратура мен философия докторын (PhD) дайындайтын докторантураларда «Әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері» және «Салыстырмалы әдебиеттану», «Қазіргі қазақ әдебиеттануындағы жаңа бағыттар» аталатын пәндер оқытыла бастады.
Оқулықта ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің қоғамдық өзгерістерге сай өркендеу ерекшеліктерін ескере отырып, әдебиет туралы ұлттық ғылымның туу, қалыптасу кезеңін айқындауда дәуірге бөлген өз жобамызды ұсындық. Онда кезінде еуропацентристік көзқарасқа сүйенген маркстік-лениндік әдіснама мүмкіндік бермеген, оны арқау еткен ұлттық нигилистер жоққа шығарумен келген қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі бағыттарын ескере отырып жүйелеуді негізге алдық. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымының тарихи алғы шарттардан тұратын дәуірлерінің басты ерекшеліктері туралы ғылыми білімдер жиынтығын топтастыру арқылы беру басты мақсат ретінде ұсталды. Ал ұлттық әдебиет туралы жеке ғылым ретінде туу кезеңі - 1900-1940 жылдар, қалыптасу дәуірі - 1941-1970 жылдар аралығында өтті деген жүйені дәлелдеуге ұмтылғанда, осы уақыт кезеңіне жататын барлық ғылыми ізденістерді қамту ойластырылды.
Бұдан бұрынғы жарық көрген монографиялық зерттеулерімізде көне дәуірден бері жалғасқан әдеби мұраны игерудегі ізденістер ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушы-ойшылдарының және басқа да ұлт зиялыларының фольклортану, әдебиет тарихы мен теориясы салаларындағы зерттеу еңбектерінде қандай дәрежеге дейін өсіп ұлттық ғылымның тууына негіз болғаны ғылыми сараланғаны белгілі. Солардан жалғастық тапқан ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдегі орыс әдебиеттану ғылымындағы мифологиялық, филологиялық, тарихи-мәдени мектептеріне тән теориялар мен әдістердің айқын көрініс таба бастауы салыстырмалық тұрғыда қарастырылып, әдеби теориялық ой-пікірдің алғашқы қадамдары тарихи негізде пайымдалды.
ХХ ғасыр басында ғұмырнамалық зерттеулердің көбеюі, ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясының мәселелерінің нақты сөз бола бастауы, библиографиялық бағытта алғашқы қадамдардың жасалуы қазақ әдебиеттану ғылымының туғандығын дәлелдеді. Бұдан соң ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің төңкерістен Ұлы Отан соғысына дейінгі аралықтағы ізденістері мен іркілістері жаңаша көзқараста зерттелді. «Пролеткультшылдық», «тұрпайы социологизм», «бірыңғай ағым» теориясы секілді көзқарастардың зиянды әсері, маркстік-лениндік әдіснаманы игеруге душар болған қиын-қыстаулы жолдары ғылыми мақалалар мен еңбектерді ғылыми сараптау барысында тарихи-салыстырмалы түрде талданды. Ұлттық мүддеге сай өркендеуге ұмтылған ғылыми зерттеушілік ой-пікірдің бұлармен бітіспес күреске түсе отырып, әдебиет туралы ұлттық ғылымды туғызғандығы тұжырымдалды.
Оқулық жоғары оқу орындарының филология, журналистика факультеттерінде фольклористика тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы, әдеби сынынан жалпы курстарды жүргізу барысында олардың зерттелуіне қатысты мәселелерге орай да қажеттілікке жарай алады. Қазіргі таңдағы кредиттік оқыту жүйесіне сай студенттер мен магистранттардың негізінен ғылыми еңбектермен жұмыс жасайтыны назарға алынды. Олардың оқып-біліп қана қоймай, пәнге байланысты білімдер жүйесіндегі меңгергенін зерттеу жұмыстарына да пайдалана алуына бағыттау мақсаты көзделді. Оқулықтың әр тарауы мен бөлімінің соңында берілген сұрақтар, тапсырмалар және пән бойынша тұтастай ұсынылған зерттеу жұмыстары үшін тақырыптар және тесттік бақылау материалдары түбегейлі болып саналмайды. Кез келген оқытушы олардың басты бағыттарын негізге ала отырып, өз қалауынша басқа нұсқасын жасауға толық құқылы.
