karin et red materialy gosudarstvennoi komissii po polnoi re
№ 209 Караганда, 61
бульвар мира, 7, кв. 24
Аса қадірлі Әлеке! 50 Сізге жаңа жыл қарсаңында хат жаза алмай қалдым. Сізден құттықтау алдым.
Көп рақмет, әрі кешірім сұраймын. Декабрьдің басынан бері жатыңқырап қалдым.
Әлі де онша жүгіріп кете қойғаным жоқ. Денсаулығымның бұзылуына көлденеңде
себеп болды. Анау өзіңіз білетін Жәнібек баланы ойда жоқта әскерге алып кетті. Жөні
түзу әскер болса бір сәрі ғой, қайдағы жоқ, қағылған-соғылған бұзақыларға қосып
қара жұмысқа – стройбатқа әкетті. Екі көзі бірдей минус бес еді, өзі аспирантураға
түсуге таяп тұр еді. Алғашқы емтиханын Алматыға барып, беске тапсырып қайтқан
болатын. Сонау Мурманскіге тіпті оның аржағына, екі теңіз жағасына апарып қара
жұмысқа салып қойыпты. Қазір тәулігіне 22 сағат бойы түн көрінеді, әрі сол түннің
де түнгі сменасында жұмыс істетеді дейді. Жер тоң, экскаватордың тісі батпайды,
дәрілеп бұзып, сүймен-қайламен топырақ-тоң жер қопаратын жұмыс көрінеді.
Осыдан ауырдымда қалдым. Мен сияқты қазақылау қазақты жек көретін біреулер
осылай істеді.
Құрметті Әлеке, бір шынымды айтсам – ұрспаңыз. Баяғыда Совет үкіметінің ең
қас-жаулары дейтін Троцкийды бала-шағасымен, аң аулайтын иттерімен, ана алма
бағы ауызға түсіп тұрған Алматыға жер аударды. Ал біздің Ахметті, Мағжанды
Архангельскіге, Мурманға жер аударды. Кеше отыз жетінші жылдары орталық
облыстардың «халық жауларын» Сарыарқаға әкеліп, жазық далада қой бақтырды,
сиыр саудырды, егін салғызды, ал біздей қазақтарды суыққа үсітіп, шыбын-шіркейге
жем қылып Сібірге, Тайгаға айдады. Патша үкіметі өзінің жауларын қазақ даласына
онша қыдырта қойған жоқ еді. Қазір қазақ жерінде әскери арнаулы округтер бар,
ал бұған солдаттардың көбісі басқа жақтан келеді. Ал менің соқыр балаларым, қой
ауызынан шөп алмайтын балаларым ылғи бұзақылардың арасына түсіп, тәулік бойы
қара түн жерге тоң қазуға барады. Қыста жел күндері 15 градуста сыртқа шығаып
болмайтын көрінеді. Мұз мұхитынан соққан жел бет қаратпайды екен.
Ренішім үшін ұрыспаңыз, аз болып туған халық бақытсыз ғой. Баяғыда жанды-
жақын атаның баласы жалғыз-жарым жалқы жігіттерді басына беруші еді, сондаймыз
ба, құдай білсін.
Құрметпен Жайық
22.I.1971
50
Жазушы Ж.Бектұровтың академик Ә.Марғұланға жазған хаты (төте жазуда). Хатты академик
Ә.Марғұланның отбасы архивіндегі жеке қорынан алып, баспаға дайындаған т.ғ.д. Д.А. Махат.