Ермағанбетов Қ.Т. «Электртехника және электроника негіздері», оқулық, 1-бөлім, – Қарағанды, 2012. - 381б.
Ұсынылып отырған оқу құралында электртехника ілімінің негізінде жататын электр- статикалық өріс; тұрақты тоқтың пайда болуы, жалпы зарядтардың белгілі бір бағытта тасымалдануы үшін қажетті шарттар; тұрақты және айнымалы тоқтың электр тізбектерін зерттеу, есептеу әдістері; синустар заңдылығымен өзгеретін тоқтардың электр тізбегін есептеу әдістері; синустар заңдылығымен өзгеретін тоқтардың электр тізбектерінде жүретін резонанс құбылыстары; үш фазалы электр тізбектерінің ерекшеліктері; сызықты электр тізбегіндегі өтпелі үдерістерді зерттеу әдістері; бейсызық электр тізбектерін есептеу әдістері; электрмагнетизм үдерістері; трансформаторлардың, айнымалы және тұрақты тоқ электр мәшинелерінің жұмыс ұстанымдары баяндалған. Белгілі бір тақырып- тан кейін қорытындылар, өзін-өзі тексеруге мүмкіндік беретін бақылау сұрақтары, тақыр- ыптарға сәйкесті есептерді шығару үлгілері берілген.
Рүстембеков К.Т., Дүйсекеева А.Т. «Жалпы және бейорганикалық химия практикумы», толықтырылған екінші басылым. – Қарағанды, 2012. - 277б.
Оқу құралының бұрынғы басылымнан (алғашқы басылым «Анорганикалық химия практикумы» атауымен 1994 ж. шыққан) айырмашылығы оқытудың несиелік жүйесіне көшуіне сәйкес:
біріншіден, «Жалпы химия» және «Бейорганикалық химия» бөлімдеріндегі әр тараудың соңындағы «Бақылау сұрақтары мен есептер» өңделіп және толықтырылып «Лабораториялық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар» түрінде берілді;
екіншіден, әр тараудың соңында алғашқы рет студенттерге «Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары» ұсынылды;
үшіншіден, «Жалпы химия» бөлімінде келесі жаңа тәжірибе жұмыстары енгізілді.
Химиялық реакциялардың жылдамдығы 5-тарауында:
- калий иодидімен сынап (ІІ) хлоридінің әрекеттесуі;
- бәсекелес тотығу-тотықсыздану реакциялары: «жасыл-қызыл-сары бағдаршам».
Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік 6-тарауында:
- реакцияның қайтымсыздығы;
- мыс (ІІ) сульфатының қайтымды дегидратциясы және гидратациясы.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары 8-тарауында:
- мыс және темірдің химиялық белсенділігін салыстыру.
Ерітінділер 9-тарауында:
- титрлеу арқылы қышқылдар және сілтілер ерітіндісінің концентрациясын анықтау;
- ерітіндідегі заттардың берілген массалық үлесі бойынша ерітінділерді даярлау;
- нақты мольдік концентрациялы ерітінділерді даярлау;
- тұз ерітінділерінің массалық үлесі және тығыздығы (20°С-да) кестесі;
- тұз гидролизінің дәрежесіне ерітінді концентрациясының әсері;
- гидролиз тепе-теңдігінің жылжуы.
төртіншіден, «Бейорганикалық химия» бөлімінде келесі жаңа тәжірибе жұмыстары енгізілді.
Галогендер 1-тарауында:
-
қызыл фосфордың бромда жануы;
-
иодтың хлормен әрекеттесуі;
-
тұз қышқылын және хлор сутекті алу;
-
сутек галогенидтерінің тотықсыздандырғыштық қасиеттерін салыстыру;
-
ағартқыш ізбестің қасиеттері тақырыпшасына:
а) кобальт (ІІ) хлориді қатысуымен хлорлы әктің ыдырауы;
б) хлорлы әктің күкірт қышқылымен әрекеттесуі;
- қанттың Бертолле тұзымен тотығуы;
- натрий оксохлорат (І) (гипохлоритін) алу;
- калий окслохлорат (V) алу.
Сутек. Өттек. Сутек пероксиді 2-тарауында:
- күркіреуік газдың консерві банкісіндегі жарылысы.
Көміртек 5-тарауында:
- көмірқышқыл газбен шырағдандарды сөндіру.
Бұл оқытушыға бір тәжірибені екінші тәжірибемен ауыстыруға, сонымен бірге олардың санын зертханалық жұмысқа бөлінген уақытпен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Екінші және үшінші бөлімдердегі қайсыбір тәжірибелер нақтыланып, жаңадан жазылды.
Практикум жалпы және бейорганикалық химия курстарының жаңа типтік бағдарламаларына сәйкес құрастырылып, ҚарМУ-де жалпы химия, бейорганикалық химия және элементтер химиясы бойынша зертханалық сабақтар жүргізгенде, студенттердің білім алуында, еп-дағдыларды игеру барысында сенімді көмекші екенін көрсетті.
Практикумда жалпы және бейорганикалық химияның маңызды бөлімдері тегіс қамтылып, элементтер және олардың қосылыстарының негізгі қасиеттерін зерттеу Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және атом құрылысы тұрғысынан қарастырылады. Бейорганикалық химия курсын терең де толық түсініп, пайымдау үшін екінші — жалпы химия бөлімінде зертханалық жұмыстарға қысқаша теориялық кіріспе берілді. Студенттер, жұмысты орындауға кіріспес бұрын, оқулықтың сәйкес бөлімін оқуға, лекциялық материалдарды пысықтауға, жұмысты орындау жолдарын ойластыруға, қажетті химиялық ыдыс, реактивтерді іріктеуге және қондырғыны жинауға тиіс.
Әр тараудың соңында берілген «Лабораториялық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар» мен «Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмаларын» орындау студентке материалды терең меңгеруіне мүмкіндік береді.
Оқу құралына қосымша ретінде қосылыстардың физикалық тұрақтылары, ерігіштік кестелері, комплексті иондардың тұрақтылық және кейбір заттардың термодинамикалық константалары, сулы ерітінділеріндегі стандарттық электродтық потенциалдары, қышқылдар мен негіздердің иондану константасы, элементтердің иондану энергиялары, электрон тартқыштығы, электртерістігі бойынша керекті анықтамалық материалдар мен жалпы және бейорганикалық химия бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.
Еңбекті жазғанда орыс және қазақ тілдеріндегі оқу құралдары, сондай-ақ ҚарМУ-де химиядан сабақ берудегі көп жылдық іс-тәжірибеміз пайдаланылды.
Амерханова Ш.К., Беккулина Ф.Ж. Химиялық сандық анализ: Зертханалық жұмыстарға және оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды, ҚарМУ баспасы, 2012.- 58 б.
Әдістемелік нұсқауларда жиі қолданылатын фармацевтикалық препараттардың сапалық және сандық анализі, химиялық және физика-химиялық қасиеттерін зерттеу әдістемелері келтірілген.
«Химиялық сандық анализ» пәні бойынша зертханалық жұмыстарға және оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар химия факультетінің «5В074800- Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығында оқитын студенттеріне арналған.
Рамашова Г.Н., Шайхызада Ж.Г., Жунусова А.К., Шалдыбаева Д.Д. Тілдік емес мамандықтарға арналған шетел тілінен СОӨЖ мен СӨЖ ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқаулар. – Қарағанды, 2012 – 48 бет.
Берілген әдістемелік нұсқауда «Шетел тілі» сабағынан СОӨЖ мен СӨЖ ұйымдастыру мен өткізу түрлері ұсынылған. Берілген материал студенттердің шығармашылық және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. «Шетел тілі» пәнінен сабақ беретін және СОӨЖ мен СӨЖ мәселесін зерттейтін магистранттар мен оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Рамашова Г.Н., Шайхызада Ж.Г., Жунусова А.К., Шалдыбаева Д.Д.Методические указания по организации СРСП и СРС по дисциплине иностранный язык для неязыковых специальностей. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2012. – 48 с.
В данном методическом указании представлены формы организации и проведения занятий по СРСП и СРС по дисциплине «Иностранный язык». Представленный материал способствует совершенствованию навыков творческой и исследовательской деятельности. Методические указания предназначены для магистрантов и преподавателей неязыковых специальностей высших учебных заведений, преподающих дисциплину «Иностранный язык» и изучающих проблему организации занятий по СРСП и СРС.
На заседании Научно-методического совета КарГУ им. Е.А. Букетова (протокол №3 от 09.11.2012 г.) рекомендованы к изданию следующие учебно-методические материалы:
Дүйсембаев А.А. Кәсіпкерлік негіздері: Электрондық оқу құралы. – Қарағанды: 2012. - 401б.
Оқу құралында кәсіпкерліктің теориялық негізі, жіктелінуі және де атқаратын функциялары зерттеуге алынып, Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму жағдайы, кәсіпкерліктегі бәсекегеқабілеттілік пен инновациялық негіздемелер қарастырылған. Сонымен қатар, қызмет көрсету саласы мен туристік нарықтағы кәсіпкерліктің ерекшеліктері, шағын кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу тетіктері және де кәсіпкерлік мәдениет пен этиканың мазмұны нақты мысалдармен, тәжірибелік негіздермен толықтырыла отырып, зерттелінген.
Экономика мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге және де кәсіпкерлік саласындағы қызметкерлер мен мамандарға арналған.
Дүйсембаев А.А., Аменова С.С. Шағын және орта бизнестегі басқару: электрондық оқу құралы. – Қарағанды: 2012. - 401б.
Осы электрондық оқулық құралы – мемлекеттік тілде шағын бизнес даму шарттары мен маңыздылығын жан-жақты қарастырып, ондағы басқару әдістері мен ұйымдастырудың өзгешелігін және де өндірісті, сатып алуды, қызметкерлерді, инновация мен қаржыны басқару ерекшеліктерін айқындайды.
Электрондық оқулық құралындағы әр тақырып өзіндік жұмыс үшін қосымша сұрақтар мен тесттер арқылы толықтырылады.
Бұл оқулық құралы жоғарғы оқу орындары студенттері мен оқытушыларына және орта маманданған оқу мекемелеріне, сонымен қатар шағын бизнеспен айналысушы тұлғаларға қолдануға ұсынылады.
Тлеубердинова А.Т., Дүйсембаев А.А. Баға және бағақалыптастыру: электрондық оқу құралы. Қарағанды: 2012. -146 б.
Экономика мамандықтарының студенттері үшін арналады. Оқу құралында бағақалыптастырудың теориялық негіздерінің сұрақтары, баға түсінігі, оның функциялары, құрылымы мен алуан түрлілігі, фирманың баға саясатының қалыптасу ерекшеліктері, бағақалыптастырудың әдістері мен стратегиялары қарастырылған. Сонымен қатар фирманың баға саясатына, Қазақстан Республикасында және шет елдердегі бағаны мемлекеттік реттеуге қатысты сипаттама берілген.
Оқу құралы экономикалық оқу орындарының жоғарғы және орта мамандақтары бойынша студеттеріне, кәсіпорындар жетекшілері мен бизнесмендерге ұсынылады.
Жумасултанова Г.А., Кошербаев Д.Б. Саяси модернизация. Оқулық. - Қарағанды, 2012. - 114 бет.
Бұл оқулықта модернизация үрдістерінің теориялық және әдіснамалық аспектілері, әлемдік даму контекстіндегі саяси модернизация мәселелері мен Қазақстан Республикасындағы саяси модернизацияның ерекшеліктері қарастырылған. Оның ішінде саяси модернизацияның қазіргі замандық мазмұны мен негізгі факторлары көрсетіліп, демократизация үрдісі саяси модернизацияның контекстінде айқындалады.
Ұсынылып отырған оқулықтың мазмұны ҚР МЖМБС 03.08.306-2006ж. бекітілген және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті дайындаған типтік бағдарламасының негізінде құрылып, «Саясаттану» мамандығының 3 курс студентттеріне арналған.
Сонымен қатар, саяси модернизация «Саясаттану» пәнінің өзекті мәселесі болғандықтан, осы пәнді оқитын барлық жоғарғы оқу орындарының студеттері кең қолдана алады.
Н.Ш.Ахметова, Л.С.Заркенова, Н.Н.Омарова Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі / Оқулық. - Қарағанды, 2012. – 218 бет.
Ұсынылып отырған «Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқыту әдістемесі» атты оқулығында арнайы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың мақсат-міндеттері, мазмұны мен әдісі, сонымен қоса аталмыш оқу пәнінің негізгі тақырыптарын оқыту әдістемесі қарастырылады. Ақыл-ойы кем оқушыларды оқытуда қолданатын құралдар мен оқыту әдістері олардың психологиялық дамуы мен потенциалды мүмкіндіктерін ескере отырып қарастырылады.
Оқулық «Дефектология» мамандығы бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға және оқытушылар мен арнайы білім беру саласында қызмет ететін мамандарға және математикаға оқытуда қиындықтары бар балалардың ата-аналарына арналған.
Соколова И.Н., Карманова А.А. Методические рекомендации для СРСП и СРС по дисциплине «Язык для специальных целей (уровень С1)». - Караганды: Изд-во КарГУ, 2012. – 160 c.
Данные методические рекомендации предназначены для студентов 3 курса специальности 5В011900 «Иностранный язык: два иностранных языка», обучающихся по кредитной технологии, и включают в себя методические рекомендации по организации самостоятельной работы студентов под руководством преподавателя, практические задания по всем видам речевой деятельности.
Логопедиялық технологиялар пәнінен практикалық сабақтар жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар/Құраст. Рыхманова А.Р., Жусупбекова З.Д. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012.– 47 бет.
«Логопедиялық технологиялар» курсы тіл кемістіктерін анықтаудың әдістерін, мақсаты мен, міндеттерін, тексеру қағидаларын; әртүрлі типтегі арнайы білім беру мекемелері мен логопункттердегі логопед жұмысының ұйымдастырылуын; топтық және жеке логопедиялық сабақтарда коррекциялық-педагогикалық көмектер беру жолдарын қарастырады.
Әдістемелік нұсқаулар «Дефектология» мамандығы бойынша ҚР МББС (Астана, 2010) негізінде және «Логопедия негіздері» пәнінің типтік бағдарламасы (Алматы, 2007) негізінде даярланды.
На заседании Научно-методического совета КарГУ им. Е.А. Букетова (протокол №4 от 07.12.2012 г.) рекомендованы к изданию следующие учебно-методические материалы:
Практикум по русскому языку для студентов гуманитарных факультетов / Составители Савина Н.Н., Жунусова Н.А. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2012.
Практикум по русскому языку для студентов гуманитарных факультетов составлен в соответствии с государственной программой и является дополнением к учебно-методическому комплексу по данной дисциплине.
Практикум адресуется студентам 1 курса гуманитарных специальностей университета, обучающихся на казахском языке, и охватывает 15 тем программы. Содержание данного практикума определяется коммуникативными потребностями студентов в научно-профессиональной и общественно-политической сферах. Представлены упражнения, составленные на основе языкового материала, отобранного в основном из текстов учебно-научного, научно-популярного, публицистического и художественного стилей. Практикум может быть использован как дополнительный материал по русскому языку для работы в аудиторное и внеаудиторное время.
Достарыңызбен бөлісу: |